Бұл екi радиацияның (жылудың) айырмашылығы тиiмдi (эффективтi) излучение деп аталынады (Ет).
Ет = Еж – Еа; Тиiмдi излучение (жылу бөлiнуi) жер бетiнiң температурасына, атмосфера ылғалдылығына және бұлттарға байланысты. Неғұрлым температура жоғары болған сайын (Ет) көп болады, ал атмосфера ылғалдылығы және бұлттар мөлшерi артқан сайын (Ет) азаяды.
Жер бетiнен шағылысқан (R) және тиiмдi излучение (Ет) радиациялық баланстың шығын бөлiмiн құрайды.
3. Күн радиациясының спектральды құрамы Күн радиациясы әр түрлi электромагниттiк толқындардан құралады.
Толқындар ұзындығы микрондармен өлшенедi (мк) – 1/1000 мм немесе милимикронмен (ммк) 1/1000 мк. Толқындар бойындағы күн сәулесiнiң таралуын спектр деп атаймыз. Күн спектрi 0,29 дан 4 микронға дейiн болады.
Толқындар ұзындығына байланысты спектр үш бөлiмнен тұрады:
1. Ультрокүлгiн сәулелер (<400 ммк) көзге көрiнбейтiн сәулелер, бiрақ организмнiң биохимиялық процесiне үлкен әсерiн тигiзедi. Спектр дiң бұл бөлiгiне күн энергиясының жалпы мөлшерiнiң 7% жатады;
2. Көзге көрiнетiн толқындар спектрi 380-760 ммк. Күн энергиясының 46% пайызын құрайтын бұлар жарық сәулелерi. Осы сәулелер арқылы жарық пайда болады;
Спектр дiң осы бөлiгiн призма арқылы қарайтын болсақ, онда әр түрлi сәулелерге бөлiнгенiн байқар едiк
қызыл, ұзындығы орташа алғанда 700 ммк;
алқызыл – 620 ммк;
сары – 570 ммк;
көк – 520 ммк;
көкшіл – 470 ммк;
көгiлдiр – 440 ммк;
күлгiн – 410 ммк.
3. Көзге көрiнбейтiн инфроқызыл сәулелер, толқындар ұзындығы 760 ммк жоғары.
Күн радиациясының спектральды құрамы мына жағдайларға байланысты:
а) күннiң биiктiгi мен тұнықтылығына. Неғұрлым атмосфера тұнық болса, солғұрлым тура радиация көп;
ә) бақылау жасайтын жер дiң теңiз деңгейiнен биiктiгi. Биiктеген сайын, әр-бiр 100 метрге ультрокүлгiн сәулелер 3-4% көбейедi.
Жарық – жер бетiне жан-жақтан түсетiн сәулелер. Жарық люкс өлшемiмен өлшенедi. Тура, шашыраған және шағылысқан радиациялар әсерiнен жарық пайда болады.
Жарықты қажет етуiне байланысты өсiмдiктер жарықсүйгiш (қайың, қарағай, жүгерi, мақта) көлеңкесүйгiш (шырша) және ауыспалы болып бөлiнедi.
Жарықсүйгiш өсiмдiктер фотосинтез үрдiсiн жарық көбейген сайын күшейте түседi, ал жарық жетiспеген жағдайда клеткалары созылып өсiмдiк жатып қалады. Көлеңкесүйгiш өсiмдiктер фотосинтез үрдiсiн белгiлi бiр жарық мөлшерiне дейiн жүргiзедi де, жарықтың ары қарай көбейгенi өсiмдiктiң өсуiне қолайсыз жағдайлар туғызады.
Өсiмдiктер дiң өнiп-өсуiне жарықтың әсерi өте көп, сондықтан олардың жарықпен қамтамасыз етiлуiн реттеуге болады. Ол үшiн себетiн тұқымның мөлшерiн және егiлетiн өсiмдiктiң қатарын (бағытын) дұрыс анықтау керек. Егерде өсiмдiк қатары шығыстан батысқа бағытталған болса, онда бiр қатар екiншi қатарға көлеңке түсiредi де жарық азаяды, ал керiсiнше өсiмдiк қатары солтүстiк тен оңтүстiкке бағытталған жағдайда жарық мөлшерi күнi бойы жақсы түседi де, өсiмдiк жақсы өседi. Сондықтан жарықсүйгiш өсiмдiктер дiң егу қатарын оңтүстiктен солтүстiкке бағыттау керек.