АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер



бет22/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82
Байланысты:
АгрометЕОрОлОгИя олданатын негізгі терминдер мен т сініктемелер (1)

Топырақтың қатуы мен еруi. Топырақта атмосферамен және оның төменгi қабаттарымен тұрақты түрде жылу алмасу болып тұрады. Жазғы күнi және күндiз жылу ағыны топырақ кескiнiнiң төменгi жағыны бағытталады да, қыс кезiнде және түнде-ол жоғары қарай бағытталады, оның салдарынан топырақ тоңазыйды.
Топырақтың жылу және су жүргiлерiн қалыптастыруда оның қатуы (тоңдануы) мен жiбуi маңызды орын алады. Су температура 00 С аздап төмендегенде қата бастайды, өйткенi суда барлық кезде қату температурасын төмендететiн ерiген заттар кездеседi. Топырақтың тоңдану температурасына ондағы ылғалдың түрi әсер етедi. Еркiн су минус 0,1-1,50 С қатады, байланысқан ылғал минус 1,5-40 С, одан да төменде қатады. Сонымен қатар топырақтың тоңдануы қар мен өсiмдiк жамылғысына, жер бедерiне, топырақтың қасиеттерiне, оның ылғалдылығына және адамның шаруашылық iс-әрекетiне байланысты болып келедi.
Топырақ жiбуi екi түрлi жолмен жүредi. Бiрiншiсi-жiбу төменнен басталып, қар кеткенше аяқталады. Бұл жағдайда тоңданған қабат болмағандықтан қардың ерiген суы топыраққа жақсы сiңедi. Екiншiсi-тоңның жiбуi төменнен басталып, одан кейiн бiр мезгiлде төменнен де, жоғарыдан да жүре бастайды. Осы кезде қар еру процесi үдей бастаса, бiршама тереңдiкте қалған ерiмеген тоң қабаты оның топыраққа сiңуiн төмендетедi, керiсiнше, топырақ бетiмен жүретiн ағын күшейедi.
Ауыл шаруашылығы үшiн топырақтың қату тереңдiгiнiң, уақытының және еруiнiң маңызы зор. Қату тереңдiгi мыналарға байланысты:
1. Қысқы аяздарға
2. Қардың қалыңдығы мен оның сақталу уақытының ұзақтығына (қар қалың болса тоң жұқа болады). 400 аязда қардың қалыңдығы 25-30 см болса, 0-5 см тереңдiктегi топырақтың температурасы 150 төмен түспейдi.
3. Ылғал топырақ құрғаққа қарағанда азырақ қатады, өйткенi ылғал топырақ қатқанда көзге көрiнбейтiн жылу бөлiнедi де, топырақтың одан әрi қатуына жол бермейдi.
4. Күлгiн топыраққа қарағанда құмды топырақ терең қатады. Батпақты жердiң тоңы тереңге кетпейдi.
5. Топырақ тоңының тереңдiгiне құнарлы қабат та әсер етедi. Орман алқабындағы топырақ ашық алаңдағыға қарағанда аз қатады.
Көктемде күн радиациясының және жер асты жылуының ықпалымен топырақ еридi. Қазақстанда топырақтың еруi:
Оңтүстiкте – наурыздың екiншi онкүндiгiнде,
Шығыс пен батыста – с¸уiрдiң екiншi онкүндiгiнде,
Орталық өңiрде – мамырдың бiрiншi онкүндiгiнде,
Солтүстiкте – мамырдың екiншi онкүндiгiнде өтедi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет