АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер


Ауаның төменгi қабатында температураның өзгеруi екi түрде өтедi



бет25/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82
Байланысты:
АгрометЕОрОлОгИя олданатын негізгі терминдер мен т сініктемелер (1)

Ауаның төменгi қабатында температураның өзгеруi екi түрде өтедi:
1. Инсоляциялық – жаз айларында күндiз жерге жақындаған сайын температура өсе бастайды.
2. Радиациялық – керiсiнше, түнде жерге жақындаған сайын температура кеми бастайды. Осындай жағдайда инверсия пайда болады – ауа қабатымен (жерден) жоғары көтерiлген сайын температура өсе бастайды. Бұндай инсоляциялық және радиациялық температураның өзерiп түруы бұлтсыз ашық аспан болып түруына әкеледi.
Ал, бұлтты ауада инверсия болмайды, өйткенi бұлт жерден бөлiнген жылуды жiбермейдi.
Ауаның төменгi қабатында температураның өзгеруi тек инсоляциялық және радиациялық заңдылықтарға бағынып отырса, ауа-райы өзгермей бiр қалыпты болып түра берер едi. Сонымен қатар атмосферада температура тiк және көлденең бағытта өзгерiстерге ұшырайды.
Атмосфераның төменгi қабаты күн радиациясы арқылы аз жылыйды, негiзгi жылуды жер бетiнен алады, сондықтан негiзгi жылу көзi топырақ болып есептелiнедi. Осыған байланысты, жер бетiнен жылулық алып жылыған ауа массасы жоғары көтерiледi де, оның орнына суық ауа массасы төмен түседi. Жылынған суық ауа қайтадан жоғары көтерiледi. Осындай физикалық құбылыстар әсерiнен тiк (жоғары, төмен) жылу алмасу жүредi.
Бұндай тiк жылу алмасуда жоғары көтерiлетiн масса көп болса ауа-райы бұлтты, ылғалды және жаңбырлы болады. Ал, жылу алмасуда жоғарыдан төменге түсетiн масса көп болса ауа-райы құрғақ, жоғары температуралы және жаңбырсыз болады.
Егерде жылу алмасу көлденең жүретiн болса оны адвекция (жел) деп атаймыз.
Ауаның төменгi қабатының жылулығы әр түрлi болуы жер бетiне топырақтың механикалық құрамына байланысты. Бiр аймақта әр түрлi топырақ болуы температуралық режимнiң өзгеруiне әкеледi. Сондықтан жылы болған жерде ауаның қысымы төмен болады да, суық жерде ауаның қысымы жоғары болады. Сонымен атмосфералық қысымдары әр түрлi екi ауадан пайда болады. Атмосфералық қысымы жоғары ауданнан ауа массасы атмосфера қысымы төмен ауданға жылжи бастайды. Ауа массасының жылжу жылдамдығы екi аудандағы атмосфера қысымдарының айырмасына байланысты болады. Бұл табиғат заңдылықтарына келесi тарауларда толығырақ тоқталамыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет