АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер


Жылдық ауа температурасының жүргiсi



бет28/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Байланысты:
АгрометЕОрОлОгИя олданатын негізгі терминдер мен т сініктемелер (1)

Жылдық ауа температурасының жүргiсi орташа айлық температуралардың өзгеру мәнiн бiлдiредi. Жыл бойында ең жоғарғы температура шiлде айында, ал ең төмен температура қаңтар айында байқалады.
Жылдық ауа температурасының жүргiсiне жер бетiнiң жамылғысы (құрғақ, су) жердiң теңiз деңгейiнен биiктiгi, бұлттар көп әсерiн тигiзедi. Жылдық температуралық амплитуда теңiзден (100 тан 500 дейiн) алыстаған сайын көбейедi. Мысалы: Якутияда шiлде айының орташа температурасы – (+190С), қаңтар айының (- 43,50С), жылдық амплитуда  62,50С.

4. Температуралық режимнiң ауылшаруашылығына әсерi
Ауылшаруашылық дақылдары өнiп-өсу үшiн физиологиялық үрдiстер (фотосинтез, суды сiңiру және қоректiк заттар пайдалану) жүру қажет. Бұл үрдiстердiң тек бiр оптималды температурада ғана жүредi. Әр түрлi дақылдардың ол үшiн оптималды, минималды, максималды температуралары болады және әр бiр өсу фазасында ол температуралар әр түрлi болады. Өсiмдiк өсе бастағанда температура неғұрлым жылдам көтерiлсе, солғұрлым өсу фазаларыда жылдам өтедi. Ал көктемде салқын күндер көп болған сайын өсу фазалары кешiгедi. Мысалы, дем алу (дыхание) үрдiсi 00 температурада басталады да температура өсе берген сайын күшейе түседi, ал температура 35-400 жеткенде нашарлайды да, температура 500 – тоқтайды.
Температура жоғарылаған сайын суды, қоректiк заттарды пайдалану нашарлайды, өйткенi ауа ылғалдылығы төмендейдi. Ауа ылғалдылығы төмендеген сайын құрғақшылық артады. Өсiмдiктiң тозаңдануы жоғары температуралар нашарлатады.
Ауылшаруашылық өндiрiсiнде вегетациялық және аязсыз (суықсыз) кезеңдердiң мағынасы үлкен.


Вегетациялық кезеңге тұқымның өнiп-өсе бастауынан (көпжылдық дақылдар вегетациясының жаңалануы) жаңа тұқымдардың пiсiп-жетiлуi (көп жылдық дақылдар вегетациясының тоқтауы) арасындағы кезең жатады. Көпжылдық дақылдар да ол келесi жылдары жалғасады. Вегетациялық кезеңнiң ұзақтығына аяз қатты әсер етедi. Аязсыз кезең болып көктемнiң соңғы үсiк болған күнi мен күзгi алғашқы үсiкке дейiнгi аралық саналады. Осы кезеңдi дақылдарды аудандастыру кезiнде ескеру қажет. Егер вегетациялық кезең аязсыз (суықсыз) кезеңнен қысқа болса, онда аталған дақылдар пiспей үсiкке шалдығады.
Вегетациялық кезеңдегi орташа температура мен оның жиынтығы осы дақыл вегетациясының уақытының басталуы мен аяқталуына дейiнгi орташа тәулiктiк температураларды жинақтау арқылы шығарылады.
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық дақылдарын әр түрлi аймақтарда өсiредi. Қандай аймақта қай дақылды аудастыру үшiн сол дақылдың биологиялық ерекшелiгiн, әсiресе вегетациялық кезеңiн бiлу сонымен қатар аймақтың аязсыз (суықсыз) кезеңiн анықтауымыз қажет. Өйткенi дақылдың вегетациялық кезеңi аязсыз (суықсыз) кезеңнен артық болу керек.
Сондықтан, бiр дақылды белгiлi аймақта өсiру үшiн сол аймақтың мынандай температуралық көрсеткiштердi анықтау керек:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет