АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер



бет26/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82
Байланысты:
АгрометЕОрОлОгИя олданатын негізгі терминдер мен т сініктемелер (1)

2. Температуралық инверсия
Жер бетiнен жоғары көтерiлген сайын ауа қабатындағы температураның өсуiн инверсия қабаты деймiз.
Инверсия жердiң беткi қабатында, сонымен қатар бос атмосферада байқалады. Атмосфераның төменгi қабатында инверсияның пайда болуына байланысты екi түрi болады:


  1. Радиациялық;



  2. Адвективтiк.



Радиациялық инверсиялар жердiң беткi қабатының салқындауынан болады. Мұндай инверсиялар жылы айларда түнде, ал қыс айларында күндiзде кездесе бередi. Сондықтан радиациялық инверсиялар түндiк (жаз айларында) және қыстық (қыс айларында) болып екiге бөлiнедi.

Түнде болатын инверсиялар аспан ашық, тыныш ауа-райында, радиациялық тепе-теңдiк 00 ден төмен түсе бастағанда, күннiң батуына бiр сағат қалғанда басталады. Түнi бойы бұл инверсияның күшi көбейе түседi де, күн шығар алдында ең жоғары дәрежесiне жетедi. Күн шыққаннан соң жер бетi, ауа жылына бастайды да инверсия қабаты бұзылады. Инверсия қабатының биiктiгi 10-15 м, ал кейбiр жерлерде 200 м жетедi. Тропосфера қабатындағы бұлттар және жылдамдығы 2,5-3 м/сек болатын жел инверсияны нашарлатып, оның болуына кедергi жасайды. қалың өсiмдiктер жамылғысында, ормандарда инверсия күндiз де бола бередi. Орманда ауа температурасының тiк бағытта өзгеруi өзгеше болады. Күн шығар алдында ең төменгi температура орман ағаштарының жоғарғы бетiнде болады, ал жер бетiне қарай температура жоғарылай бастайды. Күн шыққаннан соң ауа қыза бастайды, түс кезiнде ең жоғарғы температура орман ағаштарының жоғарғы бетiнде болады да, жер бетiне жақындаған сайын температура төмендейдi. Осы себептерге (инверсияға) байланысты жаз айларын да орман арасында ауа салқын болып тұрады.

Қыста болатын инверсиялар аспан ашық, тыныш ауа-райында жер бетiнiң салқындауы, яғни температурасының төмендеуi күннен күнге күшейе берген жағдайда пайда болады да екi-үш аптаға созылады. Инверсия қабатының биiктiгi бiрнеше жүз метрлерге жетедi. Әсiресе күштi қыс инверсиялары Якутияда болады, олардың биiктiгi 2-3 км жетедi.

Адвективтiк инверсиялар – салқындаған жер бетiне басқа жақтан жылы ауаның келуi (адвекция арқылы) себебiнен болады. Келген жылы ауаның төменгi қабаты салқын жер бетi ауасымен араласып температурасын төмендетедi, ал ауаның жоғарғы қабаттары жылы болып тұра бередi. Осы атмосфералық құбылыстар әсерiнен адвективтiк инверсия пайда болады. Осындай инверсияларға қар инверсиясы да жатады. Бұл инверсияның пайда болуының себебi, қар жамылған жер бетiне температурасы 00 тан жоғары жылы ауа массасының келуi. Бұл жағдайда ең төмен температура жер бетiнде болады да, жоғарылаған сайын температура өседi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет