Ауылшаруашылығында желдiң маңызы үлкен. 1. Жел – энергияның арзан қайнар көзi болып табылады. Ауылшаруашылығында әртүрлi жел двигательдерi (ТВ-5) пайдаланылады. Оларды құдықтан су көтеруге, мал фермаларын сумен қамтамасыз етуге, егiншiлiкте дақылдарды суаруға пайдаланады.
2. Мұхиттар мен теңiздерден ылғалыд ауа алып келiп жел ауылшаруашылығын ылғалмен қамтамасыз етедi.
3. Атмосфера және топырақ арасында газ алмасуды жақсартады;
4. Топырақ температурасын бiр қалыпты ұстап тұруға әсерiн тигiзедi.
5. Орман ағаштарының тұқымдарын таратып олардың табиғи қайта жаңаруына ықпал етедi;
6. Өсiмдiктердiң тозаңдануына көмектеседi, ауаны тазартады.
Ауыл шаруашылығына келтiретiн желдiң зияндары::
1. Топырақ бетiнен ылғалдың булануын, ылғалдың ысырапсыз жоғалуын көбейтедi;
2. Жылдамдығы жоғары желдердiң әсерiнен өсiп тұрған өсiмдiктер жатып, бiр бiрiмен байланысып қалады, соның әсерiнен өнiмдi жинау қиындыққа әкелiп соғады.
3. Кейбiр агротехникалық шараларды авиация көмегiмен (егiн егу, минералды тыңайтқыштар шашу, дефляция жасау т.б.) жүргiзгенде қатты соғатын желдер жұмысты қиындатады.
4. Арамшөптер мен зиянкестердiң таралуына, көбейуiне желдiң әсерi үлкен. Кейiнгi уақытта шегiрткенiң ауыл шаруашылығына қаншалықты зиянды әсер етiп жатқаны белгiлi. Бұрын шегiрткелер Ауғанстаннан Авганец деген желмен бiрге бiздiң елге келетiн, оны тоқтату үшiн шекарада мамандандырылған отрядтар ұйымдастыру керек болды.
5. Қатты соғатын желдер топырақты құрғатып оның құнарлы заттарын ұшырып кетедi- жел жрозиясына ұшыратады. Соқамен аударып жыртылған жерлерде жел эрозиясының салдарынан әр гектардан 10,6 тонна, ал аңыз қалдырып өңделген танаптардан 1,2 тонна құнарлы топырақ ұшып кетедi екен.
Желдiң зиянды әсерлерiне қарсы күрес шаралары: 1. Күрес шаралары жүргiзiлетiн аймақтың, ауданның жел розасын (роза ветров) анықтау керек;
2. Жел розасына көлденең (топырақты) эрозиядан қорғайтын орман жолақтарын отырғызу. Бұл шара желдiң жылдамдығын төмендетiп булануды азайтып ылғал қорын молайтуға және көп мөлшерде қар тоқтатуға әсерiн тигiзедi;
3. Биiк өсетiн дақылдардан (жүгерi, қонақ жүгерi, горчица) негiзгi жел бағытына көлденең күштер қалдыру. Бұл шараның да топырақтан ылғалды көбеутiге әсерi бар;
4. Жел эрозиясын болдырмау шаралары.
Академик А.И.Бараев атындағы бұрынғы Қазақ ғылыми-зерттеу астық шаруашылығы, академик В.Р.Вильямс атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу институттары мен басқа ғылыми мекемелердiң ғалымдары жел эрозиясымен күрес шараларын зерттеп, оларды өндiрiске кеңiнен енгiздi.