45
негiзін салды. Оның «Тiл жұмсар», «Баяншы», «Әліпби астары» кітаптары мен мақалалары
осы бағыттағы арналы ізденiстерін, ұстаздық бай тәжiрибесін көрсетті. 1920-1921 жылдары
оқу министрi болып, қазақ тілінде алғашқы оқулықтардың шығуына бастамашы болды.
Ұлттық тiл біліміндегі, жалпы қазақ мәдениетіндегі өлшеусіз еңбегі араб әріптерін негіз
ете отырып, қазақтың жаңа әліпбиін өмірге келтіруі болатын. Халқымыздың рyхани өмірінің
бүтіндеушісі, түгендеушісі болған Ахмет қазақ баласының білім,
ғылымды игеруінің
алғышарты - төл әліпби қажет екендігін терең түйсініп, қазақ сөзін дәл бере алатын осы
әліпбиін жасап шығарды.
Бұл әліпби 1929 жылға дейін қолданылып, сөз тұтастығы тұтас буынның саyатын ашты,
қаншама қаламгерлердің шығармалары осы Ахмет Байтұрсынұлының әліпбиімен жазылды.
Қазақ елі үшін Ахмет Байтұрсынұлы «қазақ әліпбиінің атасы», өйткені ол, қазақ ұғымына
лайықтап, араб таңбасымен қазақ дыбыстарын транскипциялаған. Оның бұл ғылыми
дәлелдері ұлы ұстаз - ғалымның білімі мен білік деңгейін, сөз сырын терең танyдың кемел
үлгісін байқатып берді. Осы саладағы саналы қызметі мен iргелі еңбектері қазақ білiмі мен
мәдениетін жиырмасыншы ғасыр мәртебесіне бөледі. Аяулы ойшылдың туған халқына деген
махаббаты, ұшқан ұя, қара орманына деген құрметі әрбір жазбасында жүрек нұрындай
мөлдіреп тұр. Ұлттық алфавитті жүйелеуден бастап қазақ
ғылымы мен ағартушылық ісiн
дамытудағы жүйелі сөз, дарынды шығармалары бiлім мәртебесін ұлықтап, халық мерейін
өсiре берері хақ.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов өзінің ұстазы Ахметті
«Қазақ елінің рухани көсемі» деп дәріптеген. Ол көсемнің теңдессіз еңбектерін «Ахаң ашқан
қазақ мектебі, «Ахаң түрлеген ана тілі», Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұран» сынды
қанатты тіркестерге сыйғыза отырып, оның жасаған еңбектерін «мәңгілік ескерткішке»
балаған. Шындығында да, өмiр өзі көрсеткендей, араға уақыт салып,
Алаш ардақтысының
аяyлы есiмі ақталды. Өшкеніміз жанып, өлгеніміз қайта тірілді.
Ахмет Байтұрсынұлы, ең алдымен, ағартушы. Ол поэзияда да, көсемсөзде де, ғылым-
ілімде де ағартyшы. Міне, осыған қарап, Ахмет Байтұрсынұлы өз кезеңінде ұлттың рухани
ұстазы болғанын ұғынамыз. Ол бар күш-жігерін елді ағарту, оқулық шығарy ісіне жұмсады.
Өзі: «Әyелі біз елді түзеyді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық
та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ішіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі
түзелгенде оқуменен түзеледі» деп жазғанындай, ол өз дәyірінде алашқа сауатты, білгір
ағартyшы ретінде қажет болатын.
Ахмет Байтұрсынұлының ендігі бiр мақаласынан жаңа
руханиятты жандандырyды
неліктен тездете қолға алғандары мәлім болады. «Тарих жолына қарағанда, келімсек жұрт
күшті болса, тұрғын жұрт аяқ асты болып, азып-тозып, жоғалмақшы... Басқа жұртпен
араласқанда, өз алдына ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз тiлінде жазылған сөзі бар жұрттарға
не тұрады? Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта жоғалмайды.
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы - тілі. Сөзі жоғалған
жұрттың өзi де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін
аздырyға тырысады», - деп жазды. Оның тіл туралы терең тағылымдары бүгінгі заманымызбен
үндесіп, ұрпақтың айта жүрер қанатты сөздеріне айналды [1].
Міне, осының баршасы ағартушы, ұстаз Ахметтің рух қағанатына қазақтың жоғын
жоқтап келгенін айғақтайды. Әлбетте, ол нағыз өнердің қадiр-қасиетін білді. Қоғам
мен бiлім
арасындағы байланысты қайраткер: «Бiлімді болуға - оқу, бай болуға - кәсіп, күшті болуға -
бірлік керек» деп түсіндіреді [2]. Осы арқылы ол, бір жағынан, сол кезеңдегі дамyдың алғы
шартын айтса, екіншіден, ұрпаққа аманат жүктеп, жалпы адамдардың сөзі мен ісінің бір
жерден шығуын міндеттеп отыр.
Дәстүр сабақтастығына байланысты айтқан Ахметтiң ақиқат сөзі әлі талай ұрпаққа
сабақ болары сөзсіз. «Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы».
Ағартушыосы пайымы арқылы алаштың арқаyы үзiлмейтін мемлекетшілдік тұжырымдамасын
қалыптастырды. Бір тұлғаның бойына ұстаздық, ғалымдық, қаламгерлік сияқты қасиеттердің
46
тоғысып және олардың ұлттық құбылысқа айналып, оның иесін қайраткерлік деңгейге
жеткізyі әлемдік кеңістікте данышпандық, реформаторлық саналып, ондай адамның идеялары,
жаңалықтары мыңдаған ұрпақтың қажетіне жарайды. Қазақ тарихындағы Ахмет
Байтұрсынұлының еңбегі - ұлтпен бірге жасайтын тура сондай өміршең еңбек. Сондықтан да
қазақ халқы үшін қиын-қыстау заманда туып, дәуірін ұлт-азаттық күресіне
айналдырған
жетекші тұлғалардың ең алдыңғы қатарында тұрған Ахметтің ерекшелігі қайраткерлігімен
бірге ұлттың ұлы ұстазына айналyымен бағалы.
Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ» газеті жобасы, төте жазу мен оқу құралдары-ұлт
санасындағы шынайы жаңарудың, жаңғырудың басы еді. Ал Алаш қозғалысындағы
қаламгерлік және қайраткерлік үлгісі - заңғар зиялылық өнегесі ретінде тарихта қатталып
қалды.
Бір басына сан түрлі санаткерлік тоғысқан осынау ұлы азамат қазақ руханиятындағы
теңдесі жоқ құбылыс десек, артық айтқандық емес. Ахмет Байтұрсынұлы – заманына сай туып,
дәyірдің жарығы мен қараңғысын бiрдей бағдарлап, жамандығынан жерініп, жақсылығынан
үйрене білген жан. Ол - жеке бас, жеке адам бостандығының жоқтаушысы емес, түгел жұрт,
тұтас ел азаттығының ту ұстаyшысы.
Ахмет Байтұрсынұлының азаматтық тұлғасын, ұлттың рухани ұстазы ретiндегі
көшбасшы көсемдігін бәрінен бұрын оның қоғамдық-әлеуметтік қызметтері айқындайды.
Солардың ең бастылары - ұлт санасын ояту, халықты өнер-білімге үндеп, өркениетті елдердің
қатарына қосуды көздеген ағартушылық, отаршылдыққа қарсы ымырасыз күрес. Іс пен сөзде
бірлік
таныта білген санаткер, елінің ертеңіне сенімділікпен қарады. Сондықтан да
шығармашылық арқылы кейінгі ұрпаққа сөз қалдыруды мақсат тұтты, ел рухын көтерyге
ұлан-ғайыр еңбек сiңірді. Оны күрескер, қайраткер, ақын, журналист, ғалым, ағартушы-
санаткер еткен де, біріншіден, халқына деген сүйіспегшілік, екiншіден,
алысты болжаған
көрегендік.
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкiлдерінің бiрі, жазушы Сәбит Мұқанов сонау 1932 жылы-
ақ «Қазақ тілімен кiтап жазып, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің негiзін қалаған
алғашқы адам - Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес» деген болатын.[3]
Қазақ баласының қамын ойлаған бiреуі емес, бірегейі, ұлт тілiнің бас қамқоршысы
Ахмет Байтұрсынұлын мектеп табалдырығын аттап, күміс қоңыраудың үнін естіген бала
білуге міндетті. Өйткені, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі - жастарға үлгі. Ол өз ұлтын сүюдің
ерекше үлгiсін көрсетті. Сондықтан да ол қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады. Ол
халықтың жадында қазақ ғылымы мен мәдениетінің шырағы болып қала береді.
Достарыңызбен бөлісу: