47
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ТІЛДІК МҰРАСЫ
Қарабаева Айнур Бақытжанқызы,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Жітіқара ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері
«Óz tilińmen sóılesken, óz tilimen jazǵan jurttyń ulttyǵy eshqashan adamy qurymaı
joǵalmaıdy. Ulttyń saqtalýyna da, joǵalýyna da sebep bolatyn nárseniń qýattysy –til»
А.Baıtursynuly
«Өз тіліңмен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы ешқашан адамы құрымай
жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл» -
деп
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, кез келген халықтың тарихы оның жазуымен
байланысты. Қазақ халқының тарихын оның ертедегі жазуынан
қазіргі әліпбиге дейінгі
жазуларынан байқауға болады.
Кесте1
Қазақ жазуының тарихы
Қазақ әліпбиін 2025 жылға латын әліпбиіне көшіру
бойынша жаңа графиканың
арқасында қазақ тілі заманауи ақпарат тіліне айналады деп,
дайындық жұмыстарын
бастағанымызбен, латын жазуы қажет пе, жоқ па деген пікірталастар әлі күнге дейін басылған
жоқ.
Қазақ халқының жазуы бірнеше рет өзгерді. Қазақ жазуы араб графикасына негізделді.
Ахмет Байтұрсынов қазақ жазуын реформалаушылардың бірі болды. Сол кездің өзінде араб
әрпімен латын әрпін қолданғанда қол қимылдау бағдарына дейін екшелеп берген. «Қарды
жаюдан, жию жеңілірек. Оңнан солға қарай жазғанда, қол қардың жиылатын жағына қарай
жылжиды, жылжыған сайын, жеңілденеді.
Қол тыныққан есепті болып, талмайды» деп
тұжырымдаған. Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық
дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды: жазумен дүниенің бір
шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек
болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін,
қисынын келтіріп
сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек екендігін
«Тіл құралының» сөз басына бекітіп қойған [1. 54 б.].
Білімді дамыту үшін көпшілікке қолжетімді болатын және балаларды оқытуды
жеңілдететін алфавит қажет болды. Сол кездегі әлемдік лингвистикада теңдессіз деп танылған
алғашқы ұлттық қазақ әліпбиінің негізі ретінде араб графикасы алынды.
Ахмет Байтұрсынұлы 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен (графикасымен)
айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты
қазақтар да пайдаланып
Достарыңызбен бөлісу: