«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет22/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Ұлттық энциклопедия «Қазақстан». / Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақстан 
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 2 т., 1993. 720 б. 
2. Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі. А., 2005. – 114 б. 


42 
3. Машқанова Н. Т. Ахмет Байтұрсынов – қазақ жазуының реформаторы. Ф. ғ. к. дәрежесін 
алу үшін дайындалған дисс. /Ғыл. жет.: фил. ғ. д., проф. Серғалиев М. С. Алматы, 1994.154 б. 
4. «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия /Бас ред. Ә. Нысанбаев. – Алматы: «Қазақстан 
энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1 т., 1998., 720 б. 
5. Тойшыбекова Ж. Қ. ХХ ғ. басында Қазақстанда латын алфавитіне көшу идеясының 
қалыптасуы //ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, № 1 (136). 2005. – 195-197 бб. 
 
 
 
ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ 
 
Какилеева Асемгуль Жумагалиевна, 
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының 
«Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің
«Троебрат жалпы білім беретін мектебі» КММ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
 
Қазақ жазуының тарихы ХХ ғасырдың басынан бастап кеңінен қолға алынғаны тарих 
беттерінен белгілі. Ең алғаш болып жазу тәртібі мен мәселесін қолға алған ұлт ұстазы, Алаш 
көсемі Ахмет Байтұрсынов еді. Сондағы басты мақсаты – қазақ ұлтына сауат үйрету, жазу мен 
оқуды үйрету, үйретудің әдістері мен тәсілдерін қарастыру. Осы бойынша да Ахмет 
Байтұрсыновтың әліпбиден бастап қазақ тілін үйрету бойынша жазған құралдарының санында 
шек жоқ. Өз кезегінде осындай құралдар өте өзекті, көкейкесті әдістемелік құрал ретінде 
қаралды. Оның бар құралдары құнды қазына ретінде қазіргі таңда кез келген кітапхана 
жүйесінде, орталықтарында, Тіл комитетінің өңірлік филиалдарында, оқу орындарында 
кеңінен таралып, заман өте келе бірнеше тираждан жаңартылып, жинақталып, қайта шыққаны 
қазақ ұлтын, жұртын ғана емес, сол кезден бері Алаш қауымына құрметпен қарай білген 
көршілес елдер үшін де үлкен қуаныш деп білеміз.
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ әліпбиінің атасы және кемеңгер көсемсөзшісі ретінде 
танитындығымыздың бір себебі де осы құралдарының маңызды және сұранысқа ие өзекті 
мәселелерді қозғауында. Сонымен бірге Ахмет Байтұрсынов – қазақ балаларының өз ана 
тілінде сауат ашуына нақты мүмкіндіктер туғызған бірегей ғалым. Ағартушы атамыздың 
«Әліпбиі» мен «Оқу құралы» атты тұңғыш әліппеміз болса, олардың бірнеше рет қайта-қайта
басылуы сол дәуірдегі ағарту және білім беру жүйесіндегі ауадай қажет құралға айналғанын 
тарих беттерінен білетініміз хақ. Тіл теориясы мен реформалаудың хас шебері Ахмет 
Байтұрсыновтың ғылыми ізденіс зерттеулері ғана емес, сонымен бірге сол замандағы қоғам 
мен қауымның қажеттілігін өтейтін өміршең, көкейкесті тоқулықтардың жаппай бұқара иесіне 
несібе мен игілік ретінде жұмсалуы, қолданылуы, жалпы ортақ бір құнды дүниеге айналуы 
білім беру мен тәрбиелеудегі, ағартушылық саласындағы үлкен бір шеберлік, құзырлы 
іскерліктің керемет бір үлгісі, феномені деп білеміз.
Ұлттың кемеңгер ұстазы, Алаш қоғамының мықты қайраткері, Ахмет 
Байтұрсынұлының ұлт тіліне лайықталып, сәйкестендірілген, реформаланған тиімді бір үлгісі 
өз кезегінде, яғни ХХ ғасырдың басында үлкен бір сынау мен қанауға іліккенін айта кеткен 
жөн. Араб жазуының ислам дініне тікелей қатысы бар екені баршаға мәлім, осы орайда Ахмет 
атамызды ұлт санасын ислам тілімен, ислам дінімен жаулаушы, халық санасын улаушы, халық 
жауы, «панисламист», «ұлтшыл», «пантюркист», «советке қарсы», «халық жауы» деген 
атақтар мен атаулар кенеше жабыстырылып, Алашымның ұлы қайраткері Ахмет 
Байтұрсынұлына және оның мықты замандастары мен оның тобындағы арыстарға да осы 
атақтардың қосылып, біршама қиындықтар мен ауыртпашылықтардың пайда болуына негізгі 
себеп болғанын да әдебиет пен тарих беттерінен білетінімізді айқын айтуымыз қажет. Әлбетте, 


43 
араб жазуының мұсылмандардың ислам дінімен тікелей байланыстырылып, ұлттың кемеңгер 
ұстазы Ахмет атамыздың сан жылғы еңбегі жоққа шығарылып, жойылып кеткені де белгілі. 
Уақыт, кезең өзгере келе, латын жазуының да ғұмыры ұзақ болмағандығын көрдік. Латын 
жазуы демекші, тәуелсіздік алған кезімізден бастап та осы латын таңбасына қатысты біршама 
арнайы жобалар, бағдарламалар да қолға алынған еді. Бірақ, әлі күнге дейін әлі латынға 
көшуге әбден дайын емеспіз, осы ретте Ахмет атамыздың қиын-қыстау заманда түрлі жала - 
айыптарға қарамастан, өзінің шағын топтарымен ұлтына адал еңбек етудегі қызметін 
толыққанды құзырлы түрде атқара алғандығына таңқаласың.
Ахмет Байтұрсынов атамызды қазақ жазуының реформаторы деп толық айта аламыз. 
Бұның бірнеше дәлелдері бар. Алғашқыларын келтіретін болсам, төмендегі дәлелдемелерді 
жүйелеуге болады:
1. Зерттеуші, ғалым, ұлт ұстазының халық санасын оятуда, ұлтына адал қызмет етуде 
араб таңбаларын қазақ тілінде жазылуына, оқылуына, баспа ісіне толық бейімдеуі – осы 
жүйенің өміршеңдігін дәлелдейді [1,4 б.]. Өміршең болып табылатын осы төте жазуды 
көршілес елдерге қиын-қыстау кезеңдерде көшіп кетуге мәжбүр болған қандастарымыз әлі 
күнге дейін қолданып, алғашқы төте жазудың ешбір үлгісін жоғалтпай қолдануда.
2. Екінші дәлелі – ағартушы, ғалым атамыздың қазақ балаларына арнап қазақша әліпби 
жасауына байланысты түрлі әдістемелік құралдарды жазуы, жинақтауы оның тіл 
реформаторы, тіл үйретуші ретінде тарихта қалуы.
Осы орайда қазақ тіл білімінің пән сөздерін өзінше өзгертіп, ерекшелеп жеткізуде 
біршама ізденіп, ең ыңғайлы деген нұсқаларын құралдарға жинақылап, жинастырып, ұсына 
білуінде асқан шеберлік жатыр. Атап айтар болсам: дыбыс жүйесі (фонетика), сөз жүйесі 
(морфология), сөйлем жүйесі (грамматика) [1, 4 б.]. Осы салалардың барлығын терең зерделеп, 
түрлі әдістемелік үйретуші құралдарды жинақтауында тіл үйренушіге қойылатын басты 
негізгі білім базасының маңыздылығын жоғалтпайтындай етіп таңдағанының өзі Ахмет 
Байтұрсынұлының ұлт жанашыры екендігінің бірден-бір себебі деп дәйектеуге болады.
Осындай үлкен еңбегін зерделей келе, қазақ жазбасының негізін қалаушы, қазақ 
жазуының реформаторы Ахмет атамыздың мынадай құралдары барша тілдік құралдардың 
атасы деп айтуға болатындығы айқын: 1. Тіл құралы, І бөлім. Фонетика; 2. Тіл құралы, ІІ бөлім. 
Морфология; 3. Тіл құралы, ІІІ бөлім. Синтаксис; 4. Баяншы, методикалық жазбалар; 5. Тіл 
жұмсар, 1 бөлім. Практикалық грамматика; 7. Оқу құралы (балалар әліппесі); 8. Әліппе;
9. Сауат ашқыш (ересектер әліппесі); 10. Әліппе-астар (Әліппеге әдістемелік нұсқау) [1, 5 б.]. 
Аталмыш құралдар мен оқулықтардың құрылымдық, мазмұндық, мағыналық ресурсы 
негізінде қазіргі кездегі жазу мәселесіне қаншама тың мәліметтер мен тіреу болар негздемелер 
алынатындығы сөзсіз. Қазіргі кездегі жаңартылған білім беру мазмұны аясында біршама 
өзгерістер және оның алдында 70 жыл Кеңес үкіметінің құрамында болғанның өзінде де тіл 
және жазу мәселесі біршама реформаларды бастан кешірді. Алдағы уақытта латын қарпіне 
көшу стратегиялық жоспарда тұр, ол үшін қаншама қыруар қаражат та бөлінген.
Реформалаудың біршама мықты тұстарымен бірге әлсіз тұстары да бар:
1. Оқулықтарды қайта-қайта өзгерте беру қаражаттың босқа шашылуына әкелуі;
2. оқулықтардың аз ғана уақыттың ішінде құрастырылуынан қателіктер мен 
кемшіліктердің кетуі;
3. білім беру мазмұны бағдарламасының өзгере беруі және грамматиканың көптеген 
тараптарының алынып тасталуынан оқушылардың сауатсыз, яғни қателерді жиі және көптеп 
жіберетіндігінің байқалуы;
4. математикалық, жаратылыстану сауаттылығына аса зейін бөлінуі оқушылардың 
негізгі базадан алыстап кетуіне себепші болуы;
«Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу – ауызбен сөйлесуден артық 
дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумен дүниенің бір 
шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сөйлегенде сөздің қисыны келтіріп 
сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жаза білуге, қай сөз қандай 


44 
орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек», -деп 
жазады ұлы ғалым («Тіл құрал», 173 б.)

Сондықтан да жазу мен оқу бойынша сауатты 
болатындығын қазіргі таңда ескермесек, ұлт қамын жеп жүргендегі әрекетіміздің еш кететіні 
анық. «Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі», «Еліне қызмет ету - мінезден» - деген 
арыстарымның сөздерін ескере келе, өз ойымды түйіндеуде әрбір ұстаздың ұлт қамын қазірден 
ойлауды ескергені абзал деп тұжырымдағым келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет