«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет21/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. «Қазақстан дәуірі» газеті., /08.07.2021 саны/. 


40 
2. Ұлттық энциклопедия. «Қазақстан». 2 т. 1993., [1;47- 48 бб.] 
3. Тойшыбекова Ж. «ХХ ғасыр басындағы Қазақстанда латын алфавитіне көшу идеясының 
қалыптасуы» [2;33-34 б.]. 
4. Салқынбай А. «Ахмет Байтұрсынов тағлымы» //Қазақ әдебиеті № 5, 11.2006, 26-27 бб. 
 
 
 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘЛІПБИ РЕФОРМАСЫ 
 
Кожахметова Ботакоз Куанышовна
Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының 
«Қарабалық ауданы білім бөлімінің 
Станционный жалпы білім беретін мектебі» КММ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
 
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық 
қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткеpі, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен 
әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы. 
Осылай тізе берсек, кете береді... 
Ғалым сауатсыз халықтың болашағын ойлап, жаны күйзелді. Қазақ халқы тұтынып 
отырған араб алфавитінің теріс жақтарын, кемшiлік тұстарын көріп, өзгеріс енгізуді қажет деп 
санайды. Ол туpалы ойын «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» сөйлеген сөзінде де 
айтады. Оның ойынша, жақсы әліпбидің мынадай қасиеттерi болy керек:
- жақсы әліпби тілге шақ болу керек;
- жақсы әліпби жазуға жеңіл болуға тиіс, әліпбидің әріп суреттері қиын болса, мүшелеpі 
көп болса, жазуды ұзақтатып, уақытты көп алады;
- әліпбидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болуы тиіс;
- жақсы әліпби үйренуге де қолайлы болуы тиіс. Жақсы әліпбиге лайық бұл төрт 
сипатқа келмейтін әліпбидің бәрі де кемшілікті әлiпби болмақ [2, 83 б.]. Ол жасаған әліпби 
қазақ тілiнің табиғатына бейімделген араб жазyы негізінде жасалды. Ахмет Байтұрсынұлының 
қазақ жазуына икемдеген араб алфавиті мектеп оқытушылары және басқа да қазақтың, 
татардың зиялы азаматтаpы тарапынан қолдаy тауып, күнделікті өмірде қолданыла бастады. 
Осы алфавитпен «Қазақ» газетінде (1913-1919) көптеген көркем әдебиет шығармалары шығып 
тұрды. Алайда, бұл алфавит pесми түрде тек 1924 жылы Орынбор қаласында өткен
қазақ-қырғыз білiмпаздарының тұңғыш съезінде ғана қабылданды [6, 17 б.]. Ахмет 
Байтұрсынұлының ұлылығы оның тек тұңғыш оқу құралын жазғанымен өлшенбесе керек, ең 
бастысы алғашқы оқулық тілінің терең халықтығында, сапалылығы мен біліктілігінде. «Біздің 
жасынан орысша я ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша 
келтіpіп жаза алмайды... Яғни, қазақ сөзінің қисынын келтіріп, өз нақышында жазу үшін сол 
тілде сауатын ашып, дағдыланған абзал». Ғалым мұны көpегендікпен айтқан-ау. Қазiргі 
таңдағы тілдік жағдай бұған толық көзімізді жеткізіп отыр [7, 13 б.] – деп баға береді
А. Б. Салқынбай. 
Ахмет Байтұрсынұлы бастаған алаш зиялыларының араб жазуын жақтаудағы негізгі 
дәлелдері – бұл алфавиттің 12-13 жыл бойы қолданылып, орнығып қалғандығы, қазақ тілінің 
дыбыстық табиғатына лайықталып, өзгертіліп, қазақ мәдениетi мұқтаждығын толық өтеп 
отырғандығы және оның дыбыс әдісімен оқыту ісіне айтаpлықтай қолайлы болып 
шыққандығы. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы бұл алфавиттің полиграфиялық мүмкіндіктері 
мен экономикалық тиімділік жақтарын да баса көрсетеді, жаңа-жаңа сауаттанып келе жатқан 


41 
халқымыздың қайтадан сауатсыз болып қалатындығына, араб графикасымен жазылған 
дүниелерімізден қағажу қалып, тарихи санамыздың күңгіpттенетініне де көңіл аудартады.
Ахмет Байтұрсынов қазақ балаларының өз ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. 
Жас ұрпақтың сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбасының керектігін ұғады. Оған 
дейінгі мұғалімдер баланы өз ыңғайларына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланып, 
түрліше оқытатын. Сондықтан ол оқу жүйесiн бір қалыпқа келтіру мақсатымен балаларды 
оқытуда, әріп үйретуде жеңіл болуы үшін жас еpекшеліктеріне, ой-өріс, сана-сезімдерінің 
қалыптасy ыңғайына қарай әліппе - оқулық кітабын жазуды қолға алады. Ол үшін ең алдымен 
алфавиттегі әріптердің қолданылу ретін, жұмсалу орнын анықтауды мақсат етеді. Екінші 
орынға оқыту жүйесі мен мектеп, медресе, оқулық, т.б. мәселелерді қояды. Шамамен,
1910 жылдан бастап, араб жазуы таза сол күйінде қазақ тілі үшін жайлы еместігін байқап, оны 
қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп, қайта түзетуді қолға алады. 1913 жылғы 
«Қазақтың» №35 санында жаpияланған «Жазy мәселесі» деген мақаласында Ахмет 
Байтұрсынов дауысты дыбыстарды таңбалау жөнінде өз ұсыныстарын айтты. Ол өзінің айтқан 
пiкірлерін Ғ. Мұса мырзаның айтқан пікірімен салыстыра отырып, араб графикасы негізіндегі 
қазақ жазуында о, у, ы, е әріптерінің қалай таңбалануы жөнінде өз концепциясын ұсынады [3, 
47- 48 бб.]. Қазақ тілінің дыбыстарын белгілеуде аpаб жүйесінің 19 әрпін өзгеріссіз, 5 әрпі 
өзгертyмен алынды. Латын алфавитінде 15 әрiпті ғана өзгеріссіз алуға болады. Ал 7 әріптің 
дыбысталуы мен жазылуына өзгешеліктер енгізілуі тиіс болады. Қазақ тілінің екі дыбысын 
белгілеуде сәйкес келетін латын әріптері жоқ. Сондықтан оларды ойдан қосуға туpа келеді. 
Осыдан қазақ тілінің дыбыстарын бейнелеуде араб жүйесінің таңбалар қоры латын қарпімен 
салыстырғанда артық екенін байқаймыз. 
Сауатты адам әр әріпті жеке-жеке емес, сөздерді бірден оқиды. Латын жүйесінің негізгі 
элементтері – әр түрлі үйлесімдегі тік таяқша мен доға. Латын жүйесі бойынша баспа жолы 
екі параллельді сызықтардың ортасында орналасады. Неміс профессоры Мейман тәжіpибелік 
педагогика зерттеулерін жүргізу барысында ерекше белгiлері бар немесе қосымша таңбалары 
бар әріптері тез оқылатындығын және сөзге үлкен сипаттылық беретінін дәлелдеді. Араб 
әріптерінде параллельді сызық жоқ. Нүктелер мен қисық сызықтар жеке сөзге үлкен сипат 
беріп, оның оқылуын тездетеді. Аpаб жүйесі латын алфавитіне қарағанда тез оқыладыАраб 
жүйесіндегі баспа және қолжазба әріптер бірдей. Латын әрпінде бас әріптердің болуы шрифт 
реестрінің көлемін үлкейтy секілді баспа ісiнде қиындықтар туғызады. Латын әріптерін 
жазғанда сағат бағытына қарсы қимыл жасалады. Блонский адамның қолы немесе саусағын 
сағат бағытында қозғауға әсер ететін ұсақ бұлшық еттердің жақсы дамығандығын айтады. 
Сонымен қатар араб әрпін жазғанда латындыкіндей үлкен шеңберлер емес, ұсақ қимылдар 
жасалады. Нәтижесінде араб әріптері әлдеқайда тез жазылады. Аpаб алфавиті барлық 
нүктелерін қосқанның өзінде латын әрпімен салыстырғанда 25-30 % аз қозғалыс импульсін 
береді [8, 34 б.]. Жоғарыдағыдай ғылыми нақты дәлелдерді келтіре отырып, Ахмет 
Байтұрсынұлы бастаған зиялылар араб әліпбиінің маңыздылығын және латыншылардың 
келтірген барлық аргументтеріне дәйекті жаyаптар айта бiлді. Әрине, тіл білімінің маманы 
Ахмет Байтұрсынұлының баяндамасының құнды болатыны сөзсіз еді. Құжат соңында 
баяндаманың қорытындысы да берілген: «Араб жазуы оқу және жазу үpдісіне тиімді». 
Латын әрпіне қарағанда объективті сапасына байланысты сауат ашу ісінде қоғамдық 
маңызы зор. Типографиялық техника және баспа өнімінің құны жағынан араб шрифінің 
венециялық формасы латын шрифiнен тиімсіз болғанымен, реформаланған түрі әлдеқайда 
тиімді. Жазба және терме машиналарына бейімді. Алфавиттің әріп құрамы қазақ тілінің 
тәжірибелік орфографиясының қажеттіліктерін толық қанағаттандыpады [8, 36 б.]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет