«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет29/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Список использованной литературы: 
1. А. Байтурсынов, газета «Казах», 1913 год. 
2. А.Турганова. Общественно-политическая газета «Прикаспийская коммуна», статья «Он 
посвятил себя народу», 2018 год. 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
 
Нурмагамбетова Анар Серикбаевна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
 «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің
Лермонтов жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
 
 
Қазақ тіл білімінің тарихына көз жүгіртер болсақ, небір бұралаңы көп, күрделі 
кезеңдердің болғанын көреміз. Сонау қазақ халқының басын біріктіріп, тізе қосқан кезеңінен 
бері қазақ жазуы сан мәрте өзгеріп, трансформацияға түскен еді. Тарихи және мәдени 
жағдайларға байланысты патшалық Ресей кезеңінде де қазақ жазуы мен тілі өзгеріске ұшырап, 
өзінің өңін түрлендірген болатын. Осыдан кейін бар қияпаты мен қасіретін төккен
Кеңес үкіметі орнаған уақытта бұл жағдай одан ары ушыға түсті. Қазақ мәдениеті мен 
әдебиетіне, тілі мен руханиятына жан-жақтан тұсау сала отырып, халықтың дамуын 
тежеулетті. 
Осы бір қиын қыстау кезеңде халқының тағдыры үшін күреске шыққан Ахмет 
Байтұрсынұлы секілді тұлғалар ұлт үшін бастарын бәйгеге тікті. Ахмет Байтұрсынұлы өз 
уақытында қазақ халқының болашағын жарқын ету мақсатында түрлі салада қызмет атқарып, 


57 
ұлтының ұстазына айналды. Әдебиетте ғалымдығын, өлеңде ақындығын, қарасөзде көсемдігін 
танытқан оның тұла бойы өнер мен білімге толы жан еді. Соның ішінде ол өзінің саналы 
ғұмырын қазақ тіл біліміне арнаған болатын.
Өз уақытында тіл тұралап тұрған шақта бұл мәселені көтеріп, бүкіл газет-журналдар 
мен кітаптардың тілін ана тілінде жазған оның еңбегін қандай асыл дүниемен теңгерсек те, 
артық етпес. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлының ең іргелі істерінің бірі – қазақ жазуын 
реформалауы еді. Көп уақыттан бері араб әліпбиіне негізделген жазуды қолданып келген қазақ 
халқына Кеңес Одағы күштеп латын графикасын енгізуді қолға алған еді. Бұрын-соңды 
халықтың өңі түгіл, түсіне де кіріп көрмеген латын қаріптерімен жазу халқымыз үшін 
үйреншікті дүние болмады. Кеңес Одағының содыр саясатының кесірінен бүкіл қазақ 
сахарасына латын графикасына негізделген әліпбиге көшіру – күн тәртібіндегі басты мәселе 
болды. Осы уақытта бұл жөнсіз реформаға қарсы шығып, ұлттық жазуды ауыстыруды Ахмет 
Байтұрсынұлы да ойлады. Ол бұрыннан қазаққа етене таныс араб әліпбиін негізге алып, 
қазақтың пайым-түсінігіне, дыбыстауы мен айтуына ыңғайлап, «төте жазу» үлгісін 
дайындайды. Төте жазу - А.Байтұрсынұлы негізін салған қазақтың ана тіліне жақын жазу. 
Оның бұл әліпбиді жасаудағы мақсаты – қазақ тіліндегі өзге, жат элементтерді жойып, тілді 
шұбарлылықтан сақтап, орынсыз лексикалық сөздер мен синтаксистік ықпалдан тазарту еді. 
Ол өзінің бар ғұмырын қазақтың тіл білімі мен дыбыстар жүйесіне арнағандықтан, оның бұл 
салада өзгеше, тың үрдіспен жол салуы маңызды еді. Ахмет Байтұрсынұлы қоғам мен ұлттың 
дамуы оның мәдениеті мен руханиятының, тілі мен ділінің дамуымен байланысты екенін ерте 
бастан түсінді. Ғалым сауатсыздықты жоюдың басты құралы ретінде 1910 жылдан бастап 
оқулықтар мен еңбектер жаза бастады. 
Міне, осы уақыттан бастап Ахмет Байтұрсынұлы ғылымға ден қойып, бұрыннан 
халқымыздың тілдік қолданысында орнығып қалған араб әліпбиіндегі кейбір қажетсіз 
дүниелерді алып тастауға, оны қазақы танымға сай сингармонизм мәселелеріне ыңғайлап 
орнықтыру аса маңызды екенін түсінеді. Ал сол уақытқа дейін, яғни Х ғасырдан бері біз араб-
парсы жазуын қолданып келгенбіз. Нәтижесінде, Ахмет Байтұрсынұлы осы факторларды 
ескере отырып, халқымыздың танымы мен пайымына негізделген, араб әліпбиін басшылыққа 
ала отырып, 28 дыбыстан құралған жазу үлгісін ұсынады. Төте жазу сол кезеңде қазақ тілінде 
жарық көрген барша еңбектерде қолданылды. Әліпбиде бұрынғы араб әліпбиіндегі жат 
дыбыстар алынып, оның орнына төл дыбыстар қойылған. Осыдан кейін бүкіл түркі жұрты 
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіл біліміндегі бұл «төңкерісін» ұлы жаңалыққа балайды. Тіпті 
олар бұл жазуды мойындап, өте шебер логика мен кәсібилікпен құрылған әліпбидің бірегейі 
деп баға береді.
Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының араб жазуынан бас тартуына басқа да 
себептер болған. Олар: араб әліпбиінде бір дыбыс бірнеше әріппен таңбалана беретін, ал 
дауысты дыбыстар тіпті де таңбаланбайды. Олардың орнына үш-ақ дауысты қолданылған, 
олар – а, у, и. Міне, осыған байланысты жазу кезінде кейбір сөздерді түсінуде және түсіндіруде 
көптеген қиындық туып, дауысты дыбыстарды шатастыру жағдайлары орын алатын. Араб 
әліпбиіндегі осындай келеңсіз жайттар қазақ халқын сауаттандыру мәселесін тежей бастады. 
Осыны ерте кезден байқаған ғалым Ахмет Байтұрсынұлы жоғарыда айтқанымыздай, қазақтың 
ұлттық жазу үлгісін қалыптастыра бастады.
Төте жазу 1912 жылдан бастап қазақтың қоғамдық өміріне ене бастады. Сол уақыттан 
бері қазақ қоғамының түрлі салаларында еркін қолданылып, халықтың керекті құралына 
айналды. Қазақы танымға бай ұлттық жазудың бұл түрінің ерекшеліктері де болды. Мысалы, 
Ахмет Байтұрсынұлы басы артық дыбыстарды, қазақы танымға сай келмейтін әріптерді 
қысқартты. Араб жазуына тән диакритикалық белгілер қолданылмады. Сонымен бірге 
дауысты дыбыстар қазақ тілінің үндестік жүйесіне сай негізделді. Бұл өз кезегінде ұлттық 
қазақ жазуының жетілуіне көптеген септігін тигізді. Ахмет Байтұрсынұлы «төте жазудың» 
үлгісін қалыптастырмас бұрын өзге де түркі тілдерінің формасына, үлгісіне көз жүгірткені 
анық. Тіпті батыс елдерінің жазуларын да салыстыра зерттегені де белгілі. Содан кейін барып, 


58 
үлкен тәжірибенің негізінде қазақтың ұлттық жазуын қалыптастырды. Бұл жай ғана бір күннің 
ішінде орныққан әліпби емес екені айдан анық. Оның қаншама жылдан бері Ахмет 
Байтұрсынұлының санасында сақталып келген саф ойы екені белгілі. 
Ахмет Байтұрсынұлы бір ұлттың әліпбиін басқа бір халық қабылдап, қалыптастырғанда 
оны өзінің төл тіліне икемдеу керек екенін, олай болмаған жағдайда әліпби мәселесінің оң 
шешім таппайтынына 1924 жылы болған «Қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде» айқын да 
нақты түрде айтып еді. Ахмет Байтұрсынұлы бұл жиында сөйлеген сөзінде: «Осы күнгі 
жұрттардың бәрі де өзі шығарған әліпбиін тұтынып отырған жоқ. Бәрінікі де өзгеден алған 
әліпби. Еуропа жұрттарының тұтынған әліпбиінің түбі көне семит әліпбиі. Көне семит 
әліпбиін өз тіліне үйлестіріп финикий жұрты алған, онан грек алған, гректен латын, Еуропа 
жұрттары алған. Түркі әліпбиінің түбі де көне семит әліпбиі, олардан куфалықтар алған. 
Куфалықтардан араб өз тіліне үйлестіріп алған. Арабтан Иран, Түрік және басқа мұсылмандар 
алған. Солардың қайсысы да бірінің әліпбиін бірі алғанда тұрған қалпында алмаған. Өз 
тілдерінің дыбыстарына қарай өзгеріс кіргізіп алған. Тіліне әліпбидің артығы болса, алып 
тастаған, кемтігі болса, әріп қосып толықтырған» дейді. Сол үшін де Ахмет Байтұрсынұлы 
араб әліпбиін өзінің ұлттық жазуына икемдеп алғанда да осы жоғарыдағы мәселелерді 
басшылыққа алады. 
Осы бір тарихи жағдайдан кейін ұлт басына үлкен қауіп-қатер туады. Кеңес Одағының 
астыртын саясатының кесірінен қазақ жазуын латын графикасына негізделген жазуға 
ауыстыру мәселесі туындады. Бұл кезеңде Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бір топ ұлт 
ғалымдары бұл шешімге қарсы шығады. Ахмет Байтұрсынұлының латын графикасына 
негізделген жазуға қарсы уәж айтқандағы негізгі мақсаты - елдің руханияты мен 
экономикалық жағдайы еді. Ахмет Байтұрсынұлы әліпби ауыстыру арқылы бүкіл қазақ ұлты 
ең алдымен, рухани-мәдени мұрасынан айырылатындығын, екіншіден, оқу құралын шығару, 
баспа ісінде біршама проблемаға ұрынатындығын ескереді. Сол уақыттағы бұл мәселеге 
қатысты ойлар «Әліппе айтысы» деген атпен 1927 жылы Қызылорда қаласында кітап болып 
басылып шығады. Бұл еңбекте А.Байтұрсынұлының тұжырымын М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, 
І.Ахметұлы, т.б. қолдап, уәж айтады. Мысалы, І.Ахметұлы: «Қазақстаннан шыққан Ахмет 
бұрынғы араб әліппесін өзгертіп, қазақ әліппесін жазды. Неше жылдай қазақ елін 
шоқындырмақ болған миссионерлер, қазақ еліне үлгі көрсетіп, әліппе жасап бермек болған 
орыс білімпаздарының қолынан келмеген нәрселер Ахаңның ғана қолынан келді. Ахаңның 
дәйекшесін орыс білімпаздары да ілім жолындағы үлкен табыстың біріне қосып отыр», - дейді. 
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақтың жазба тілін қалыптастырып, оның жазуын 
реформалаған алғашқы ірі тұлға. Өз заманында қоғамның сан саласында қызмет атқарған 
оның еңбегі қазақ руханиятының алтын қорында мәңгіге сақталары анық. Соның ішінде 
ғалымның тіл білімі ғылымындағы атқарған істері ұлт жадынан, ұрпақ санасынан өшпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет