«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Список использованной литературы



Pdf көрінісі
бет37/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Список использованной литературы: 
1. Исхан Б.Ж., Даутова С.Б., Оспанова Б.Р. Языковая политика и казахский алфавит
// Успехи современного естествознания. - 2014. - № 9-1. – С.136-140; URL: https://natural-
sciences.ru/ru/article/view?id=34205 . 16.02.2022. 
2. 
Мажитов 
С.Ф. 
У 
созидательных 
начал 
казахского 
нациестроительства. 
URL:https://iie.kz/?page_id=394&lang=ru  14.02.2022. 
3. Шотбакова Л.К. Казахская интеллигенция конца XIX - начала ХХ века об основных 
направлениях развития культуры в Казахстане // Вестник КарГУ. – 2006. 
URL:https://articlekz.com/article/5371 12.02.2022. 
4.Из истории казахского алфавита: арабская графика – латиница – кириллица. 
URL:https://tengrinews.kz/article/istorii-kazahskogo-alfavita-arabskaya-grafika-latinitsa-639/ 
12.02.2022. 


74 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


75 
ҰЛТЫНЫҢ ҰЛЫ ПЕРЗЕНТІ 
 
Абдурасулова Гулнур Женисбековна
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Рудный қаласы білім бөлімінің Дм. Карбышев атындағы
№14 жалпы білім беретін мектебі» КММ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
Ахмет Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы. Жазу мен сөйлеу ауызбен 
сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен 
дүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу 
қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да артық»... 
Жалпы қазақ қағаз жинамаған, сөз жинап дағдыланған халық қой. Сөз қадіріне ерекше 
мән берген халық. Ахмет Байтұрсынұлының көптеген дүниесі көңілде жатталып, көкейде 
түйілген. 
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілінің тарихында үлкен бір дәуірді алып жатқан алып 
тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспеншілікпен суғарып, 
толассыз еңбегін шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Ол қараңғылық тұңғиығынан жарық 
жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Не оқыту 
жүйесі, не өзіндік жазуы қалыптаса қоймаған, мал соңына ерген, малмен күн көрген қалың 
ұйқыдағы туған халқының қамын жеп, сауатын ашпақ боп сары масадай ызыңдаған үлкен 
ақын, тілім деп түн ұйқысын төрт бөлген талапшыл тілші, шебер аудармашы, түркі тектес 
халықтар тұлға тұтқан түрколог, қоғам ісіне араласқан мемлекет қайраткері. 
Ахмет Байтұрсынұлының ықыласымен және үлкен данамен шыққан «Қазақ» газеті ең 
алдымен, қазақ халқының ұлттық азаттығы мен мәдени әлеуметтік дамуы үшін күрескен және 
қазақ қоғамының мүдделерін көздейтін мәселелер көтеріп, оларға әлеуметтік үн бере алды. 
Газеттің ең бірінші мәселесі – тіл. Қазақ тілін сақтап, оны әрі қарай дамытуды ойлап, ол үшін 
қазақ балалары сауатын ана тілінде ашу керектігін, ұлт мектептеріндегі оқу-тәрбие ісін тура 
жолға қоюды жиі жазған болатын.
1913 жылы «Қазақ» газетінде «Оқу жайлы» деген бас мақала жарияланады. Бұл мақала 
экономикалық тұрмыс жағдайымен бірге оқу-білімнің қажеттігін дәлелдейді. 
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тілін зерттеуші. Мұғалімдер даярлайтын оқу орнын 
бітірісімен 1895 жылдан бастап Ахмет Байтұрсынұлы бала оқытуға кіріседі. Бала оқыта жүріп, 
сол оқыту ісіне қажетті жағдайларды қарастырады [1, 11]. Ол 1910 жылдардан бастап қазақ 
графикасымен (жазуымен) айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түрік халықтары сияқты 
қазақтар да пайдаланған араб таңбалары қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны 
ұлттық жазуға икемдеп, қайта түзетуді қолға алады. Сол үшін ең бастысы қазақ тілінің 
фонетикалық (дыбыстық) жүйесін зерттеуге кіріседі.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол
1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастады. 
«Айқаптың» 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде «Шаһзаман мырзаға» атты үлкен мақала жазып, 
онда қазақ дыбыстарын білдірмейтін кейбір араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу 
керектігін және сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші дейтін таңба қою 
қажеттілігін дәлелдейді. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34 және одан кейінгі сандарында 
«Жазу мәселесі» деген үлкен мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды таңбалау 
жайындағы өзінің тұжырымын білдіреді.
Бұдан кейінгі ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы үшін лайықтап алуды 
ұсынды:
а) Араб алфавитіндегі жуан дыбыстарының таңбаларын алмау;
б) Қазақ тіліндегі ы, е, и, о, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу;


76 
в) К, г дыбыстарының басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін 
білдіру үшін сөздің алдына дәйекші таңба қою. Бұлайша түзілген алфавиттің сауат ашудың 
дыбыс жүйесі әдісіне сай екені байқалады [1, 13]. 
Ахмет Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ қауымы, 
әсіресе, мұғалімдер тобы бірден қабылдай кетті. Себебі, Байтұрсынұлының реформасы қазақ 
тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған еді. Сонымен қатар оның
1912 жылдардан бастап ұсынған, осы алфавитті негізге ала отырып, жаңа жазуы («Жаңа 
емле») жүзеге асырыла бастады. 1915 жылы осы жазумен 15-тей қазақ кітабы басылып және 
бұл жазуды («Жаңа емлені») 1912 жылдардан бастап мұсылман медреселері мен қазақ-орыс 
мектептері де қолдана бастаған екен. «Жаңа емлені» Ахмет Байтұрсынұлы әрі қарай зерттей 
келе, полиграфиялық жағынан қолайлы және қолайсыз тұстарын, оқыту барысындағы тиімді 
және тиімсіз тұстарына аса мән беріп, нақтылай кетеді. Сөйтіп, араб әріптері негізінде 
жасалған қазақ графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12 жұлдызында қырғыз (қазақ) 
білімдарларының тұңғыш съезінде ортаға талқыға түсті [1, 15].
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш салған 
ғалым деп айта аламыз. 1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын әліппені 
(«Оқу құралы») жазғаннан кейін, арасын суытпай, мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін 
оқулық жазуға кіріседі. «...Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет