«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет39/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Қоңыратбаев О.М., Жүрсінбаев Б.А., Жүрсінбаев А.Ә. - Мені таңғалдырған тұлғалар. – 
Алматы. 2011 ж. – 15-18 б. 
2. Р. Сыздықова. – Ахмет Байтұрсынұлы. – Алматы. 1990 ж. – 20-35 б. 
3. Ө. Айтпайұлы. – Тіл ғұмырлар. – Павлодар. 2010 ж. – 11-35 б. 
 
 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫНДАҒЫ
ЖАЛҚЫЛАУЛЫ-ЖАЛПЫЛАУ ӘДІСІ НЕМЕСЕ ҚАЗІРГІ ОҚЫТУ 
ҮРДІСІНДЕГІ БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ 
Абуталипова Асемгуль Багитбаевна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Әулиекөл ауданы білім бөлімінің
№1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
 
Қай кезде болмасын білім беру үрдісінде өзіндік әдіснаманың бастапқы орында тұруы - 
шартты әрекет. Білім беру мен ағарту ісі кез келген елде алдыңғы қатарда тұратын саланың 
бірі болғандықтан, білім беру ісіндегі барша жаңалықтар мен толықтырулар, өзгертулер мен 
реформалар қашан да тыңғылықты эскперимент пен құзырлы тәжірибеден өткізіліп, арнайы 
дайындық және кірігу үрдісінен өткеннен кейін барып түбегейлі оқу және оқыту үрдісіне 
енгізу басталатындығы хақ.
Қазақ елі мен ұлтында алғаш қазақ тілінің оқытылуы мен жазба сауатын 
қалыптастырудың өзіндік әдіснамасын өзінің педагогикалық мұрасында сөз еткен ағартушы, 
ұлт ұстазы, ғалым, Алаштың біртуар қайраткері, зерттеуші, лингвист Ахмет Байтұрсынов 
атамыздың еңбегі – кез келген педагогикалық сала үшін үлкен мұра. Ахмет атамыздың 
педагогикалық мұрасы оқулықтар мен кітаптар, арнайы құралдарды құрастыру мен жазудан 
бастап, оны оқыту мен одан сабақ беру бойынша арнайы әдіснаманы да зерделеп, өз кезегінде 
талдаулардан өткізіп, сараптап, ең асылы, ең тиімді дегендерін өзінің педагогикалық 
мұрасының жинағына қоса алғандығы тарих беттерінен белгілі. Осы ретте Ахмет 
Байтұрсынұлы – Мұхтар Әуезов айтқандай, қазақ халқының «рухани көсемі», «ұлт 
ұстазының» ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді [1, 4 б.]. Осы ретте ұлт ұстазының мына 
бір сөзі тілге тиек болатыны сөзсіз: «Жастардың қалай оқып, тәрбиеленуі – бәрінен бұрын 
ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс» [2, 19 б.]. Иә, әлбетте, мен де оқу және оқыту 
үрдісінде оқытудың тиімді және құнды, құзырлы әдіснамасына қатты назар аударамын.
Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасындағы мықты әдістердің бірі ретіндегі 
жалқылаулы-жалпылау әдісіне ерекше зер салып, оны қазіргі кездегі оқытудың мықты және 
өзекті әдістерімен үйлестіре, салыстыра, сараптап көріп, тиімділігін зерделеуді жөн көрдім.
Ең алдымен, жалқылау әдісіне ерекше анықтама беріп кеткенім жөн. Жалқылау әдісі – 
жалпылау әдіске қарсы жөндегі әдіс. Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, 


78 
жалқылаудың асылы – іріден ұсақтату [1, 334 б.]. Жалпылау мен жалқылау әдісі оқыту мен 
білім беру үрдісінде қажетті материал мен ресурсты түсіндіруде өзінше тиімділігі басым 
әдістердің бірі. Осы орайда аталмыш әдістің тиімділігі зерделенген ақпаратқа зейін қоятын 
болсақ, жалқылау әдістің жалпылау әдістен артықтығын қуаттайтын пікір ХVІІІ ғасырдың 
аяғында туғаны арнайы ғылыми зерттеулерден белгілі. Бастап туған жері – Франция елі. Осы 
әдісті қолдаушылар былайша дәлелдеген екен: бір нәрсемен баланы таныстырғанда, оның 
бөлімдерінен бастап таныстырмаймыз, тұтас тұрған тұлғасында таныстырамыз. Мәселен, 
шапанды таныстырғанда, жеңінен, жағасынан, ішінен, оюынан бастап таныстырмаймыз, ең 
алдымен, шапанның өзін көрсетеміз [1, 334 б.]. Әлбетте, оқу және оқыту үрдісінде қазіргі кезде 
бұл жалқылау мен жалпылауды қарапайымнан күрделіге қарай, бөлшектен тұтасқа қарай, 
тұтастан бөлшекке қарай, не боламаса қазіргі оқытудағы Блум таксономиясы бойынша ілімді 
де мысал ретінде келтіруге болады. Бұларға кейін тоқталармын, ал қазірге әлі де жалқылаудан 
жалпылауға өту бойынша мықты тұстарын айтып кетейін. Мәселен, тілді үйретуде жазу мен 
ойлауды, сөйлеуді үйрету барысында «Абай жолы» шығармасын бастасақ, ең алдымен үшінші 
кітаптағы «Абай аға» тарауынан, болмаса «Кек жолында» тарауларынан емес, тек Абай 
туралы ғана басында сөз етуден бастаймыз. Болмаса, автордың өзін, яғни Әуезовты сөз етуден 
бастаймыз. Абайға сипаттама жасап, мінездеме беруде де жалқыдан бастап, жалпыға өсе 
түсеміз:
Абай
Абай-дана 
Абай-дана адам 
Абай-дана адамдардың бірегейі 
Абай дана адамдардың бірегейі болу барысында
Абай дана адамдардың бірегейі болу барысында өзінің парасаттылығын
Абай дана адамдардың бірегейі болу барысында өзінің парасаттылығын құзырлы 
таныта алған.
Әлбетте, осындай ретте бастауыш буын болсын, орта, жоғарғы, орта білімнен арнаулы 
орта, жоғарғы білім беру ұйымдарында болмасын, жалқыдан жалпыға өту – ыңғайлы, тиімді 
және де оқушы мен тыңдарманды шаршатып жібермейтін әдістеменің бірі деп қабылдауға 
болады.
Жалқылаулы-жалпылаулы әдісі ешқашан да бөлек жүрмейді. Себебі, сабақ барысында 
берілген ресурс пен білімнің меңгеріліп, қалыптасқанынан қарай жалпыдан-жалқыға, 
жалқыдан-жалпыға қарай жұмыс түрлерін ыңғайластырып, тапсырмалар беруге әбден болады. 
Мәселен, бірде зат есім дегеніміз – заттың атын білдіріп, кім? не? сұрақтарына жауап беретін 
сөз табының бір түрі деп жалпыласақ, зат есімнің сұрақтары? Зат есім нені білдіреді? деген 
жеке сұрақтарды қою арқылы жалқы жауаптарды да тартуға болады. Бұл әдістердің түрленуі 
сыныптағы ойлау дағдысының деңгейі әр түрлі оқушылар үшін өте ыңғайлы. Себебі, жас 
ерекшелігі бойынша бір жаста болса да, психологиялық, моральдік және ойлау дағдысы 
деңгейінің түрлі болуына байланысты оқу және оқыту үрдісінде сараланған, деңгейлік 
тапсырмаларды міндетті түрде түрлендіріп қолдану шебер және кәсіби ұстаздың ерекшелігі 
деп тануға болады. Бұл әдістің мықты тұстарын ерекше атап өтейін:
- білмейтіні бойынша аздаған ақпарат пен түсінікті біртіндеп шығару мүмкіндігі бар 
болғандықтан бір сөзді жауаптарды ұсыну мүмкіндігі ойлау деңгейі төмен оқушы үшін де 
тиімді;
- қарапайымнан күрделіге қарай оқушы ойлау деңгейінің және қиялының қалыптасу 
деңгейіне орай өсіре беруге болатындығы; 
- сабақтың, яғни оқу және оқыту үрдісінің бастапқы кезеңінде жалқылаудан, әрі қарай 
орта кезеңінде жалқылаудың өскен, күрделенген, жалпыланған түрін, ал сабақ соңында тіпті 
жалпыланған жауап арқылы сыни пікір мен сыни бағамдау арқылы бағалау деңгейіне өту 
мүмкіндігі;


79 
- жалқыдан басталатындықтан сынып ішіндегі түрлі ойлау деңгейіндегі оқушылардың 
барлығын сабақ барысына ұтымды тарту мен сөйлету мүмкіндігі басым;
- сабақ барысында жұптастыру, топтастыру, жекелей сұрау және жауап алу 
мүмкіндігінде осы әдісті тікелей және кері түрде құзырлы қолдана берудегі тиімділігі және 
т.б.
Қарап отырсам, зиянды, әлсіз тұсы тіпті жоқ екен. Ендігі ретте осы әдісті қазіргі кездегі 
оқу және оқыту үрдісіндегі Бенжамин Блумның арнайы таксономиясының каскадты формада 
берілуі, тізілуі де осы жалқылаудан жалпылауға ауысу әдісімен пара-пар.
Білу – бұрыннан бері білетін бір-екі сөздер – жалқы білу.
Түсіну – білгені мен білетінін түсіну, саналы ұғыну – жалқы білуді түсіну деңгейі.
Қолдану – білгені мен түсінгенін дағдымен істе орындап көру мүмкіндігі. 
Жалқылаудың жалпыға өту басымы.
Талдау мен жинақтау – жалпылаудың ортадан жоғары деңгейі.
Бағалау – жалпылау әдісінің ұқсас түрі.
Әлбетте, осындай ұқсас және үйлесімді ақпараттардың бір-бірімен келісімді түрде 
берілуі қазіргі кездегі білім беру мен оқытудағы, тәрбиелеудегі бірден бір жүйелі жұмыс жасау 
негізі деп сенімді айтуға болады. Себебі, жалқыдан бастап, яғни білу мен түсінуден бастап, 
оны қолдану мен талдау, жинақтауға өтіп, оны бағаласа, яғни бағалау деңгейіне өтсе, өз ойын 
сыни тұрғыда жинақы және жүйелі жеткізе алатын деңгейге жетті деген сөздің өзі оқушы 
бойында мықты ойлау және айтылым дағдысының құзырлы түрде саралануы, машықталуы 
деп айтуға болады. Әдетте, тест сұрақтарының өзі де жалқылаудан жалпылауға қарай, яғни 
білу мен түсінуден басталып, қолдану, талдау және жинақтауға қарай өсіп, бағамдаумен 
аяқталады. 
Осы әдістің оқу және оқыту үрдісінде Ахмет атамыздың орасан зор еңбегімен ғана 
туындап, білім беру үрдісінің тәжірибесіне енгізілуінің өзі ұлт ұстазы Ахмет атамыздың 
педагогикалық мұрасындағы ешқашан сұранысын жоғалтпайтын, мықты әдістер қазынасы 
екендігінің, сонымен бірге өшпес және бағасын жоғалтпас пайдалы педагогикалық мұра 
екендігінің белгісі болып қалмақ. Теория мен тәжірибенің қайталанбас үлкен бір үлгісі тұнып 
тұрған белгілі ұстаз, рухани көсем, зерттеуші, ғалым, лингвист Ахмет Байтұрсынұлы таза 
ғылыми зерттеулермен шектелмей, күнделікті сұранысқа ие, қажет болып табылатын 
құралдардың авторы бола білгендей, қазіргі ұрпақтың да Ахмет атамыздың бір дара жолын 
таңдап, ізбасары болатындай білім мен ілім бере білетін, ұлтына қызмет ететін ұстаздар 
қауымы оқытуды жеңілдететін әдіснамаларды туындату мен ұтымды қолданудың хас 
шеберлері бола берсін деген тілектемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет