88
96 беттік балаларға арналған, лайық тiлмен жазылған жұмбақ, мақал-мәтелдер, ұсақ әңгiмелер
бар еді. Бұл еңбек Орынборда басылып шығады. Қазақша сауат ашатын тұңғыш әлiппе құралы
едi. «Оқу құралы» кітабының сыртқы бетіндегі:
«Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та!
Бұл
жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре-тұра қалалық па?» деген өлеңімен сауат ашқанын, ондағы оқуға жеңіл,
тілі ұғымды, баланы қызықтырып, ынталандыратын қызықты, қысқа әңгімелерге тоқталған.
Әр әңгіменің соңында «тобықтай түйіні» - мақал болатын. Мысалы, «Өтірікші тышқан»
әңгімесінің қорытындысы: «Қолы жетпеген қорлаушыл», ал «Ата насихаты» әңгімесі:
«Тірліктің күші - бірлікте» деп қорытылатын. «Оқу құралы» әр нәрсені естен кетпейтін әсерлі,
шағын әңгімемен түсіндіріп беретін [2, 262 б.].
Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту, оқулықтар жасау, әліппе, емле, грамматика
проблемаларын тереңнен қозғап, мақалалар жазып, тұжырымдар жасаған. Ағартушы, педагог
мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейiн көп ұзамай ендi
мектепте қазақ тiлiн пән ретiнде үйрететiн оқулық жазуға кіріседі.
Тағы да ізденудiң
нәтижесiнде 1915 жылы «Тіл - құрал» кітабы шықты: 1-бөлiмі фонетикаға арналған, 2-бөлiмі
морфология, 3-бөлiмі синтаксиске арналған едi. Бұл кiтаптары бірнеше рет жаңарып,
бастырылып отырды. «Тіл – құрал» - қазақ мәдениетiнде бұрын болмаған соны құбылыс.
Оның қазақ жұртшылығы үшiн мүлде тың дүние екендiгiн автордың өзi де ескертедi.
Кiтабының «Сөз басында» «Тіл - құрал» деген аты қандай жат көрінсе, iшкi мазмұны да әуелгі
кезде сондай жат көрiнер, өйткенi бұл - қазақта бұрын болмаған жаңа зат. Халықта бұрын
болмаған нәрсе жат көрiнiп, бірте-бірте бойы үйренген соң қалатын», - дейді.
«Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз,ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы
жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты»,- дей келіп, ел мен елді, ұлт пен ұлтты
теңгеретін ғылым, өнер екенін айтып, оқуға, ағартушылыққа ден қойған ол «Оқу жайы»
мақаласында («Қазақ», 1913 ж. №11) өз кезіндегі мектептер ісін, сауаттылық мәселелерін
қозғайды, әрбір жүз кісіден 6 еркек қазақша, әрбір мың кісіден 6 еркек орысша, ал әрбір үш
жүз кісіден 1 әйел қазақша, төрт мың кісіден 1 әйел орысша хат таныды деген дерек
келтіреді
[1, 9 б.].
1895 -1909 жылдары ел ішінде әр сатылы мектептерде бала оқыта жүріп, Ахмет үлкен
тәжірибе жинақтайды, қарапайым ұстаздықтан күрескер ағартушылыққа қол созады. Қазақ
алфавитін жетілдіру мақсатында, қазақ тілінің ішкі табиғатын танып, жүйесін түсініп алу
қажеттігінен, қазақ тілін ғылыми зерттеу, яғни, фонетикалық жүйесі мен грамматикалық
құрылысын танып-білу зерттеулерінің қорытындысы ретінде «Жазу тәртібі» мақаласын
жариялайды [2, 215 б.].
Өз қолымен жазған «Өмірбаянында» (1929 жылы) Ахмет Байтұрсынов былай дейді:
«Орынборға
келгеннен кейiн, бiрiншiден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және
синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екiншiден, қазақ алфавитін (шрифтік емес),
орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшiншiден, қазақ жазба
тiлiн лексикалық
шұбарлықтан, басқа тiлдердiң синтаксистік ықпалынан тазартумен; ең
соңында, төртiншiден, проза (iс-қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тiлiн кітаби тіл
арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерiнен термин жасау арқылы халықтың жанды
тiлiнiң арнасына көшiру iстерiмен айналыса бастадым. Бұлар өзiм жасаған оқулықтар және
өзім редакциялаған «Қазақ» газеті арқылы iске асты». Бұл
жолдарда ғалымның өмiр бойы
жасаған iстерi тиянақты, жүйелі түрде айтылған.
Cөйтiп, Ахмет Байтұрсынұлы, бiрiншiден, қазақ тiлiнiң тұңғыш әліппесі мен
оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1814-
1815 жылдардан 1927-1928 жылдарға дейiн пайдаланып келдi. Қазақ оқушыларының бiрнеше
буыны сауатын Байтұрсыновтың «Әліп-биiмен» ашып, ана тілін «Тiл –құралы» арқылы оқып
үйренді. Екіншіден, А.Байтұрсынов - араб графикасына негізделген қазақ жазуының
89
реформаторы. Бұл жазу да үстіміздегі ғасырдың 10 жылдарынан бастап 20
жылдардың
соңына дейiн (латынға көшкенше) қазақ мәдениетіне, оқу-ағартуына жақсы қызмет етті.
Байтұрсынов жасаған жаңа жазу күнi бүгiнге дейiн қолданыс тауып келедi: Қытай Халық
Республикасы, Ауғанстан, Иран сияқты елдердегi қазақ бауырластарымыз сауаттарын осы
жазумен ашып, баспа дүниелерiн осы графикамен шығарады. Үшіншіден, А.Байтұрсынов –
қазақ әдебиетi мен мәдениетін зерттеушi тұңғыш филолог ғалым және Қазақстан ғылымын
алғашкы ұйымдастырушылардың бiрi. Төртіншіден, А. Байтұрсынов - қазақ халқына адал
қызмет еткен ipi қоғам қайраткері. Қазақ халқының сауатты да білікті ел қатарына қосылуы
үшін ақтық демі біткенше күрескен осынау ұлы адамның аты ұлт жүрегінде мәңгі сақталуы
тегін емес, әдістемелік құралдары әлі күнге дейін қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі
саласындағы ғалымдардың қолданысына ие.
Ұлт ұстазы аталып, соңына өшпес із қалдырған Ахмет 1937
жылы желтоқсанда
жазықсыз атылып кетті. 1988 жылы Ахмет Байтұрсынұлы толық ақталды, шығармалары
мектеп оқулықтарына енгізілді. 1988 жылдан кейін Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге
Ахмет Байтұрсынов есімі берілді. Тіл білімі институты, Қостанай мемлекеттік университеті
Байтұрсыновтың есімімен аталды. Әр мерейтойы салтанатпен атап өтіліп, түрлі деңгейдегі
ғылыми конференция өткізіледі, Байтұрсыновтың мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды.
Қорытындылай келе, осындай ізгі атпен Ахмет Байтұрсынұлы ел есінде мәңгіге қалатынына,
насихаттала беретініне сенемін.
Достарыңызбен бөлісу: