«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»



Pdf көрінісі
бет56/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   117
Байланысты:
«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ - ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ АТАСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Өзен мен Қарасу 
Қарасу өзенге айтты: «Ғажап мұның! 
Мезгілің бар ма, сірә, табар тыным? 
Тасисың бірде кеме, бірде салдар, 
Қайықтың есебі жоқ сансыз мыңын. 
Суыңда күндіз-түні тыныштық жоқ, 


117 
Қалайша шаршамайсың, жарықтығым? 
Бейнетім менің егер сендей болса, 
Бір күн де төзбес едім, нақ бұл шыным. 
Байқасам салыстырып саған қарап, 
Рақат, ұжмақ менің көрген күнім. 
Ол рас, сендей атақ-дабысым жоқ, 
Планда орынды да көп алмаймын, 
Қағазға сыймай тұрқым, онша ұзын боп. 
Сол шақта Өзен айтты: «Тоқта, надан! 
Сөзіңді шығын қылма жоққа, надан! 
Ісімді әурешілік, пайдасыз деп, 
Білмесең, құр өтірік соқпа, надан! 
Ағынмен су зораяр деген қайда? 
Мұндай сөз хабарыңда жоқ па, надан?... [2]. 
Бұл өлең жолдары қара өлең (а-а-б-а), және аралас( а-а-б-в-б-б) ұйқасқа негізделген. 
Өлең жолындағы Өзен мен Қарасуға жан бітіріп, қазақ халқындағы хал-ахуалды астарлап 
жеткізіп тұр. Ал астарлау дегеніміз – троптың бір түрі. Бір нәрсені, не құбылысты тура 
суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, 
бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.[3] 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Имаханбет Р.С.А. Байтұрсынұлы: ғұмырбаяндық деректер. Қарағанды:TENGRI Ltd», 2013. 
2. Алты томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Ел-шежіре» - 2013 ж. 384 б. 
3. Ұ.О.Еркінбаев. «Әдебиет танытқыш» теориялық негізі. Алматы: 2008. 
 
 
 
 
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ УЕЗІНДЕГІ
САУАТТЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚОЗҒАУЫ 
 
Есенова Кинжекуль Омаровна, 
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының 
«Жітіқара ауданы білім бөлімінің
Чайковский жалпы білім беретін мектебі» КММ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
 
Қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келген Ахмет Байтұрсыновтың 
ұлтымыздың ұлы ұстазы болып аталғаны бәрімізге белгілі. Халықтың «Ұлтымыздың Ұлы Ұстазы» 
деп атау себебі, біріншіден, әкесінің Ахметке берген ақылы мен өтініші: «Балам, мен, міне, үкіметке 
арыз бере алмай, Сібірге айдалып кетіп бара жатырмын. Саған айтарым бар, қандай қиыншылыққа 
ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, жалаң аяқ жүрсең де, жататын орның болмаса да, қанша 
қорлық көрсең де, оқы, тағы да айтатын тілегім – оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат 
жазатын балам болсын» деген екен [1]. Сол уақыттан бастап бала Ахметтің оқуға деген құлшысы 
ояна бастайды. Әкесінің тілегін орындады. Екіншіден, ұлтымыздың сауатын ашу үшін ауадай 
қажет «Әліппе» оқулығын жарыққа шығаруы және халыққа адал қызмет атқарған еңбегінің 
жемісі болып табылады. Сондай-ақ, «Ақжол» газетінде: «Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап 
әліппе мен әріп, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен 
Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда 
бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді», - деп жазылған [2]. Сол кездегі аумалы-төкпелі 
заманның ағымына қарсы тұра білген қоғам қайраткерлерінің бірі А.Байтұрсынов болды.


118 
Қостанай жерінде 1895 жылдан бастап мектептерде ұстаздық қызметін бастайды. Қазіргі 
Әулиекөл деген жерде болыстық мектепте, кейіннен Қостанай қаласындағы екі сыныптық орыс-
қазақ мектепте мұғалім болады. Қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен 
айналысады, оқу құралдарын жинауды қолға алады. Сөйтіп, ел ішінде еркін мінезді батыл 
ойшылдың бедел-атағы өсе бастайды. Оны қазақтар үшін өз әліпбиін жасау әрекетіне де, тілін 
зерттеп оқулықтар жазуына да, тіпті қоғамдық-әкімшілік істеріне араласуына да алып келген- 
осы ағартушылық мақсаты. Оның ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген 
істері тек оқу-білімге шақырумен тынбайды. Ол қазақ даласындағы мектептердің жайы, бала 
оқытудың жолдары туралы жиі мақалалар жазды. Соның бірі – 1913 жылы «Қазақ» газетіндегі 
«Оқу жайы» мақаласы. Бұл еңбегінде ол «Қазақта балаларды оқытатын әзірге жосықтар 
/программалар/ мен кітаптар /оқулықтар/ жоқ» дей келіп, оларды жазу қажеттігін және 
арнаулы педагогтік білім алатын оқытушылар даярлау керектігін, «білімнің бас құралы - 
кітап» деп, «білім конкурсы» дегенді жариялау арқылы да оқу-ағартуды жандандыруға 
болатынын айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет