203
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Р. Сыздықова. А.Байтұрсынов (өмірі мен қызметі туралы) //А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы.-
Алматы: 1992, 9 б.
2. А. Байтұрсынов. Тіл тағылымы. - Алматы: 1992.
3. «Қазақ» газеті. – 1913. - №2
4. Қ. Жұбанов. «Жаңа грамматикалық жаңалықтар жайынан» // Алматы: 1937.- №1-3.
5. А.Байтұрсынов. «Ақ жол». - Алматы, 1991. - 350-351-б.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ
Турганова Ляззат Хансултановна,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Жітіқара ауданы білім бөлімінің
№ 12 жалпы беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Елдің басына төнген кешегі қара бұлттың көбесі сөгіліп, азаттықтың ақ туы көк аспанда
желбірегелі бері қазақ руханиятына зор үлес қосқан ұлт қайраткерлерінің еңбектері мен
шығармашылығы туралы жазылып, мәдениетіміздің шамшырағы жанғандай болды.
Өшкеніміз жанып, өлгеніміз қайта тіріліп, руханиятымыздың кем-кетігінің орны толықты.
Осы бір тұста туған халқымен қайта қауышқан Ахмет Байтұрсыновтың жөні бөлек.
Талай
уақыт архив пен жасырын құжаттарда сақталып келген оның есімі тәуелсіздік таңымен бірге
қайтып келді.
Халық қайраткері, ұлт ұстазы, жамағат жанашыры Ахмет Байтұрсынұлы – халқының
азаттығы, елінің тәуелсіздігі мен ұлттық мемлекеттігі жолында жан аямаған күрескер.
М.Әуезов айтқандай, «Елшілдік ұранын көтерген», жаңа заман жаршысы, ұлы реформатор.
Дарынды сөзімен дабыл қаққан, өлең өрімі мен өресін ұққан ұлы ақын. Бала тәрбиесінен
бастап, ұлттық санаға дейінгі педагогикалық мәселелерді түгел зерделеген ұлт ұстазы,
гуманист ағартушы. Ұлттың дыбыстық жүйесін дұрыстап, әліпбиін жаңғыртқан, жазуын
жүйелеп, жөнге салған ұлы тілші. Қазақ әдебиеті теориясының тәмсілін түзген,
көркемдік
кестесінің қисындарын көрсеткен әдебиеттанушы. Оқу мен оқытудың озық үлгілерін, оңай
тәсілдерін үйретуші шебер әдіскер. Өзге жұрт жауһарларын өз тілінде сөйлеткен, өзгенің
игілігі өз еліне пайдасын тигізерді ойлаған тапқыр аудармашы. Ұлттық ұғымға сыйымды,
тіліне жатық, ойына жатық атаулар қорын түзген терминтанушы. Ұлт қайраткері ретінде
танылған Ахмет Байтұрсынұлы қазақ терминологиясының негізін қалаған тарихи тұлға. Кeз
келген ғылымды oқып білу мен меңгеру немесe оны өзгелерге үйрeту, оны ғылыми айналымға
түсіру сол ғылым салaсында қолданатын арнайы ұғым атауларынcыз мүмкін емeс. Қазaқ тіл
ғылымының түп қазығын қалаушы тұлға рeтінде А.Бaйтұрсынұлы аталмыш сaладағы басты
ұғымдaрды және олардың өзaра байланысы мен жүйесін саралап, яғни қазaқ тілінің
құрылымын айқындайтын ұғымдaр жүйeсін түзумeн қатар, сол ғылыми ұғымдaрдың
атауларын да тұңғыш рeт жасады. Ғылыми ұғымдaрға ат қою оп-оңай жұмыc емeс. Ол үлкeн
талғампaздықты, тілді шeбер пайдалана бiлуді қажет етeтін шығармашылық процeсс. Онымен
қоса, aрнаулы ұғымдарға aт қою кeзінде ұғымдар жүйeсінің өзіндік
ерекшeліктерін ескеру
қажeт. Бұл тұрғыдaн келгенде, ғaлым қазақ тілiн термин шығармaшылығында пайдаланудың
жaрқын үлгісін көрсeтті. А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынбордa жарық көргeн «Оқу
құрaлының» өзінен буын, дыбыc, нүкте, дaуысты дыбыстар, жарты дaуысты дыбыс, дәйeкші,
жіңішкeлік белгісі, хәрiп сияқты тeрминдерді ұшыратуға болaды. Ал 1914-1915 жылдaры және
204
одан кeйінгі жылдары 1928 жылғa дейін бірнеше дүркiн басылып тұрғaн «Тіл - құрал»
оқулықтарындa әбден қaлыптасып, бүгінгі күнгe дейін қолдaнылып жүрген және қолданылa
беруге тиіс зат есім, сын eсім, сан есім, eсімдік, етістік, үстеу, қосымшa, жалғау, жұрнaқ
сияқты тeрминдер жүздеп кeздеседі. Жaлпы алғанда, ғaлым термин шығармaшылығында
морфолoгиялық және синтaксистік тәсілдерді көбірeк пайдалaнған.
Мұны кездeйсоқ нәрсе
дeуге болмайды. Ғaлым ұғымдар жүйeсінің ерекшелігін терeң түсіне oтырып, әр ұғымның
көлeмі мен мазмұнын дәл қaмтитын атау жасaуды көздeген. Яғни, әр ұғымның өз
таңбaлаушысы болуына мән бергeндігі байқалады. Сондықтaн да ол аталған тәсілдeрді
пайдалану aрқылы көптеген жaңа терминдер жасaған.
ХХ ғасырдың басында үркердей топтанып шыққан қазақ зиялы қауымының аса
көрнекті өкілі, өзінің жалпы рухани болмысы жағынан «оқыған азаматтардың тұңғыш көсемі»
ретінде танылған Ахмет Байтұрсынұлы болатын. Ол өзі өмір сүрген қоғамның көкейкесті
әлеуметтік мәселелерін биік деңгейде қозғаған, адамды
рухани қалыптастырудағы оқу-
білімнін құдіретін терең түсінген ағартушы – реформатор болған.
Ел ертеңін ойлаған есіл ердің ерен еңбегі бұл аталғандармен шектелмейді.
«Тән көмілер, көмілмес еткен ісім,
Ойлайтын да мен емес, бір күнгі ісін,
Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын,
Ел – бүгіншіл, менікі ертең үшін» – дейтін арда азамат арқалай алған уақыт жарлығы
мен жұртының жауапкершілігіне саятынның баршасымен толығып кете береді...
ХХ ғасыр басындағы тарихымыз небір күрделі оқиғаларға толы болғанын білеміз. Бұл
қазақ жерінің патшалық Ресей құрамына толық еніп, отаршылдық езгінің ең күшейген шағы
болатын. Өз жерінде өзінің негізгі азаматтық құқықтары шектелген қазақ баласының дәл осы
күйін Ахаң секілді арда туған азаматтар ғана түзей алар еді. Өткен ғасырдың алагеуім шағында
«Алаш қозғалысы» деген атпен тарихымызға енген ұлт-азаттық қозғалысының қайраткерлері
саяси сахнаға шықты. Оның саяси көсемі – Әлихан Бөкейхан болса, тұтас дәуірдің рухани
көсемі – Ахмет Байтұрсынұлы еді. Бұл қозғалыс қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру үшін
күреске шыққан ұлы оқиға болды. Бұл тарихи кезеңде қазақ оқығандары мен зиялы қауымы
үлкен қадамдар мен батыл істерге барды. Себебі, ұлтның тағдыры мен тарихы талауға түскен
шақта жай ғана қарап отыруға Ахаң бастаған топтың дәті бармады. Олар ұлт пен халықтың
қамын ойлап, іргелі істердің қиюын таба білді.
Саясат пен экономикада, мәдениет пен
әдебиетте, ғылым мен білімде озық нәтижеге ұмтылған қазақ зиялыларының түп мақсаты –
қазақ халқын жарыққа шығару болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті,
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Алаш арыстары бізге мемлекетшілдік идеясын ту
етіп көтеруді табыстап кетті» деп аса жоғары баға берді. Қазақтың ұлт ретінде сақталуының
қорғаны да, кепілі де ұлттық мемлекеттілік екенін ұғынған көшбасшы топтың ең алдыңғы
сапында Ахмет Байтұрсынұлы тұрды. Бұл туралы қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаев:
«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше
тұлға. Бәлкім, біреулерге бұл
орынсыз тамсану болып көрінер, оған дейін де бұл далада
Фараби, Иасауи, Қорқыт, Асан Қайғы, Ыбырай, Шоқан, Абайлар да өтті ғой десер. Ол рас...
Бірақ, Ахмет Байтұрсынұлы оларға ұқсайды да, ұқсамайды да. Ұқсайтыны: ол да аталмыш
алыптар сияқты, ұлттық дамуымыздың үрдісі мен қарқыны қалған дүниедегі даму үрдісі мен
қарқынына сәйкес келмей кенде қалып, көрер көзге тығырыққа тірелген халқына адастырмас
жол іздеді. Ұқсамайтыны: Ахмет Байтұрсынұлы ондай жол Қорқыт пен Асан Қайғыдай
үйреншікті үрдісті аман сақтап қалатындай жаңа қоныс іздеумен табылады деп түсінбеді.
Фараби мен Иасауидей өз тұсындағы кең жайылған антикалық немесе исламдық
дүниетанымға уақытылы көшу арқылы барлық мәселені шешуге болады деп ұқпады. Абай мен
Шоқан, Ыбырайлардай теңдікке жетудің жолында тек ағартушылықпен шектелгісі келмеді.
Оның үстіне, бұлардың ешқайсысын да Ахмет Байтұрсынұлының рухани қалыптасуына
тікелей әсер етті деу тым асыра айтқандық болар еді» деп, Ахаңның ұлт тарихындағы тарихи
орнын дәл бағалаған болатын.
205
Ахмет Байтұрсынұлы өз заманында ұлтының жарық шамшырағы болған. Оның еңбегі
мен рухы
ғасырлар бедерінде қалықтап, бүгінгі күннің де жемісіне айналды. Қазақ
тәуелсіздігінің алғашқы қадамын жасағандардың қатарында болған Ахаңның еңбегі қай заман
болмасын, үлкен мұра болып қалары сөзсіз. Ұлтының ұстазына, халқының қамқорына
айналған оның есімі қазақ руханиятының төрінде мәңгі сақталары сөзсіз. «Адамға ең қымбат
нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі» деген Ахаңның бұл сөзі әлі күнге дейін өзекті. Қара бастың емес,
халықтың қамын алдыңғы орынға шығарған Ахмет Байтұрсынұлы – ұлтының ұлы ұстазы.
Оның есімі мен еңбегін қадірлеп, ардақ тұту – ұлтымыздың басты парызы.
Достарыңызбен бөлісу: