190
Қазақ өнерінің антологиясы
ӘСЕТ ПЕН ЫРЫСЖАН
Ырысжан:
Бір таудың жан салмаған тағы кері,
Шыдайды егес жерде ердің ері.
Сыпайы, сынық қылмай, келтіріп айт,
Болады өлеңнің де оқа-зері.
Сіз – Әсет, мен – Ырысжан, әлем білген.
Екеуіміз тартысалық әрі-бері.
Қорғалап не
қып отыр, бойын бағып,
Жұрт бұлдап, тұмарлаған белгі тағып.
«Адырға атар киік» дегендейін,
Атпасаң, нысанаға келдің не ғып?
Аянып өлеңіңді отырмысың,
Жұрт көңіліне құмардың отын жағып.
Бара-бар
Ырысжанмен деуші еді жұрт,
Жүр екен өсекшілер босқа лағып.
Осы ма атақтыңыз Әсет деген,
Бере ме өнер пайда көрсетпеген?!
Топастау тор шолақтың біреуі ғой,
Мұны кім сөз білгішке есептеген?
Үрейің мұнша неге ұша қалды,
Бұл жерде жалмауыз жоқ кісі жеген.
Шаппайтын,
желмейтұғын жорға десем,
Семірген ақша майға екен көбең.
Әсет:
Басында нұрын мақтап, нәзік белден,
Сөз ұғар нәсілі таза айтқан жерден.
Қатты, жұмсақ сөзінің бәрі әдемі,
Шыққандай тыңдаған жан қайғы-шерден.
Алдыңнан
адам шығар болмаған соң,
Үйрендің қатаң шауып ылди-өрден.
Тірі жан менен өзге туған жоқ деп
Алыпсың күпір мінез әзәзілден.
Шөпжелке, шошаңдатпа таяғыңды,
Дәндеген бастай берме баяғыңды.
Шарам кеңнен шабылған қара шормын,