192
Қазақ өнерінің антологиясы
Кекетіп келген жерден ұрынады,
Бойына таудан үлкен кек әкелген.
Жар қадірін білмейтін әулекіге,
Өлшемей, осы жұртым неге әкелген?
Әсет:
Бұ
сөзің дұрыс емес, тәйір атқан,
Байқадым шымбайыңа сөзім батқан...
Тату дос шын ниетпен саған теңмін,
Асылын өлшеп сөйлер жөнін баққан.
Айыр көмей, жез таңдай,
қаусырма жақ,
Алты арысқа білінген әкең менмін,
Сөз тамырын байқармыз тартысқанда
Жығылмай, түзу кетсең, ақын дермін.
Ырысжан:
Рас, ақын осындай дүрден шығар,
Соқтадай сорақы сөз кімнен шығар?
Қасқыр болса, қой жейтін анық сырттан,
Арлансып, өз ойында жүрген шығар.
Арлан қасқыр екен деп жасқанам ба,
Қайдағы қу сұмдық сөз сізден шығар.
Мен – Ырысжан екенін байқай алмай,
Әншейін бір қыз ғой деп кірген шығар.
Әсет:
Тиер сөздің тиегін айттың шенеп,
Көтермелеп өзіңді өрге демеп.
Кеудесі кең өрескел,
албыт ауыз,
Әдептен аттаған соң солай демек.
Ырысжан:
Ақынның тура келмей данасына,
Соқтықтым жанып тұрған шаласына.
Қоржын толмас бойыңның кескіні бар,
Бойыңның көзім тоймас қарасына.
Осы жұрт жөнін білмей соқтырады-ау,
Майқының жұдырықтай баласына.
Табысып,
татулықпен сөйлеселік,
Қыстырмай ұят сөзді арасына.