Годы
2011
(млн.тенге)
%
2012
(млн.тенге)
%
2013
(млн.тенге)
%
Республика
Казахстан
27 571 889,0
100
30 346 958,2
100
35 275 153,3
100
Акмолинская
область
809 400,6
3,2
803 896,3
2,7
959 809,4
2,7
Актюбинская
область
1 477 682,0
5,4
1 674 697,9
5,5
1 760 590,9
5,0
Алматинская область
1 246 208,6
4,5
1 454 293,6
4,8
1 749 373,9
5,0
Атырауская область
3 447 336,7
12,5
3 292 532,2
10,9
3 590 140,7
10,2
Западно-
Казахстанская
область
1 323 537,6
4,8
1 711 408,0
5,6
1 734 369,2
5,0
Жамбылская область
634 251,9
2,3
763 861,8
2,5
880 659,3
2,5
Карагандинская
область
2 397 919,6
8,7
2 458 966,9
8,1
2 634 259,8
7,5
Костанайская
область
1 135 574,0
4,1
1 156 230,9
3,8
1 354 477,4
3,8
Кызылординская
область
1 034 819,0
3,8
1 176 555,0
3,9
1 332 732,6
3,8
Мангистауская
область
1 751 142,2
6,3
1 640 136,5
5,4
1 907 134,8
5,4
Южно-Казахстанская
область
1 507 227,9
5,5
1 870 589,5
6,2
2 142 445,9
6,1
Павлодарская
область
1 527 256,2
5,5
1 528 366,5
5,0
1 766 029,4
5,0
Северо-
Казахстанская
область
667 893,3
2,4
683 013,8
2,3
753 510,3
2,1
Восточно-
Казахстанская
область
1 624 341,0
5,9
1 819 547,8
6,0
2 072 410,8
5,9
г.Астана
2 090 987,4
7,6
2 582 855,9
8,5
3 484 792,9
9,9
г.Алматы
4 896 311,0
17,8
5 730 005,6
18,9
7 152 416,0
20,8
Примечание: составлено на основе данных Комитета по Статистике Республики Казахстан
Анализ показывает, что наиболее высоких объемов производства ВРП достигли
г.Алматы, Атырауская область и г.Астана, доля которых в 2013 году составила 20,8 %,
10,2 % и 9,9 % соответственно [11].
г. Астана благодаря своему столичному статусу развивалась быстрее всех. В главной
нефтедобывающей Атырауской области наблюдались почти такие же темпы роста в
значительной мере благодаря высоким мировым ценам на нефть за данный период,
которые стимулировали добычу и экспорт нефти, а также благодаря международным
инвестициям в нефтегазовый сектор. г.Алматы относится к числу городов с развитой
247
промышленной инфраструктурой. Уровень и объем промышленного производства в городе
и определяет развитие обрабатывающей промышленности.
Но при этом необходимо учитывать, что эти регионы по показателю ВРП занимают
лидирующие позиции за счет отрасли промышленности. За последние 3 года наблюдается
рост объемов промышленного производства (рис.3).
Рисунок 3. Динамика объемов промышленного производства
по отраслям за 2011–2013 годы
Половина объема промышленного производства (49,4 %) приходится на три области –
Атыраускую, Мангистаускую и Западно-Казахстанскую. Доли этих регионов в общем по
Казахстану объеме промышленного производства в 2013 году составляет соответственно
27,1, 13,0 и 9,3 %.
При этом весь западный регион (Атырауская, Мангистауская, Западно-Казахстанская и
Актюбинская области) производит почти 60 % всего объема промышленного производства.
На данный регион также приходится более 80 % общеказахстанского объема производства
горнодобывающей промышленности где только Атырауская область обеспечивает половину
этого объема или 2/5 общего объема по Республике Казахстан.
Между тем такие области, как Карагандинская, Восточно-Казахстанская и Павлодарская
области обеспечивают половину объема производства обрабатывающей промышленности.
Их доля в общем объеме производства обрабатывающей промышленности по стране
составляют в 2013 году соответственно 22 %, 13,2 % и 13 %.
Совершенствование
конкурентоспособности
региона,
институциональное
и
инфраструктурное обеспечение условий для устойчивого экономического роста и развития
предприятий на региональном уровне возможно за счет реализации мер по следующим
направлениям:
– совершенствование нормативно-правовой базы, прежде всего в следующих областях:
создание и функционирование институтов развития бизнес-инкубаторов, союзов
производителей, поддержка инновационной и инвестиционной деятельности, трудовые,
земельные отношения, социальная сфера и т.д.;
– поддержка инициирования и реализации приоритетных инвестиционных проектов за
счет создания системы привлечения инвестиций;
– создание специальных механизмов (агентств, технопарка, фондов, в том числе
венчурного (страхования инновационной деятельности), централизованного центра продаж
и маркетинга новой продукции и инновационных технологий, промышленных зон
опережающего развития, индустриальных зон, и пр.) регионального развития, основными
функциями которых должны стать содействие и поддержка высокоэффективных производств
и проектов, осуществление мониторинга и анализа;
– развитие взаимодействия между бизнесом и властью за счет государственно-частного
партнерства, развитие механизмов государственно-частного партнерства на региональном
уровне;
– совершенствование инфраструктуры государственной поддержки малого и среднего
предпринимательства;
248
– формирование региональной кластерной политики, обеспечивающей создание
конкурентоспособных кластеров в реальном секторе экономики региона;
– активизация комплексных работ по поддержке научно-исследовательских и опытно-
конструкторских разработок (НИОКР) и координация при распределении заказов на них
региональных производственных предприятий среди областных научных организаций,
научно-исследовательских
институтов
(НИИ)
;
создание
региональной
системы
взаимодействия малых и крупных производственных предприятий; организация
системы
публичной продажи акций.
Проведенный анализ показал, что возможности повышения конкурентоспособности
имеются практически у всех регионов Казахстана. Необходима активная региональная
политика, позволяющая стимулировать экономическое развитие в регионах, причем не
только в наиболее отсталых, но и в имеющих потенциал для лидерства. Реализация
проводимой политики в промышленности и сельском хозяйстве должна быть основана
на оценке научно-технологического и инновационного развития отраслей региональной
и национальной промышленности и трансформации передового зарубежного опыта в
казахстанскую практику.
В заключение хотелось бы отметить, что внутренняя конкурентоспособность экономики
регионов в большинстве случаев опирается не на один, а на совокупность факторов,
при этом регионы с конкурентоспособной экономикой обладают большим, чем другие
регионы, числом конкурентных преимуществ. Следовательно, конкурентоспособность
экономики региона зависит не только от сложившейся в нем ситуации и от состояния
экономической системы, но и рационального управления конкурентоспособностью региона
в целом.
Список использованной литературы
1 Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева «Казахстанский путь-
2050: единая цель, единые интересы, единое будущее» от 17.01.2014 г.
2 Послание Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана
«Нұрлы Жол – Путь в будущее»от 11.11.2014 г.
3 Сабден О.С. Экономическая модернизация в контексте конкурентоспособности
национальной экономики // Материалы Междунар. науч.-практ. конф., посвящ. 20-летию
МАБ. — Алматы, 2008.
4 Коломак, Е. А. Конкурентоспособность регионов России / Е. А. Коломак // Регион:
экономика и социология. – 2009. – № 3. – С. 87–115.
5 Портер, Майкл Э. Конкурентное преимущество: Как достичь высокого результата
и обеспечить его устойчивость / Майкл Э. Портер; Пер. с англ. – М.: Альпина Бизнес Букс,
2005. – 715 с.
6 Сепик Д. Конкурентоспособность регионов: некоторые аспекты. – М., 2005. – 45 с.
7 Портер, Майкл Э. Конкуренция / Майкл Э. Портер; пер. с англ. Пелявского О. Л.,
Уриханяна А. П., Усенко Е. Л. и др.: под ред. Я. В. Заболоцкого, М. С. Иванова, К. П. Казаряна
и др. – М.: Вильямс, 2006. 496 с.
8 И. Е. Медушевская. Методы оценки конкурентоспособности национальной экономики.
ВЗФЭИ, филиал г. Пенза, Россия.
9 Ахметжанова С. Б. Конкурентоспособность пищевой промышленности Казахстана
(теория, проблемы, пути повышения). Дис.д.э.н./Алматы, 2002.
10 Методологические и практические аспекты оценки конкурентоспособности региона:
монография / Под ред. Л. Н. Чайникова. – Тамбов: Изд-во Тамб. гос. техн. ун-та, 2008. – 148 с.
11 Интернет-ресурс: www.stat.gov.kz.
249
Спабеков Ғ. О.,
Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы мемлекеттік басқару
академиясының ГМУ-1-2014 тобының
магистранты
ӨҢІРЛЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМЫТУ –
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ФАКТОРЫ
Аңдатпа. Мақалада өңірлерлерді әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың тіршілік
әрекетіне қолайлы жағдайлар жасаудағы, келешекте өңірлердің әлеуметтік – экономикалық
мәселерін шешудегі өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру нәтижесінде,
өңірлердің әлеуетін арттыру бастамасын ілгері бастыру және оларға мемлекеттік басқарудың
қаржылай қолдау жасау мүмкіндіктері ұсынылады.
Негізгі сөздер: мемлекеттік басқару, өңірді дамыту, индустрияландыру, өңірлерді қаржылай
қолдау, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігі, өңірлік саясат, аймақ.
Өңірді дамыту дегеніміз ол жан жақты және көп аспектілі үдеріс. Сонымен қатар, өңірді
дамыту-аумақтардың тұрақты, үйлестірілген, көп факторлы әлеуметтік – экономикалық,
шаруашылық, ресурстық, экологиялық потенциалдарының ұдайы жаңғыртылып
қамтамасыздандырылған халықтың әл-аухатының сапасы мен деңгейінің оң серпінін
көрсететін өңірлік жүйенің қызмет жасауы [1]. Өңірді дамытуды реттеудің маңызды
аспектілерінің бірі мемелекет тарапынан қаржылай қолдау, өйткені әрекет жасау үшін, іс-
әрекеттермен байланысты шығыстардың толық төленуін қамтамасыздандыруды талап етеді.
Мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, ұлттық саясаттарының қатарында, ішкі саясаттың
маңызды бағыттарының бірі – өңірлік саясат. Өңірлік саясаттың жүйелі шараларының бірі,
орталық өкімет (мемлекет) пен өңірлердің қарым-қатынастарын реттеу болып табылады
[2]. Сонымен, өңірлік саясаттың негізгі мағынасы, ол өңірлерді саяси және экономикалық
жағынан дамытуды реттеудегі шараларды жалпы ұлттық деңгейде белгіленген саяси
мақсаттарға сәйкес әзірлеу және оны жүзеге асыру деуге болады.
Қазақстанда үдемелі индустрияландыру және экономиканы әртараптандыру бағытына бет
алу «Экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру және халықтың
өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында экономикалық өсу орталықтарын
қалыптастыру жоспарларымен» тікелей байланыста. Бүгінгі таңда Қазақстанда жаңа
аумақтық ұйымдастырылу қалыптастырып жатқанын атап кеткен жөн. Біріншіден ол
Алматы, Астана ірі қалалалардың озық өсуі және еліміздің батысындағы Атырау, Маңғыстау
облыстарының шикізат орталықтарының экономикалық өсуі. 2012 жылы 16 аймақтың төрт
өңірі еліміздің ішкі жалпы өнімінің жартысын қамтамасыз етті. Осы аталған өңірлерде
негізгі инвестициялар мен экономиканың басқа да ресурстары шоғырланған. Бірақ, еліміздің
аумақтық ұйымдастыруда жүргізіліп жатқан үдеріске қарамастан, қаржыландыру жағынан
өңірлік саясаттағы көзқарас сол қалпында қалып тұр.
Мемлекет және құқық теориясы, құқықтану саласының көрнекті ғалымы
Алексеев С. С. мемлекеттік басқару жөнінде былай деп айтқан болатын: «Мемлекеттік
басқару – мемлекеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның
аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі» [3]. Сондықтан биліксіз әлеуметтік басқару
болмайды деген тұжырымның негізі бар екенін көруге болады.
Мемлекеттік құрылыс және құқық саласының белгілі ғалымы Г. М. Атаманчук
мемлекеттік басқарудың мынадай анықтамасын берді: мемлекеттік басқару мемлекеттің
ұйымдарға адамдардың тәртіптері мен іс-қимылдарына, олардың ұжымдарына біртұтас
қоғамға тікелей ықпал етуге бағытталған, ғылыми негізделген, жоспарланған, ұдайы және
құқықтық нысанда жүзеге асырылатын қызмет [4].
Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан Республикасында жүргізілген мемлекеттік
басқару реформасын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады.
Алғашқы кезеңде 1991 жылдан бастап 1994 жылға дейін әкімшілік реформа күрделi
жағдайда жүзеге асырылды. Ел экономикасы ауыр жағдайда болып, қоғамдық және
250
әлеуметтік-экономикалық қатынастармен қатар, тұтастай алғанда, мемлекеттің рөлін және
ұзақ мерзімді перспективада даму үлгісін айқындау қажет болды. Қазақстан басқарудың
командалық-әкімшілік жүйесінен бас тартып, нарықтық қағидаттарға және мемлекеттік
құрылыс пен басқару негізіне батыл бағыталды [5].
1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін экономикалық реформаларды жүргізу қарқынын
жеделдетуге және даму бағытын нақты айқындауға көмектескен мемлекеттің тыныс-
тіршілігінің барлық негізгі бағыттары бойынша заңнамалық актілер қабылданды. Ең алдымен,
бұл заңдар экономиканы ырықтандыруға және монополиясыздандыруға, кәсіпкерліктің
еркіндігі мен оны қолдауға, банк секторын реформалауға бағытталды.
Бұдан әрі 1997 жылдан бастап 2003 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда әкімшілік
реформаны жүргізу басталды. Бұған 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» стратегиясы
ықпалын тигізді. Негізгі функцияларға дейін шектелген тиімді мемлекет қалыптастыру,
елді дамыту басымының бірі ретінде айқындалған [5].
2003 және 2006 жылдар кезеңі мемлекеттік басқару құрылымынын, мемлекеттік басқару
деңгейлері арасында өкілеттіктің аражігін ажырату реформаларымен белгілі болды [5].
2012 жылы қабылданған «Қазақстан-2050» Стратегиясында қалыптасқан мемлекеттің жаңа
саяси бағыты – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру делінген. Ол қоғамға
қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс. Мемлекеттік
жоспарлау және болжау жүйесін одан әрі жетілдіріп, басқаруды орталықсыздандыруды
сауатты жүргізудің маңыздылығы, жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер
арасында бөлу жөнінде нақты шаралар қабылдаудың қажеттілігін нұсқап көрсетілген.
Жергілікті басқару органдары арқылы халыққа жергілікті маңызы бар мәселелерді өз бетімен
және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керектігі баяндалған. Жергілікті
басқаруды дамыту тұжырымдамасы бекіттілгендігі, және ол ауылдық, селолық деңгейде
басқару сапасын арттыруға мүмкіндік жасайтындығын және азаматтардың жергілікті
маңызы бар мәселелерге қатысуын кеңейтетінін атап көрсетілді [6].
Экономиканы басқарудың бағдарламалық-мақсатты әдістерін енгізуі бастамалары
көзделген. Қабылданған Бюджет кодексінің шеңберінде басқарудың төмен деңгейлеріне
берілген мемлекеттік функциялардың қаржылық қамтамасыз етілу мәселелері реттелді.
Әлемдік экономикалық үдерістерге қосылу, өзінің экономикасының тиімділігі мен
бәсекеге қабілеттілігіне ұмтылатын әр елдің ұлттық дамуын қамтамасыз ететін қажетті
шарттарына айналған. Егер де ұлттық экономиканы белгілі бір жүйе ретінде қарастыратын
болсақ, онда өңір сол жүйенің бір элементі деуге болады. Тәжірибе көрсеткендей,
елдің экономикасының бәсекеге қабілеттілігі, ол өңірлердің серпінді және нық дамуы.
Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы экономикалық дамуы өңірдегі мәсәлелердің
аумақты жиынтығына ықыластың нығайтылуымен сипатталады [7]. Республиканың өңірлік
дамуына жаңа серпін беру қажеттігі туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011
жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына
Жолдауында: «Индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын құрайды» ерекше
атап көрсетілген [8].
Жаңа өңірлік саясаттың міндеттерінің бірі – ол қалалар мен дамуы жоғары ірі ауылдық
елді мекендерді қолдау және дамыту болады. Осыған байланысты, келешегі бар елді
мекендерді әрі қарай дамыту үшін барлық деңгейде кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді
қажет етеді. Жаңа өңірлік саясатты іске асыру үшін адекватты және әрекет құралдары, сонын
ішінде қаржы қажет болатынын атап өту керек. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында
өңірлерді қаражаттандыру, бюджет қаражаттарын аумақтардың әлеуметтік-экономикалық
дамуының өрлеу қарқынының артуы мен донор өңірлерден реципиент өңірлерлерге қайта
бөлу негіздерінде қалыптасқан бюджет аралық қатынастардың жүйесінде қарастырылуда.
Бұл жағдайдың орын алуы трансферттің бірыңғай есептеу жүйесінінің болмауынан және
трансферлерді қалыптастырғанда оның мақсаты анық көрсетілмеуінен.
Дүниежүзілік тәжірибеде, Еуропалық қоғамдастарда жиі қолданылатын құрылымдық
қорлар, инфақұрылымды дамыту бағдарламалар (Канада), өңірлік және муниципалдық даму
қорлары (Ресей Федерациясында, Индияда, Латвияда) өңірлік саясатты жүзеге асырудың
басты қаржы құралдары болып табылады. Сонымен қатар, аталған қорлар болашақта
табыстылығын ұлғайту үшін, өңірлердің экономикасының бәсекелестігі мен өнімділігін
арттыратын Еуропалық қоғамдастардарының құрылымдық қорларының негізгі құралдары
болып келеді.
251
Жоғарыда көрсетілген, шетелдегі мемлекет қолдауымен құрылған қорлар мен
бағдарламалар, өңірлердің адам капиталы мен инфақұрылымдарына, инновациялық
мүмкіндіктер мен қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бөлінетін инвестицияларды
қолдайды. Сонымен қатар, мынадай әртүрлі қаржыландыру схемалары пайдаланылады:
мемлекет пен өңірлік биліктердің арасында бірнеше жылдық келісімшарттық бітімдер
(Германия, Франция), гранттар мен Еуропалық одақтың ортақ қаржыландыруы, мемелекеттік-
жеке серіктестік (Ресей).
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жаңа өңірлік саясаттың міндеттерінің бірі,
агломерациялық даму проблемасына қатысты қолайлы орта құруға және орталық және қала
маңы аймақтарын теңгерімді дамытуды қамтамасыз етугеназар аудара отырып, дамудың
жаңа қағидаттарына көшу кезінде халық санының бақылаусыз өсуін шектеу өзекті мәселе
болып табылады.Қазақстанда екі деңгейлі агломерация белгіленіп отыр, бірінші деңгейдегі
агломерацияға әлеуеті жоғары деп саналатын Астана, Алматы, Шымкент қалалары,
екінші деңгейде Ақтау және Актөбе қалалары кіріп отыр. Астана агломерациясын
Н.Назарбаев атындағы университетінің негізінде жоғары технология және инновация,
медициналық кластер, қалыптастырылған индустриалдық аймақ орталығы ретінде
жайғастыру ұсынылады. Бұл агломерация жақын орналасқан, келешегі бар Қарағанды
және Шортанды-Бурабай демалыс аймағының дамуын ескере отырып, тораптық «Өсу
аймағы» ретінде қарастырылады.
Алматы агломерациясы сауда-логистикалық және қаржы орталығы, «Алатау»,
«Инновациялық технологиялар» паркінің және Алматы қаласының ірі университеттерінің
негізінде инновациялық кластер, Орталық Азия өңірінің туризм орталығы ретінде дамитын
болады. Бұл агломерацияны ШЫХО «Қорғас» пен «G4City» спутник-қалалардың құрылысын
ескере отырып дамыту жоспарланып отыр. АЭА «Қорғас» сауда–логистикалық орталығы
ретінде Алматы агломерациясымен бірге кешенді дамыту ұсынылып отыр. Келешекте
АЭА «Қорғас» инфақұрылымының жартысын «G4City» аумағына орналастыруға болады.
«Екінші деңгейдегі» қалаларда халықты шоғырландыруды өсіру және қала аймағын
дамыту жоспарлануда. Келешектегі индустриалды дамуды қарастыратын болсақ, болашақта
бәсекелестік басымдылығы бар мамандандырудың кәсіби қызмет түрлері күшейе түсетінін
байқаймыз. Осы топтағы қалаларды дамытуға мемелекет тарапынан көрсетілген қолдау,
экономикалық өсу орталықтарының қатарына қосылуына үміткер болуына мүмкіндік
береді.
Қазіргі таңда Қазақстанның өңірлік саясаты – өңірлердің сыртқы және ішкі бәсекеге
жарамдылық факторларын арттыру мен оған қолайлы жағдайлар жасауын, еңбек ресурстары
мен экономиканы өсіру орталықтарындағы капиталды аумақты шоғырландыруын,
республика тұрғындарының тұрмыс сапасы мен аймақтық жұмыспен қамтылуын өсуін
қамтамасыз етуге арналған. Өңірдің бәсекеге қабілеттілігі, оның халықты тұрақты, нәтижелі
жұмыспен қамтамасыз етіп отырған, аймақтағы өндірістерді қалыптастырып жұмыс
жасауы үшін табиғи, шикізат, еңбек, инфақұрылымдық ресурстарын өңірде қаншалықты
тиімді пайдалануымен белгіленеді. Аймақтардың әлеуетінің бір бірінен айырмашылығы
бар болғандықтан, бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру саясаты әрбір аймақта әртүрлі
болу керек.
Қазақстанның экономикалық әлеуеті мен халықтың тіршілік әрекетіне қолайлы жағдайлар
жасау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2011 жылдың 26 шілдесінде
№862 «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған [9].
Бұл бағдарлама, өңірлерлерді әлеуметтік-экономикалық дамуымен халықтың тіршілік
әрекетіне қолайлы жағдайлар жасаудағы,келешекте өңірлердің әлеуметтік – экономикалық
мәселерін шешудегі маңызды құрал есебінде болады. Алдағы уақытта бағдарламаны жүзеге
асырудың негізгі міндеттерінің бірі: өңірлердің әлеуметтік–экономикалық дамуына тежеу
болатын жүйелі проблемалар мен факторларды анықтауға, және де оларды жою үшін
жергілікті атқарушы органдардың іс–қимылдарының тиімді тетігін жасау іс-шараларды
жүргізу арқылы жүзеге асырылуы ұсынылады:
– Барлық қорларды, соның ішінде қаржы қорларын және пайдаланылмайтын шаруашылық
активтертерін (тоқтап тұрған өндірістерді, айналымнан шығарылып, тікелей қажеттілікке
пайдаланбаған ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер) айналымға тарту арқылы
аймақтық экономиканы әртараптандыруды қаматамасыз ету;
252
– Аймақтың болашақтағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде отандық
және шетелдік инвесторларды тарту жұмыстарын жүйелі жүргізу, сонымен қатар жүріп
тұрған өндірістерді ұлғайту және де жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін әкімдікте Аймақтық
инвесторлар кеңесін құру;
– Инновацияларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
– Аймақтың барлық экономика сферасында кіші кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету;
– Аймақтардағы ірі мекемелердің шаруашылық қызметтерін Астана, Алматы қалаларының,
облыс әкімдерінің тиімді экономикалық бақылауына алуы;
– Аймақтың барлық экономика сферасында қуат ресурстарын үнемдеу технологияларын
енгізу және де балама қуат көздерін пайдалану;
– Қала айналасында азық-түлік жиынтығын жасау;
– Аймақтардың бәсекелестігін арттыру, экономикалық потенциалын оңтайлы кеңістікте
ұйымдастыру, халықты орнықтыру үшін қаржылық көмек көрсету.
Бағдарламаның екінші міндеті: өңірлердің бәсекеге қабілеттілігі және экономикалық
әлеуетті тиімдіұйымдастыруды жоғарылатуы үшін, мемлекеттік басқарудың қаржылай
қолдау шараларын жүзеге асыру келесі екі бағытта жүргізілу ұсынылып отыр:
– Бірінші бағыт, ол экономиканы өсірудің орталығын қалыптастырып, оған қолдау көрсету,
агломерацияның реттелмелі дамуы мен еліміздің қалалану үдерісі арқылы аумақты нәтижелі
ұйымдастыру мен халықты тиімді орнықтыру жүйесін қалыптастырудың аспектілеріне,
және де ішкі көшіп-қону ағынын ретке келтіруге бағыталған;
– Екінші бағыт, Қазақстанның өңірлерінің экономика жағынан дамуына және бәсекелестікке
қабілеттілігін арттыруға ықпал ету, өңірлердің бәсекелестікке қабілеттілігін жандандыру
міндеттерімен тікелей байланыста. Осыған байланысты, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру мен экономикалық дамыту мақсатында, жүзеге асыру үшін келесі іс-шаралар
ұсынылады:
– Өңірлердің индустриаландыру мен агроөндірістік жобалары үшін инфақұрылымдарды
қалыптастыру мен дамыту;
– Баламалы жарық қуатының инфақұрылымын дамыту;
– Өңірлерде мемелекеттік–жекеше серіктестіктің тетігін енгізу;
– Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау;
– Инженерлі-транстпорттық инфақұрылымдарды салу және қайта құру арқылы өңірлердің
белсенділігін арттыру;
– Өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыру;
– Айналадағы ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып
кеңістіктік дамуын арттыру;
– Агломерацияны дамыту мен елдендіруді қолдау арқылы аумақтық шоғырлануды
қамтамасыз ету;
– Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өнімі төмен және жоғары деңгейлі өңірлердің
арасындағы айырмашылықтардың азаюы.
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйымсалынбаған басқа да көздер
есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаны республикалық бюджеттен
қаржыландыру көлемі: 2013 жылы – 29500 млн. теңгені, 2014 жылы – 20000 млн. теңгені
құрады [9].
2020 жылға дейінгі «Нұр Отан» ХДП бағдарламасында қоғам мен мемлекет өмірінің
барлық саласында қарқынды және тиімді даму қамтамасыз етілгендігі атап көрсетілген.
Қорытындылай келгенде, өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру
нәтижесінде, өңірлердің әлеуетін арттыру бастамасын ілгері бастыру және оларды дамытуда
қаржылай қолдаудың ұлғаюы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруын қамтамасыз
ететін мемлекет тарапынан аталған бағдарламаның бекітілуі. Мемлекеттік бағдарламаны
жүзеге асыру барысында,әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін беретін негізгі
нәтижелелерлердің орындалуы мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттырады.
Бұған мыналар дәлел болады:
– жалпы ішкі өнім көлемінің екі есе артуы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы
өндірісінің, сондай-ақ экономиканың басқа секторларының өсуі, энергетика және көлік
253
инфрақұрылымының дамуы, инвестиция көлемінің ұлғаюы, даму институттарының
құрылуы, Ұлттық қордың қалыптасуы, қажетті резервтердің жинақталуы;
– кәсіпкерліктің дамуы, шағын және орта бизнес субъектілері санының өсуі, салық
заңнамасының жетілуі;
– еліміздің бас қаласы – Астананың қарыштап дамуы, оның халқы 10 жыл ішінде
1,8 еседен астам өсті, елдің басқа да өңірлерінің дамуы;
– денсаулық сақтау және білім беру салаларын қаржыландыру көлемінің ұлғаюы,
әлеуметтік маңызы бар жаңа объектілер құрылысы: он жыл ішінде 652 мектеп,
463 денсаулық сақтау объектісі пайдалануға берілді;
– ауылда өмір сүрудің тұрақты түрде жақсаруы: «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру
аясында 13 мың километр су құбыры желісі салынды, бұл 3,4 мыңнан астам ауылдық
елді мекенді сумен жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік берді; ауыл халқын байланыспен
қамтамасыз ету 3 есе артты;
– халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсізжіктерін қолдау саясатын дәйектілікпен іске
асыру: тағайындалған зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақының орташа
айлық мөлшері 3 есе ұлғайды;
– халықтың, оның ішінде бюджет саласы: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет
қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер табысының тұрақты өсуі, олардың орташа айлық
жалақысы 5 есе өсті;
– күтілетін өмір сүру ұзақтығының кемінде 3 есе артуы, демографиялық дамудың оң
өсу қарқынына қол жеткізу;
– көлік инфрақұрылымының дамуы: 2001–2010 жылдар кезеңінде республикалық
автомобиль жолдар желісінің 70 %-ы және жергілікті жолдар желісінің 55%-ы жақсартылды;
– тұрғын үй құрылысы: 10 жыл ішінде көлемі 40 млн. шаршы метрден астам тұрғын
үй салынды.
Өңірлерлерді әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың тіршілік әрекетіне қолайлы
жағдайлар жасалынуы,келешекте өңірлердің әлеуметтік – экономикалық мәселерінің
орындалуы – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігінің артуы. Қазақстан Республикасы
үшін экономиканы тұрақтандыру мен оның үйлесімді дамытуға бағытталған тиімді өңірлі
саясатты жасау өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |