Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет32/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   113
Суретте: Шуруппак ғибраттары. 
Сына жазу [45]


97
көне дәуірлерде, ойлы да айлакер, сөз тапқыш, сөздің мәнін білетін 
бір данышпан, Шумер тұрғыны Убартутудың ұлы Шуруппак, өзінің 
баласы Зиусудраға өсиет айтыпты:
* Ұлым менің, саған кеңес бергім келеді. Зиусудра, менің сөзіме 
құлақ сал, бар ниетіңмен тыңдап ал. Берген кеңесімді елемей қойма. 
Айтқан сөзімді екі етпе. Әкелер өсиетінің киесі бар, оларды тыңда, 
құлақ қой. Дауысы зор есек сатып алма – дауысы миыңды теседі. 
Жол жиегіне егін салма – жұрт таптап тастайды. Есек сүрлеуінің 
бойына егін екпе – құртады. Жазық жерден құдық қазба – су басып 
кетеді. Көшеге жұрттан асырып үй тұрғызба, ел қатарлы бол.
* Кепілдік етпе, сонда тәуелді болмайсың. Иә, ешкімге де 
кепілдік етпе – кім кепіл болса, сол ақымақ. Және куәгер де болма –
сол адам туралы оның отандастары айтсын. Дауласып жатқан жерге 
барма, сонда дауға куәгер болмайсың. Даудың өзінен-өзі басылғаны 
дұрыс. Өзің дау шығарма. 
* Дау от сияқты – өзінен-өзі тұтанбайды. Даудан қаш, одан басқа 
жолды білме. Ұрлама, өзіңді құртасың. Үйге баса-көктеп кірме, 
өзгенің елеуішіне көз салма. Ұры деген – арыстан, ал қолға түссе –
құл. Ұлым менің, ешкімді өлтірме! Өзің балта көтерме! Күйеуге 
шыққан жас келіншекпен қылжақтаспа, өсек сөзге ілігесің. О, балам 
менің, күйеуге шыққан жас келіншекпен оңаша отырма...
* Даудың тууына себепші болып, өз беделіңді түсірме. Жалған 
сөйлеме, бастан мойынды ажырата біл. Сөзді бұзба, сөзің – сенің 
іргетасың. Сөзіңді қайтып алма, өзіңе ашулы көзбен қаратпа. 
Ұрланғанға қызықпа, қолыңды былғама, көп пайда таппайсың. 
Жалған сөйлеме – кейін торға түскендей сөзіңнен ұсталасың. 
* Өрісте бөтен қойды қуалама. Бұқаны қолайсыз жерді жыртуға 
мәжбүрлеме. Мақсатың сенімді болса, жолың да сенімді. Қара 
ниетті жолға түспе, оның жақсылығы да – жаман. Даланың есегін 
сатып алма, айдаушылар оның екі жағында жүгіруге мәжбүр бо-
лады. Күңді қойныңа алма, дандайсып кетеді. Қатты ашуланғанда 
ешкімді қарғама, қарғысың өзіңе қайтып келеді. Суды қолыңмен 
ұстауға ұмтылма, әлің құриды. Нені күшпен лақтырсаң, соны саған 
да лақтырады. Қарыз алғанды қуа берме, жау табасың. 
* Батыр – жалғыз, адамдар ортасында да жалғыз. Күн – жалғыз, 
адамдар ортасында да жалғыз. Батырмен қатар тұру, сол еншің бол-
сын! Күнмен қатар тұру, сол еншің болсын. 


98
* Шағын қала патшаға өгіз береді. Үлкен қала үйлер тұрғызады, 
арықтар қазады. 
* Кім үйлерді қиратса, соны үй басып қалады. Кім халыққа 
қарсы тұрса, халық та соған қарсы болады. Кім алып бұқаны мой- 
нына салып алса, сол өзеннен жүзіп өте алмайды. Егер сен өз 
қалаңның мықтыларына қосылсаң, балам менің, жоғарыға көте- 
рілерің сөзсіз. 
* Батырлық пен ұстамдылық – ел қорғаудың мәні. Батырлыққа 
басыңды иесің. Билігі барға бағынасың. Балам менің, сонда зұлым 
адамның алдында да өзіңді ұстай аласың. 
* Өз анаң мен сақтаушы құдайыңның сөзін тәрк етпе.
* Ана – күн құдайы Уту сияқты, ол адамды өмірге әкеледі. Әке – 
құдай сияқты, ол жарық береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет