Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет141/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   596
ГЕОРГ ЗИММЕЛЬ
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/7/70/Georg- Simmel-1914.jpg


173
5-тарау

Георг Зиммель
Макроскопиялық конфликт теориясына қосқан үлесін санамағанда (Coser, 
1956; Simmel, [1908], 1955]), Георг Зиммель микроәлеуметтанушы ретінде та-
нымал, ол кіші топтарды зерттеудің дамуына (Caplow, 1968), символикалық 
интеракционизм мен алмасу теориясына айтарлықтай үлес қосты. Зиммель-
дің осы саладағы еңбектері оның «әлеуметтанушылар, ең алдымен, әлеуметтік 
өзара әрекетті зерттеуі тиіс» деген сенімде болғанын көрсетеді. Роберт Нисбет 
Зиммельдің әлеуметтануға қосқан үлесі туралы былай дейді:
«Зиммель еңбектерінің осы микроәлеуметтану сипаты оны басқа ға-
лым дардан әлдеқайда ерекшелендіре түседі. Ол адам қауымдастығының
шағын және жеке топтарына енжар қарамады әрі өзінің институт тарды 
талдауында адамдардың басты орында екен ін естен шығармады».
(Nisbet, 1959:480)
Дэвид Фрисби де осыған ұқсас тұжырымдама жасайды: «Кейбір психо логия-
лық категориялардағы әлеуметтану негіздері Зиммель әлеуметтануының тек ин-
теракционистер үшін ғана емес, әлеуметтік психология үшін де маңыз дылығын 
арттыра түссе керек» (1984:57; see also Frisby, 1992:20–41). Алайда Зиммельдің 
микроәлеуметтанулық жұмысы адам мен үлкен қоғам арасындағы қарым-қаты-
нас формалары теориясында кеңінен орын ал ғаны ескерілмейді.
Осылайша Зиммель туралы Білім министрлігі жазған баяндамада ол «Сыртқы келбеті, сым-
баты және өзінің ойлау бейнесімен израильдік» (Frisby, 1981:25) ретінде сипатталған. Басқа 
бір себебі оның атқарған жұмыстарына байланысты болды. Оның көптеген мақалалары га-
зет-журналдарда жарық көрді. Ол академиялық әлеуметтанушылар аудиториясына ғана емес, 
қарапайым жалпы аудиторияға бағытталған болатын (Rammstedt, 1991). Сондай-ақ ол ресми 
академиялық лауазымға ие болмағандықтан, күнкөріс үшін бұқаралық дәрістермен қаражат 
табуға мәжбүр еді. Зиммель еңбектері мен дәрісінің аудиториясы кәсіби әлеуметтанушылар 
емес, көбінесе интеллектуалды көпшілік болды, сондықтан кәсіби әріптестер тарапынан күлкі лі 
сындарға ұшырап отырды. Мысалы, оның замандастарының бірі мынадай сын айтқан: «Оның 
әсері көбінесе... журналистиканың жоғарғы деңгейлерін қозғап, жалпы атмосферасына әсер
етті» (Troeltsch, cited in Frisby, 1981:13). Зиммельдің жеке сәтсіздіктері сол кездегі неміс акаде-
миктерінің әлеуметтануды төмен деңгейде бағалауымен байланысты болуы мүмкін.
1914 жылы Зиммель кіші университетте (Страсбург) кезекті академиялық лауазым алды, алайда 
өзін тағы да шеттетілген адамдай сезінді. Бір жағынан, берлиндік интеллигенция аудиториясынан 
алшақтап кеткеніне өкінді. Жұбайы Макс Вебердің әйеліне жазған хатында: «Георг аудитория ны 
біржола тастап кетті... Студенттер мейірлі әрі жанашыр болды... Бұл кетуі оған өте ауыр тиді», –
дейді (Frisby, 1981:29). Бір жағынан, Зиммель жаңа университте өзін бөтен адамдай сезінді. Ол 
Вебер ханымға жазған хатында былай деген: «Біз туралы әлдебір жаңалық айту қиын. Біздің 
өмір... оқшауланған, ...бір сарынды, тұйық, немқұрайды, сыртқы болмыс құлазыған. Академиялық 
қызмет нөлге тең, адамдар... бөтен және іштей өшіккен» (Frisby, 1981:32).
Бірінші дүниежүзілік соғыс Зиммельді Страсбургте қызметке тағайындағаннан кейін басталды, 
дәріс залдары әскери госпитальға айналдырылды, ал студенттер соғысқа аттанды. Осылайша 
Зиммель 1918 жылы көз жұмғанға дейін Неміс академиялық тобының ортасында маргинал-
ды тұлға болып қала берді. Ол ешқашан тұрақты академиялық мансапқа ие болмады. Деген-
мен академик ретінде Зиммельдің соңынан ерушілер көп болды және оның ғалым ретіндегі 
танымалдығы күн санап артты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет