Алеуметтану тероиясы indb


5-тарау • Георг Зиммель Құнды өмір, өмірден де құнды



Pdf көрінісі
бет144/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   596
177
5-тарау

Георг Зиммель
Құнды өмір, өмірден де құнды. Осыған байланысты Зиммельдің «құнды өмір 
және өмірден де құнды» тұжырымдамасы. Әлеуметтік және мәдени нысандар-
дың пайда болуын талқылағанда, Зиммель идеялары Маркстің кейбір идеяла-
рымен сабақтасып жатады. Маркс адамдар мен олардың өнімдері арасында-
ғы бөліністі көрсету үшін тауардың фетишизм тұжырымдамасын қолданды. 
Маркс үшін бұл бөліну капитализмде өзінің шыңына жетіп, болашақ социа-
листік қоғамда ғана жеңіске жетуі мүмкін, осылайша бұл бөліну нақты тарихи 
феномен болды. Бірақ Зиммель үшін бұл бөліну – адам өмірінің табиғатына 
тән. Философиялық тұрғыда «құнды өмір» мен «өмірден де құнды» (G. Oakes, 
1984:6, Weingartner, 1959) арасында қайшылық бар.
Өмірге бергісіз, өмірден де құнды деген мәселе Зиммельдің The View of Life 
(«Өмірге көз қарас») еңбегіндегі «Өмір – трансцендент» атты бірінші эссесі-
нің басты мәселесі болып табылады ([1918] 2011). Жоғарыда сипатталғандай, 
трансценденттілік өмірге қатысты болып келеді, яғни өмір – бұл үнемі өзінің 
шегінен асып түсетін нәрсе. Адамдар екі еселенген трансценденттілік қабілеті-
не ие. Біріншіден, тынымсыз, шығармашылық әлеуеті (құнды өмір) арқасында 
адамдар өз бойындағы мүмкіндіктерінен асып түсе алады. Адамдар әрдайым 
өсіп, өзгеріп отырады және бұрынғыдан гөрі өзгеше немесе «артық» болып 
жетіледі. Екіншіден, бұл трансцендент шығармашылық қабілеті бар адамдарға 
үнемі олардан асатын объектілер мен әлеуметтік нысандар жиынтығын жасау-
ға мүмкіндік береді. Бұл құбылыстардың объективті болуы (өмірден де құн-
ды) – өмір сүруге арналған шығармашылық күштерге қарсы тұрады (құнды 
өмір). Басқаша айтқанда, қоғамдық өмір «өмір емес, бірақ жеке мәні бар және 
өз заңына бағынатын» бір нәрсені тудырып, өзінен босатады (Weingartner, 
citing Simmel, 1959:53). Өмір бірлікке және екеуінің арасындағы жанжалға не-
гізделеді. Зиммельдің пікірінше, «Өмір – өмір сүру үрдісінде өзінің жоғары 
мәнін табады» ([1918] 2011:17). 
Бір қарағанда, «өмірден де құнды» тұжырымдамасы Макс Веберге жа қын 
әлемнің бейнесін ұсынады. Зиммель, Вебер сияқты, әлемді халықтың бақы-
ла уынан аулақ жүретін әлеуметтік және мәдени нысандармен толған сайын 
анық көрді. Өмірден артықтық адамдарға өзінің шығармашылық, субъектив-
ті қабілеттерін шектейтін және қарсыласатын күштер ретінде қарайды. Вебер 
мұны «қазіргі заманның темір торы» десе, ал Зиммель оны «объективті мә-
дениеттің өсуі» деген. Дегенмен осы жерде Зиммель Веберге қарағанда оп-
тимистік көзқараста болды. Уақыт – өмірге бергісіз, өмірден де құнды деген-
нен алшақтайды. Тіпті ең алыс пен алыстатушы әлеуметтік нысандар (мы-
салы, ақша, бюрократия) адамның шығармашылық импульсіне байланысты 
және адам өмірінің өрнегі ретінде қалпына келтірілуі мүмкін. Зиммельдің 
әлеуметтік шындықтың не гіз гі компоненттері туралы ойлары жайлы сөз бо-
латын келесі бөлімде осы мәсе лелердің саны туралы көп айтатын боламыз 
(For more on the intellectual relationship between Simmel and Weber, see Scaff, 
1989:121–151.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет