Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет143/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   596
Диалектикалық ойлау 
Зиммельдің танымдық жолы әлеуметтік шынайылықтың үш негізгі деңгейі 
арасындағы (төртінші метафизикалық деңгейді ескермегенде) өзара қарым-қа-


175
5-тарау

Георг Зиммель
тынаспен байланысты. Бұл оның әлеуметтануына Маркс әлеуметтануын еске 
түсіретін өзіндік диалектикалық сипат берді (Levine, 1991b:109; Schermer and 
Jarv, 2013). Жоғарыда байқағанымыздай, диалектикалық әдіс түрлі сипатта 
және әртүрлі бағытталған болып келеді, «факті мен құндылықтарды біріктіре-
ді, әлеуметтік құбылыстар арасында қатал шектеу сызықтары бар» деген идея-
ны теріске шығарады. Әлеуметтік қарым-қатынасқа бағытталады (B. Turner, 
1986), нақ осы шаққа ғана қарап қоймай, болашақ пен өткенді де қамтиды және 
кикілжіңмен, қарама-қайшылықтармен тығыз байланысқан.
Маркс пен Зиммельдің диалектикалық әдісті қолдануындағы ұқсастықта-
рына қарамастан, олардың арасында маңызды айырмашылықтар бар. Олардың 
әлеуметтік әлемнің әртүрлі аспектілеріне ден қоюы және болашақ әлемнің бір-
біріне ұқсамайтын үлгілерін ұсынуы – ең басты маңызды факт.
Зиммель өзінің диалектикаға бейімділігін әртүрлі сипатта көрсетті 
(Featherstone, 1991:7). Бір жағынан, Зиммель әлеуметтануы әрдайым қарым- 
қатынаспен, әсіресе өзара әрекетке (ассоциация) байланысты болды. Жалпы 
алғанда, Зиммельдің «барлығы белгілі бір түрде басқалармен қарым-қатынас-
қа түседі» принципімен жұмыс істейтін «әдістемелік релятивизмді» ұстануы 
(Ritzer and Gindoff, 1992) оның басты қағидасы еді. (Simmel, cited in Frisby, 
1992:9). Жалпы, ол әрқашан өзі жұмыс жасаған әлеуметтік әлемнің кез кел-
ген саласында үнемі дуализмге, конфликт пен қарама-қайшылықтарға назар 
аударды (Sellerberg, 1994). Дональд Левин тұжырымдамасы бойынша, бұл 
перспектива Зиммельдің «әлемді қарама-қайшы категориялар арасындағы 
шиеленіс пен керағарлықтар арқылы таныған жақсы» деген ойын айқындайды 
(1971:xxxv). Бұл ойлау әдісінің Зиммель еңбектері барысындағы қолданылуын 
түсіну үшін қарым-қатынастың бір формасы – сән туралы зерттеулеріне назар 
аударайық. Әлеуметтік түрлер мен әлеуметтік формалар жайлы еңбектерінде 
Зиммель диалектикалық ойлаудың осы әдісін қолданған, сәнді талқылау оның 
бұл құбылыспен күресуін айқын бейнелейді. Зиммельдің субъективті-объек-
тивті мәдениет туралы және «өмірден артық» және «өмірден де артық» ой тал-
қылауындағы диалектиканы қарастырамыз.
Сән. Зиммель әдеттегідей қызықты және дуалистік эсселерінде ([1904], 1971; 
Gronow, 1997, Nedelmann, 1990) сәндегі қайшылықтарды түрлі тәсілдермен су-
реттеді. Бір жағынан, сән – бұл топтың талаптарын орындауды қалайтын адам-
дарға мүмкіндік беретін әлеуметтік қатынастардың бір түрі. Екінші жағынан, сән
жеке-дара болғысы келетін адамдар ауытқуы мүмкін норманы білдіреді. Сән 
өзіне тарихи процесті енгізеді, сонымен бірге бастапқы кезеңде барлық адамдар 
сәнді нәрсені қабылдайды, сөзсіз, адамдар бұдан ауытқиды. Соңында, ауытқу 
процесінде олар сәнге қатысты жаңа көзқарасты қабылдай алады. Сән – сәттілік 
пен кез келген тәсілдің диалектикалық таралуы мен қабылдануының ықтимал-
дығы. Демек, айқындылық оның сәнді деп саналуына әкеледі. Алай да көптеген 
адамдар оны қабылдайтындықтан, ол өзіндік ерекшелігін жоғалтады, яғни өзі-
нің тартымдылығынан айырылады. Тағы бір екіжақты қыры – сән қозға лы сы-
ның көшбасшылық рөлін бағамдайды. Мұндай адам басқаларға қарағанда сәнді 
жақсырақ түсініп, оны батыл қабылдай отырып, топты басқарады. Сонымен, 
Зиммельдің айтуынша, сән – салттарға, ерекшеліктерге ғана назар аудару емес
сонымен қатар кейбір адамдардың сән-салтанатқа жетуіне күш салу. Сәннен 
алшақ адамдар, сәнді қуатын адамдарды қайталаушылар өздерін тұлға ретінде 
қарастырады, бірақ Зиммель осы адамдар жай ғана имитацияның кері түрімен


176
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
айналысады деп пайымдады. Адамдар сән амалдарынан аулақ бола алады, өйт- 
кені олар өздерінің құрбы-құрдастарымен бірге өз даралығын жоғалтады деп
қорқады, бірақ, Зиммельдің пікірінше, мұндай қорқыныш үлкен күш пен тә уел-
сіздіктің белгісі емес. Жалпы, Зиммельдің айтуынша, сәнде «барлық... же текші 
үрдістер қарама-қайшы... қандай да бір формада ұсынылған» ([1904] 1971:317).
Зиммельдің диалектикалық ойлау қабілетін жалпы деңгейде де көруге
болады. Осы тарауда көріп отырғанымыздай, ол индивидуумдар құратын ин ди-
видтер мен ірі әлеуметтік және мәдени құрылымдар арасында болатын конф-
ликтілер мен қарама-қайшылықтарға қызығушылық танытты. Бұл құры лым-
дар, ақыр соңында, өзінің жеке өміріне ие болады, оның ағымына адам ешқан-
дай бақылау жасай алмауы мүмкін.
Өмір
Зерттеушілер Зиммельдің ағылшын тіліне аударылған кейінгі еңбектеріне: 
оның философиясы мен әлеуметтануындағы өмір тұжырымдамасының ма-
ңызды лығына назар аударады. Зиммель – Гёте мен Ницше секілді тұлғаларды 
және өзінің Анри Бергсон мен Вильгельм Дильтей сияқты замандастарын қам-
титын Lebensphilosophie (өмір философиясы) қозғалысының маңызды тұлғасы
болды. Өмір – Зиммельдің бүкіл философиясы мен әлеуметтануына әсер ет-
кен басты тұжырымдаманың бірі. Зиммельдің айтуынша, шындық әрдайым
өзгеріп отырады. Өмір – Зиммельдің шындықтың өзгермелі табиғатын си пат-
тау үшін қолданатын ұғымы: «Өмір мазмұны өзгеріп тұратын процестің фор-
масын қабылдайды» ([1916] 2005:5). Өмір – тұрақтылық пен қатып қал ғандық 
емес, ол ағыс және ағын (Pvvhtinen, 2010). Басқаша айтқанда, өмір дегеніміз – 
тұрақты өмір сүру ахуалының жеңіл ұғымы емес, ол – даму үрдісі. Зиммель өзі-
нің әлеуметтануында тұрақты әлеуметтік нысандарды үнемі сипаттаса да, бұл 
нысандар өзгермелі өмір процесі барысында әркез пайда болып отыратынын 
ұмытпауымыз керек.
Өмір тұжырымдамасы – әлеуметтанудың маңызды салдары. Адамдар мен 
әлеуметтік нысандар өмір ағымынан шығады. Әлеуметтік, өзіміз білетіндей, 
өмірдің өрнегі. Зиммельдің пікірінше, өмір адамның жаратылуымен және бел-
сенділігімен нақты бір пішінге енеді. Оның ойынша, өмір тек тұрақты әлеумет-
тік нысан ретінде бекітілген кезде ғана оны байқап білуге болады. Бұл жерде 
Зиммельдің диалектикалық көзқарастарын тағы да көреміз. Өмір ағынының 
және әлеуметтік нысандардың бір-бірімен байланысы бар. Өмір жай ғана ағын 
мен өзгеріс емес, сондай-ақ ол әлеуметтік нысандарды жасайды, одан кейін бұл 
нысандарды өткереді немесе «асып түседі» деп түсінген жөн. Өмірдің анықта-
масына қосымша түсініктеме қосқан Зиммель: «Өмір – өмірден тыс» (неме-
се «Өмір «сыртқы жетістік» ретінде пайда болады»), – дейді ([1918] 2011:8). 
Өмірдің қозғалысы, демек, өмір энергиясының айнымалы, еркін қозғалысы 
емес, керісінше, тұрақты қозғалыс адам жасаған әлеуметтік нысандарға айна-
лады. Біздің өміріміз бен қоғамымызда өзгерістер мен қозғалыс сипаттары бар, 
өйткені олар әрдайым өмірдің қуат-энергиясына толы. Идеялардың күрделі-
лігіне қарамастан, Зиммельдің өмірлік философиясы өте қарапайым: адамдар 
үнемі өзгерістер мен ағымдар әлемінде өмір сүреді. Адамдар осы өмірге әлеу-
меттік және мәдени нысандар құру арқылы өз пікірін білдіреді. Өмір өрнектері 
ретінде әлеуметтік нысандар түпкілікті қалыптаспайды, бірақ одан әрі транс-
формацияға немесе өзін-өзі үздіксіз жетілдіруге жол ашық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет