Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет149/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   596
Әлеуметтік типтер. Біз Зиммель ұсынған түрлердің бірі – бейтаныс адамды 
талдадық. Басқаларына дүниеқор, ысырапшыл, авантюрист және ақсүйек жа-
тады. Зиммельдің бұл саладағы ойлау жолын көрсету үшін оның ұсынған түр-
лерінің бірі – кедейлерге тоқталып өтеміз.
Кедейлік. Зиммель еңбектеріне тән сипатта кедейлік әлеуметтік қарым-қатынас 
тұрғысынан анықталған болатын, себебі оларға басқа адамдар көмек көрсетеді 
немесе олар сол көмекке құқылы. Мұнда Зиммель кедейлік көлеммен, нақты-
лай айтсақ, ақша көлемінің жетіспеуімен анықталады деген пікірді ұстанбайды.
Зиммель кедейлікті өзіндік сипаты бар өзара қарым-қатынас және қарым- 
қатынас модельдері тұрғысынан қарастырғанымен, кедейлер мен кедейлік тура - 
лы қызықты түсініктердің кең спектрін дамыту үшін өзінің The Poor («Кедей-
лік») эссе сіндегі жағдайларды да қамтыған ([1908] 1971c). Зиммельдің әрбір 
эссесі идея ларының жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Бұл оның даңқын арт-
тыра түсті. Мысалы, Зиммель мұқтаж адам мен қайырым етуші арасындағы 
құқықтар мен міндеттер жиынтығы олардың қарым-қатынасын анықтайды 
деп пайымдаған. Мұқтаж адамның көмек алуға құқығы бар және сол құқық 
көмек алуды жеңілдетеді. Басқа жағынан, қайырым етуші адам мұқтаж адамға 
көмек беруге міндетті. Сонымен қатар Зиммель қоғам тарапынан кедейлерге 


184
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
көрсетілген көмек қо ғамдағы жүйені бірқалыпты ұстауға мүмкіндік береді де-
ген функционалды көзқарастарды ұстанды. «Кедейлер белсенді әрі қоғамның 
қауіпті қарсыласына айналмауы үшін, қоғам олардың күш-қуат, әл-ауқатын 
көтеріп, сонымен бірге ұрпақ тоқырауының алдын алу үшін кедейлерге көмек 
көрсетуді талап етеді» (Simmel, [1908] 1971c:154). Осылайша, кедейлерге көмек 
көрсету кедейлер үшін емес, қоғам үшін жасалады. Мемлекет бұл жағдайда бас-
ты рөл атқарады және, Зиммель көргендей, кедейлерге деген қарым-қатынас 
өзіндік қасиетін жоғалтады, себебі көмек көрсету механизмі бюрократтанған 
сипат алып барады.
Сондай-ақ Зиммель кедейліктің релятивистік түрін айтты, яғни кедейлер 
қоғамның азғын бөлшегі емес. Оның пайымдауынша, кедейлік барлық әлеумет-
тік жікте кездеседі. Бұл тұжырымдама осыдан кейін туындаған салыстырмалы 
депривацияның әлеуметтік тұжырымдамасын айқындап берді. Егер жоғарғы 
топтардың мүшесі болып табылатын адамдардың өзімен қатарластарға қа-
рағанда үлестері аздау болса, олар өздерін басқалармен салыстырғанда кедей 
сезінуі мүмкін. Сол себепті кедейлікті толық жоюға бағытталған мемлекеттік 
бағдарламалар ешқашан сәтті болмайды. Егер әл-ауқаты ең төмендегілерді кө-
терсе де, стратификация жүйесіндегі көптеген адамдар өзін қатарластарымен 
салыстырғанда бәрібір кедей сезінетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет