Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет444/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   596
Earth («Қарғысқа ұшыраған жер») туындысында ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуын және 
отаршыл дықты жеңудегі зорлық-зомбылықтың рөлін сипаттау үшін марксистік теорияға 
сүйенді. Постколониалды теория Фанонның идеяларынан шабыт алды. Ол ХХ ғасырдың 
орта сындағы отарсыздандырудан кейін де отаршылдықтың күш құрылымдары қалғанын, 
формасы ғана өзгергенін мойындады. Атап айтқанда, постколониалды теорияшылар (яғни 
мәдениет) нәсілдік ерекшелікті қалай қолдау керек екенін көрсетті. Ең ықпалды постколо-
ниалды теорияшылардың бірі – Эдвард Саид. Ол: «Ориентализм академиялық пәні Батыс 
мүддесіне қызмет етіп, Батыс пен Шығыс (Occident and Orient) арасындағы айырмашылық-
тарды тудырды», – деген болатын. Осы айырмашылықтар қазіргі уақытқа дейін екеуінің ара-
сындағы қарым-қатынасты қалыптастыруда.
Нәсілдік сыни теориясы 1980 жылдары «Американың Азаматтық қозғалысының же-
тістіктеріне қауіп төнді» деген түсініктен кейін пайда болды. Атап айтқанда, нәсілдік сыни 
теория заң нәсілдік теңсіздікті қалай қайта реттейтініне тоқталады. Әлеуметтануда тео-
риялардың ұқсас жиынтығы «Нәсіл мен нәсілшілдіктің сыни теориясы» (ННСТ) бөлімін-
де сипатталған. Нәсілдік сыни теория секілді, ННСТ нәсілдік теңсіздік Америка Құрама 
Штаттарында ғана емес, бүкіл Жер шарында бар екенін мойындайды. ННСТ заңды зерде-
леуден бөлек, әлеуметтану теориясы мен агенттік-құрылым, саяси экономика, жаһандану, 
ұлттық мемлекет, отаршылдық және империализм сынды мәселелерді қамтиды. Нақтырақ 
айтқанда, Оми мен Уинант әлеуметтік құрылымдық теория – нәсілдің қалыптасу теория-
сын әзірледі. Олар Құрама Штаттардағы нәсілдік категорияларды динамикалық, ұзақ мер-
зімді дамытуды сипаттайтын нәсілге бөлушілік және нәсілдік жобалар сияқты ұғымдарды 
енгізеді. Сондай-ақ Эдвард Бонилла-Силвамен бірге қазіргі Америка Құрама Штаттарында 
адамдар түсіне қарай кемсітушілікке ұшырайтынын дәлелдеді. Жаңа нәсілшілдік түрі түске 
қатыссыз нәсілшілдік деген атауға ие. Жақында Эмирбайер мен Десмонд нәсілдің жүйелік 
теориясын әзірледі. Бұл теория нәсілдік тәртіптің бірнеше деңгейін сипаттау үшін Пьер 
Бурдье нің өріс теориясына сүйенеді. Олар нәсілдің құрылымдық және агенттік аспектілерін 
де қарастырған. Сондай-ақ нәсіл және нәсілшілдік институттарда нақты тәжірибелермен қа-
лай жүзеге асатынын сипаттайды.
Осы тараудың соңғы бөлімінде Батыс (немесе Солтүстік) әлеуметтану теориясына сын 
айтқан теорияларды талқыладық. Коннелл оңтүстік қоғам мен мәдениетке әлдеқашан ен-
ген қоғамдық теориялар бар деп бекітеді. Ол Солтүстік теориясын ашық түрде сынайды, 
кейде оңтүстік мәселелерін шешу үшін солтүстік идеяларға, ал кейде Солтүстік теориядан 
ерекшеленетін бірегей әлеуметтік өмір теорияларын шығару үшін оңтүстік білімге сүйене-
ді. Мұның бір мысалы – Солтүстік Америкадағы байырғы халық теориясы. Бұл теориялар 
алуандығына қарамастан, әдетте постколониалды дискурсқа негізделген мойындау сая-
сатын сынайды. Олар сондай-ақ байырғы халықтардың білімдеріне негізделген жаңғыру 
теориясын ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   440   441   442   443   444   445   446   447   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет