Алеуметтану тероиясы indb


Нәсілдік өрістің құрылымы



Pdf көрінісі
бет439/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   596
Нәсілдік өрістің құрылымы
Эмирбайер мен Десмонд (2015:89) нәсіл – биологиялық мән емес, өрістердің 
әсері: «Нәсілдер емес, нәсілдік бағыттар бар» дейді. Пьер Бурдьенің өріс ұғы-
мы – қарым-қатынас түсінігі (13-тарауды қараңыз). Онда қатысушылардың 
қоғамдық өмірдің белгілі бір саласындағы өзара қарым-қатынас позициялары 
сипатталады. Осы позициялардың кейбіреулері басқаларға қарағанда әлде-
қайда күшті. Бұл билік әртүрлі капиталға иелік ету деңгейіне қарай беріледі. 
Мысалы, өріс орнындағы позициялар экономикалық капиталдың, әлеуметтік 
капиталдың және символдық капиталдың әртүрлі деңгейлерімен анықталуы 
мүмкін. Бурдье әртүрлі өрістерді талдады: өнер өрісі, құқық өрісі, ғылым өрісі 
мен саясат өрісі. Бұған Эмирбайер мен Десмонд нәсілдік өріс тұжырымдама-
сын қосады.
Нәсілдік өріс осы қоғамдағы көптеген нәсілдік бірегейліктерді бейнелейді 
және олардың бір-бірімен қандай қарым-қатынаста тұрғанын көрсетеді. Нә-
сілдік өрістегі өзара қарым-қатынас арқылы нәсіл бірегейлік деңгейге көтері-
леді (мысалы, бұрын талқылағандай, отарланған Мартиникада ақ нәсілділер 
қара нәсілділерге қарсы қойылады, ал шығыстық әдебиетте Батысты Шығыс-
қа қарсы деп көрсеткен). Эмирбайер мен Десмонд бұған нәсілдік капиталдың 
тұжырымдамасын қосады. Нәсілдік өрістегі билік капиталдың басқа түрлері-
мен қалыптасқанымен, нәсілдік капитал – ерекше нәрсе. «Нәсіл дік өрістер әр-


636
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
түрлі капиталдар мен активтердің құрылымы тұрғысынан ұйымдастырылған, 
солардың ішіндегі ең бастысы – нәсілдік капитал» (Emirbayer and Desmond, 
2015:88). Нәсілдік капиталы барлар нәсілдік өрісті анықтай алады. Амери-
калық нәсіл өрісінде еуропаның ақ нәсілді халқы ең көп капиталға ие және 
осылайша Құрама Штаттарда нәсілге бөлінушілік адамдардың салыстырма-
лы құндылығы мен еңбегін анықтай алады. Шын мәнінде, нәсілдік өріс басқа 
өрістерді ұйымдастыруға әсер ету мүмкіндігіне ие. Мысалы, Эмирбайер мен 
Десмонд нәсілдік өріс мәдениет өрісін қалай қалыптастыратынын сипаттай-
ды: «Бұл ақ нәсілділерге тиесілі нәсілдік капитал қара нәсілділерге қараған-
да жоғары немесе классикалық (яғни, негізінен, австрогермандық) музыканы 
джазға қарағанда жоғары өнер формасы ретінде қарастыруға мәжбүр етеді» 
(2015:88). Бурдьенің пайымдауынша, қоғам бір-бірімен өзара әрекеттесетін 
әртүрлі өрістердің айналасында шоғырланған. Осылайша, Эмирбайер мен 
Десмонд үшін нәсіл әртүрлі нәсілдік өрістер арқылы шоғырланады. Мысалы, 
сол өрістердің түрі мынадай: жаһандық нәсілдік өріс (Emirbayer and Desmond, 
2015:83), ұлттық нәсілдік өрістер (2015:83), ақтар өрісі (2015:250), қаралар 
өрісі (2015:95), үнділік өріс (2015:111). Тағы да осы өрістердің әр мүшесіне 
қолжетімді түрлі позицияны, позицияларға сай билікті атауға болады. Олар 
Құрама Штаттардағы қаралар өрісін талқылайды. Оның мүшелері осы өрісте 
саяси-экономикалық және, өздері атағандай, «қара капитал» иелену арқылы 
орналасады. Кондо лиза Райс (Джордж Буш әкімшілігінің мемлекеттік хат-
шысы), мысалы, «саяси немесе экономикалық капиталдың көп мөлшеріне 
ие, бірақ қара капиталдың аз көлеміне ие». Қара Пантера мүшелері немесе 
гангстер рэперлері «аз эконо микалық немесе саяси капиталға ие, есесіне қара 
капиталдың үлкен көлеміне» иелік етеді (2015:95–96).
Эмирбайер мен Десмонд сондай-ақ мәдени және ұжымдық-эмоциялы құ-
рылымдар нәсілдік өрістерді қалай ұйымдастыратынын талқылайды. Мәдени 
құрылымдар – қоғамдық өмірді ұйымдастыратын «символикалық күштер мен 
биліктер» (2015:98). Бұлар – Оми мен Уинанттың (2015) өздерінің нәсілдің 
қалыптасу теориясының өзегіне айналған әлеуметтік мағыналық жүйелердің 
эквиваленті. Басқаша айтқанда, ұжымдық-эмоциялық құрылым тұжырымда-
масы салыстырмалы түрде жаңа. Көптеген нәсілдік теория танымдық/сим-
волдық жіктеу жүйелерін талдауға бағытталған. Осылайша, ол нәсілге қатыс-
ты сезімдердің әлеуметтік құрылымын талдамаған. Дюркгеймнің әлеумет-
тануына және Зигмунд Фрейдтің психоаналитикалық теориясына сүйенген 
Эмирбайер мен Десмонд «топ мүшелері эмоциялық сезімдерді, соның ішінде 
таңдану, құрметтеу, жек көру және ашу-ызаға толы қиялдарды бөліседі» дей-
ді. Бұл ұжымдық эмоцияларда нәсілшілдікті тудыратын символдық/таным-
дық жүйелерге тәуелсіз логика мен күш бар. Олар топтық ынтымақтастықтың 
негізін қамтамасыз етеді (мысалы, нақты нәсілшіл топқа жату сезімі), бірақ 
сонымен қатар олар қатал нәсілдік кемсітушілікті қоздыруы мүмкін. Амери-
калық нәсілдік өріс құрылымында үстем полюстің басында тұрған адамдар 
(ақтар) әсіресе өздерінің қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда «қауіпсіздікке 
және айрықша құқыққа» ие болады, сондай-ақ «ұялу мен ашу-ыза» сезімдерін 
де көрсетеді (Emirbayer and Desmond, 2015:120). Үстемдік полюсінде қарама-
қайшы, «үміт және үмітсіздік, оптимизм және апатия» сезімдері қамтылады 
(2015:121).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   435   436   437   438   439   440   441   442   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет