Алеуметтану тероиясы indb


Жергілікті халықтың қайта жаңғыруы



Pdf көрінісі
бет442/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   596
Жергілікті халықтың қайта жаңғыруы
Бұл бөлімде Солтүстік Американың байырғы ғалымдарының соңғы еңбегіне 
назар аударамыз. Коннелл сипаттаған Оңтүстік теориялары сияқты, жергі-
лікті халықты зерттейтін ғалымдар екіұшты көзқараста. Одра Симпсон мен 
Андреа Смит жергілікті халықтарды теориялық зерттеулерінің кіріспесінде 
былай деп жазады: «Теориялық жобалар зерттеу жүргізген аймақтардан өзі-
нің бол мысы жағынан «батыстық», мүлде жат болғандықтан, зияткерлік салт-
дәстүр лерге ғылыми талдау жасау мүмкіндігін шектейді деген шағымдарды 


641
15-тарау

Нәсіл және отаршылдық теориялары 
жиі естуге болады. Бұлар нәсілді анықтаудың түрін контекстеу және қолдау 
үшін пайдаланылған, осылайша бұрын да, осы күнге дейін де айқындалу үс-
тінде». Алайда, Симпсон мен Смит көрсеткендей, солтүстік америкалық ба-
йырғы ха лықтардан шыққан ғалымдар Батыс идеяларын түрлендіру арқылы 
қуатты сыни құралдар жасай алды. Бұл процесте Батыс тұжырымдамалары 
нығайып, әрі қарай дамыды.
Дене халқының
18
ғалымы Глен Шон Колтард (2014) Фанон, Маркс, 
Тайайаке Альфред (2009a, 2009b) және дене халқының ақсақалдарының 
идея ларын қамтып, «мойындау саясатын» сынға алады. Қоныстанушылар 
жергі лікті солтүстік америкалықтарға мәдени қысым көрсетіп, физикалық 
зорлық-зомбылыққа ұшыратты: пандемия, жерді иесінен заңсыз тартып алу
жер аудару, мәдениет пен тілдің жойылуы, балаларды қауымдастықтардан 
шығарып, оларды мектеп-интернаттарға орналастыру. Батыс үкіметі осы жағ-
дайды мойындау саясаты арқылы түзетуге талпынды. Бұл, мысалы, Батыс 
үкіметінің жер гілікті халықтан кешірім сұрауынан, сондай-ақ шындық пен 
келісім орнату комис сиялары құрылуынан көрінеді.
Гегель ұсынған мойындау тұжырымдамасына негізделген (осы тараудағы 
Фанон талдауын, сондай-ақ Хоннет және Фрейзер, 8-тарауда қараңыз) теория 
«өркендеу үшін адам өзінің бірегей мәдениетінің өзгешелігін мойындауы керек» 
деген болжамға негізделеді (C. Taylor, 1994). Отарлаушылар жергілікті халықты 
еуропалық мәдениетті (мысалы, еуропалық тіл мен христиандықты) қабылдау-
ға мәжбүрледі, ал өздері оларды мойындаудан бас тартты. Мойындау саясаты 
жергілікті халықтың тұтастығы мен әл-ауқаты олардың бірегей мәдени тәжіри-
белері мойындалған жағдайда қалпына келетінін болжайды. Мәдени өркендеу – 
жергілікті халықтың қазіргі әлеуметтік теориясының маңызды құрамдас бөлігі. 
Дегенмен бірнеше себептерге байла нысты мойындау саясаты ақылға қонымсыз.
Біріншіден, Колтард (Coulthard, 2014) мойындау саясаты мәдениеттің 
шектеулі теориясына тән екенін айтады. Шынында да, қазіргі әлеуметтану 
сияқты, мойындау саясаты мәдениетті бірінші кезекте символдық және ког-
нитивті форма ретінде көреді. Колтард осыған қарсы пікірінде дене хал қының 
мәдениет тұжырымдамасына сүйенеді. Колтард үшін мәдениет – символика-
лық форма ғана емес, сонымен бірге идеялар мен материалдық тәжірибені 
қамтитын жалпы өмір салты.
19
«Өндіріс әдісі дегеніміз – бұл ұғымның кең түсінігінде – «мәдениет» 
терминінің дене халқы түсінігіндегі ұғымымен ұштасқан және біздің 
дене халқының тұрып жатқан жерлерін иелігімізге алу мәселесі бойын-
ша жүргізген келіссөздеріміздің кезінде қамтамасыз етуге тырысқан 
мәдени талаптарымыздың көрінісі болып табылатын өмір салты ретін-
де екенін атап айтқым келеді. Қарапайым тілмен айтқанда, ... олардың 
өмір салтындағы бір-бірімен «шиеленісе» байланысқан әлеуметтік тұ-
тастығын сақтап қалу үшін біздің қойған талаптарымыз; яғни олардың 
біз үшін экономикалық, рухани, әлеуметтік және саяси тұрғыдан тиімді 
болып келетін индивидуалды дербестігіне, ұжымдық жауапкершілігіне, 
иерархиялық емес билігіне, жерге ортақ иелігіне, өзара көмекке әзірлі-
гіне негізделген өмір салты». 
(Coulthard, 2014:65)


642
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Басқаша айтқанда, мойындау саясаты өмір сүрудің жергілікті салтын қал-
пына келтіруді және жаңғыртуды ұсынып отырған жоқ. Бұл жай ғана теория-
лық қадағалау емес. Ең бастысы, Батыс үкіметіне отаршылдық үстемдік жү-
йесін сақтауға мүмкіндік беретін қате түсінік/қате мойындау.
Бұл неліктен? Қоныстанған отарлаушылар жерді заңсыз иеленді. Жергі-
лікті тұрғындарды туған жерінен түгелдей аластаумен шектелмей, оны еуро-
палық шарттармен бөліп (мысалы, резервациялар жасау арқылы), анықтады 
(Rifkin, 2014; A. Simpson, 2014). Жергілікті тұрғындарды жерден айыру еуро-
палықтарды қоныстандыру мен капитализмнің дамуына жол ашты (әрі қарай 
да жалғасуда). Мұнда Колтард (2014) Маркстің қарапайым қорлану тұжы-
рымдамасын пайдаланып, жаңартады. Жоғарыда аталғандай, қарапайым жи-
нақтау – ерте капитализмнің өсуі мен дамуы шикізат ресурстарын жинақтау 
үшін отарларға тәуелді болу идеясы. Колтардтың айтуынша, Маркстің қате-
лігі – қарапайым жинақтауды бұрынғы өткен заманға қолдануында. Колтард 
(2014:77) керісінше, «қарапайым жинақтау – байырғы жергілікті халық пен 
мемлекет арасындағы қарым-қатынасты түзейтін процесс» деп тұжырымдай-
ды: «Қарапайым жинақтау енді байырғы қауымдастықтармен олардың бүкіл 
жерін және ресурстық базасын зорлықпен иемденуді қажет етпейді. Бірақ ол 
екеуі де эксплуатациялауға және капиталистік дамуға дайын тұруын талап 
етеді». Осылайша, Колтард бірегейліктің мойындалуына баса назар аудару – 
қазіргі күнге жалғасқан байырғы халықтың жерін заңсыз иемдену мәселесі-
нен қашқақтайтынын айтады.
Колтардтың сыны өте өткір. Ол қазіргі әлеуметтанушылар мен саясаткер-
лер бағалайтын мойындау, татуласу және тіпті мәдениеттер алуандығы сияқты 
ұғымдарды ұстану байырғы халықтарды отаршылдықтан босатпайтынын, ке-
рісінше, үстемдік қатынастарын мәңгілікке қалдыруға тырысатынын жазады.
Бұл, өз кезегінде, батыстық білімге негізделген теориялар, жергілікті халық-
тардың мәселелеріне бейімделсе де, байырғы қарсылықтың қазіргі форма-
ларын жеткілікті түрде сипаттай алмайды (L. Simpson, 2011). Осы мақсатта 
Колтардтың теориясы Тайайаке Альфред (Taiaiake Alfred, 2009a, 2009b) және 
Лианн Симпсонның (Leann Simpson, 2011) жаңғыру тұжырымдамасына не-
гізделеді. Альфред өзінің Wasáse кітабын былай бастады:
«Біздің халқымыз үшін қайта жаңғырудың сәті келді. Бұл кітап – он - 
к вонве сияқты байырғы халықтың салт-дәстүрімен тыныстаған адам-
дардың бізге арнап жасаған жолына саяхаты. Саяхат – өмірімізді түбе-
гейлі өзгертіп, мәдениетімізді жаңғыртып, жіпсіз байлап тұрған отар-
шыл күштерге қарсы тұру арқылы қоғамды трансформациялаудың 
және өмі ріміздегі мәнді өзгерістердің бастауы. Бұл – біздің алдымыз-
дағылардың күрес жолы; енді отаршылдықтың мұрасынан бас тартып, 
өзімізге және халқымызға жаңа ақиқатты танитын кез келді».
(Alfred, 2009а:19) 
Мұнда жаңғыру тек қана байырғы білім арқылы жүзеге асатынын білдіре-
ді. Бұл білім – саяси және мәдени. Саяси болуының себебі – ол байырғы ха-
лықтың білімін отарсыздандыруға және Л. Симпсон (2011:32) қоныстанушы-


643
15-тарау

Нәсіл және отаршылдық теориялары 
отаршылдық қоғамның «когнитивті империализм» деп атаған күшті жеңуге 
бағытталған. Мәдени болуы – байырғы халықтың біліміне негіз делген. Олар, 
Коннелл сипаттаған, кейбір Оңтүстік теориялар сияқты, «байырғы әлем-
де болудың өмір жолдары мен әлемде болудың балама жолдарын» ескереді
(L. Simpson, 2011:31–32). Әдетте мәдениеттің әралуандығымен байланыс-
ты мәдени айырмашылықтарды ғана емес, саясаттың түрлерін (see also 
A. Simpson, 2014), философиялар мен әлеуметтік теорияларды қамтиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   438   439   440   441   442   443   444   445   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет