Алеуметтану тероиясы indb


15-тарау • Нәсіл және отаршылдық теориялары  Өрістегі құрылым және агенттік



Pdf көрінісі
бет440/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   596
637
15-тарау

Нәсіл және отаршылдық теориялары 
Өрістегі құрылым және агенттік
Бурдье өзінің өріс тұжырымдамасына қоса, құрылымдық-агенттік алшақ-
тықты еңсеру жөніндегі еңбегімен де танымал (13-тарауды қараңыз). Өрістің 
құрылымы немесе ұйымдастырылуы шартты ғана емес, өзі де іс-әрекет арқы-
лы қалыптасады. Өрістер адамның іс-әрекетінен құралады, сондықтан өріс 
адамдар оның негізгі қағидалары мен ережелеріне келісу-келіспеуіне тіке-
лей тәуелді. Агенттер өрістің құрылымын қайта жаңғырта алады немесе олар 
өрісті ұйымдастыруға шағымдана алады. Бұл өзара қарым-қатынас деңгейін-
де болуы мүмкін, мысалы, егер адам басқа біреудің нәсілшілдік түсініктемесін 
құптаған кезде немесе қоғамдық қозғалыстар үкіметтің нәсілшіл саясатына 
қарсы шыққан кезде институттық деңгейде болуы мүмкін. Сонымен қатар 
агенттікке назар аудара отырып, Эмирбайер мен Десмонд (2009:336) нәсіл 
адамдарға жаратушының берген сыйы емес екенін айтады. Керісінше, кең та-
раған нәсілдік санаттармен жұмыс істеу «акторлары нәсілдік классификация 
жүйелерін жасайды, көбейтеді және оларға қарсы тұрады». Шындығында, нә-
сілдік бірегейлік – күрделі құбылыс. Адамдар нәсілге қалай қарайтыны және 
өздерінің белгілі бір нәсілге тиістілігін анықтауы уақыт пен орынға байла-
нысты өзгереді. Бұл тұрғыда, Эмирбайер мен Десмонд агенттіктің үш түрін 
сипаттайды: тәжірибелік-бағалау агенттігі, итеративті (қайталанатын) агент-
тік және жобалық агенттік.
Тәжірибелік-бағалау агенттігінің тұжырымдамасы әлеуметтік іс-әре-
кеттің, нақты нәсілдік өрістің негізгі құрылымдары қалыптасқан түсінікке 
тәуелді екеніне назар аударады. Олар нәсілдік өрістегі әрекеттерде нәсілдік 
ережелерді ешқашан қолданбайды, керісінше, нәсілдік өрістегі айтылмаған 
ережелермен тосын және қарқынды түрде келісуді жақтайды. Адамдардың 
өріс ішіндегі позициялары ережелерге сай әрекет етуіне тәуелді. «Жай сәлем-
десу арқылы қанша дүние айтылатынын елестетіңізші: ақ нәсілді жұмысшы 
еркектердің дөрекі қол алысуы, барриодағы (аудан) жастардың кербез немесе 
сенімді қол алысуы, филиппиндік әжелердің жылдам және әдеттегідей сілкі-
леп қол алысуы» (Emirbayer and Desmond, 2015:174).
Итерация өткенге негізделген. Күнделікті өмірде және іс-шараларда әлеу-
меттік акторлар нәсілдік тәртіпті құрайтын дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды 
әдеттегідей қайта жаңғыртады. Нәсілдік өрістің мүшелері әдеттегідей әрекет 
еткенде өрісті құрайтын негізгі нәсілдік «елесін» қабылдайды (Emirbayer and 
Desmond, 2015:132) «Нәсіл неліктен осыншама шынайы? Себебі барлығы 
оның бар болуы, анық болуы және әлеуметтік әрекеттерді оның айналасы-
на бағыттау үшін инвестиция салады. Осындай ортақ мүддеге байланысты, 
нәсілдік айырмашылық өрістің негізгі заңына немесе nomos-қа (нормаларға) 
айналады және бұл, өз кезегінде, салыстырмалы түрде оны автономды әлеу-
меттік әлем ретінде қалыптастыруға көмектеседі (доминанттарға қолайлы 
жолмен екенін айтудың қажеті жоқ)» (2015:143).
Жобалық агенттік болашаққа бағдарланған. Бұл нәсілдік жобалар – қолда-
ныстағы нәсілдік тәртіптің балама нұсқалары туралы идеяларды басшылыққа 
алған әрекет формасы. Оми мен Уинант (2015) айтқандай, жобалар нәсілдік 
тәртіпті қолдай да, оған қарсы шыға да алады. Қорғау стратегиясын «басым 
нәсілдік акторлар» жүргізеді. Олардың мақсаты – «өздеріне ең қолайлы би-
лік құрылымын сақтау» (152). Эмирбайер мен Десмонд стратегияның осы 


638
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
үлгісінің мысалына құлдық плантациялар жүйесін және америкалық қыл-
мыстық сот төрелігі жүйесін жатқызады. Екі жүйе де экономика мен заңның 
күші арқылы ақ нәсілділер үстемдігін сақтайтын құрылымдар құрды. Айыр-
машылығы – бұрмалаушы стратегия «өрістегі билік жүйесін, соның ішінде 
ойын ережелерін өзгертуге» бағытталған (Emirbayer and Desmond, 2015:152). 
Оған мысал ретінде, Мартин Лютер Кингтің әділ болашақ туралы арманын 
және Америка Құрама Штаттарында афро-америкалықтар атынан Black Lives 
Matter (Қара нәсілділер өмірі маңызды) қозғалысы мен канадалық байырғы 
халықтар атынан Idle no more (әрекетсіздік) қозғалысының стратегияларын 
атауға болады.
Бұл шолуда біз Эмирбайер мен Десмондтың нәсілдік теориясын ішінара 
сипаттай алдық. Ең бастысы, олардың нәсілдік тәртіптің нақты көріністерін 
немесе олардың әлеуметтік өзгерістерге қатысты ұсыныстарын жариялауға 
мүмкіндігіміз болмады. Дегенмен осы шолу оқырманға аталған жұмыстың ау-
қымдылығы мен құндылығын сезінуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   436   437   438   439   440   441   442   443   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет