Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет470/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   596
Мишель Фуконың идеялары
Деррида – постструктурализмнің беделді өкілдерінің бірі болса, Мишель 
Фуко осы бағыттағы көрнекті ойшыл деп бағаланады (Smart, 2000, Venn, 
2011). Фуконың еңбектері постструктурализм мен структурализм арасында-
ғы айырмашылықтарды сипаттайды. Структурализм лингвистика әсе рінде 
болғанда, Фуко салыстырмалы түрде постструктурализм бойынша кең ау-
қымды мәлімет ұсынады (Smart,1985). Фуко еңбектерінің ауқымдылығы бір-
қатар қиындықтарды да туғызады. Ол өзге ойшылдардың идеяларын талдау 
негізінде өзіндік бірегей пікірлерін алға тартты. Фуконың көзқарастарына 
Вебердің рационалдық теориясы әсер етті, бірақ Фуко өз идеяларына шектеу 
қойған жоқ, өзара қарама-қайшы идеяларды талдады. Сонымен қатар оның 
еңбектерінде Маркстің идеялары (Smart,1983) кездеседі, бірақ ол экономика-
мен шектелмейді, көптеген институттарға шоғырланады. Әлеуметтік деңгей-
дегі үстемдікке ие дәстүрлі марксизмге қарағанда, ол «үстем микро саясат-
қа» кө бірек қызығушылық танытады. Фуко герменевтиктерді оған қатысты 
әлеу меттік құбылыстарды жақсы түсіну үшін қолданады. Сонымен қатар, 
Фуконың ойынша, терең, шынайы ақиқат болмайды, тек белгілі бір қабаттар 
болады. Феноменологиялық бағыт әсерінің болуына қарамастан, ол дербес, 
мағыналық тақырып беретін идеядан бас тартады. Оған структурализм эле-
менттері тән, бірақ мінез-құлықтың ресми реттелген үлгісі жоқ. Ең бастысы, 
Фуко мен Ницшенің билік пен білім арасындағы қарым-қатынасқа қатысты 
ортақ қызығушылықтары бар екенін атап өту маңызды. Дегенмен бұл байла-
нысты Фуко әлеуметтік тұрғыдан талдады. 
Ұсынылған теориялық мәліметтер постструктуралист ретінде танылуына 
негіз бола алады. Фуконың алғашқы еңбектеріне структурализм елеулі әсер ет-
кен, бірақ оның жұмыстарының дамуына қарай әсер деңгейі де бәсеңдей берді 
және әртүрлі тұжырымдар қалыптаса бастады. Енді Фуко еңбектерінің эволю-
циясын қарастырайық.
Оның әдіснамасының негізі – «білім археологиясы» (archaeology of 
knowledge) (Foucault, 1966) мен «билік генеалогиясы» (genealogy of power) 
(Foucault, 1969, Valverde, 2007) идеялары. Осы әдіснамаға сәйкес соңғысы бі-
ріншісінен алда болады дегенмен, Митчелл Дин (1994) өзінің еңбегінде олар 
бір-бірін өзара толықтыратынын дәлелдеді.
Алан Шеридан (1980:48) Фуконың археологиялық білім тұжырымы 
(Scheurich and McKenzie, 2007) «белгілі бір дискурстың кез келген уақытта 
айтылуы мүмкіндігін анықтайтын ережелер жиынтығын іздейді» деп болжай-
ды. Басқаша айтқанда, археология – «қалыптасу мен дискурстардың пайда 
болуының жалпы жүйесін дамыту» (Dean, 1994:16). Осындай «жалпы жүйе-
ні» немесе «ережелерді» іздестіру, сондай-ақ дискурсқа ерекше назар аудару 
(Lemert, 2005b) – жазбалар және жазбаша «құжаттар» – Фуко еңбектеріне 


692
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
постструктурализмнің бастапқы әсерін көрсетеді. Фуко осы құжаттарды тал-
дай отырып, герменевтика бағытының өкілдері секілді, оларды түсінуге тал-
пыныс жасамайды. Фуко археологиясы «құжатты жасайды, бөледі, жүйелейді, 
топтастырады, деңгейлер бойынша жіктейді, қатарларды анықтайды, маңыз-
дылығы бойынша ажыратады, элементтерді табады, бірлікті анықтайды, қаты-
настарды сипаттайды» (Dean, 1994:15). Ол дискурстарды және жазба құжат-
тарды талдайды, сипаттайды және дайындайды, бірақ оларды интерпретация-
лауға және бастау көзін іздеуге талпыныс жасамайды, ол үшін құжаттардың 
өзі маңызды. Фуко «ақиқатты ашуға» бағытталған дискурстарды рационал-
дандыру және жүйелеуге ерекше назар аударады (Dean, 1994:32). Фуконың 
осындай ізденістері оны психология іспеттес гуманитарлық ғылымдардың қа-
лыптасуына қатысты дискурстарды зерттеуге бағыттайды. Археология «ішкі 
жүйелікті қалыптастыру мен трансформациялау мүмкіндіктерін сақтау үшін 
жалпы қабылданған нормалар мен талаптардан алыстап, ажырауы мүмкін» 
(Dean, 1994:36).
«Ақиқатты тануға» жасалған қадам – Фуко генеалогиясының сипаттамала-
рының бірі, әйтсе де бұл – «білім мен биліктің өзара байланысын» ажырату-
ды қиындатады (Фуко осы мәнде Ницше философиясына негізделеді) [Fuller, 
2007b, Lemert, 2005a]). Генеалогия – интеллектуалдық тарихтың өте ерекше 
түрі, «тарихи мазмұнмен және ойластырылып реттелген траекториялармен 
байланыстыру тәсілі. Бұл – жалған натуралистік заңдарды немесе жаһандық 
қажеттіліктерді талап ететін ақиқатты тануға бағытталмай-ақ, көптеген дис-
курстарды, тәжірибелер мен оқиғаларды, ашық және біркелкі емес траекто-
рияларды талдаудың әдісі» (Dean, 1994:35–36). Осылайша, генеалогия аталған 
заңдарға немесе қажеттіліктерге назар аударатын тарихи зерттеулердің басқа 
түрлеріне сәйкес келе бермейді. Барлығы генеалогиялық бастамамен байла-
нысты. Генеалогия аясында «қажеттілік пен қажетсіздік, табиғи немесе бейта-
рап» секілді сауалдар көтеріледі (Dean,1994:20).
Басқаша айтқанда, генеалогия гуманитарлық ғылым саласы аясында бі-
лім мен биліктің өзара байланысымен және олардың «органдарды реттеу, мі-
нез-құлықты игеру мен өзін-өзі қалыптастыру тәжірибелерімен» байланыс-
ты (Dean, 1994:154). Фуко гуманитарлық саладағы «ақиқатты айқындауға» 
ерекше назар аударады (Dean, 1994:24). Осылайша, археология алқашқыда 
тек дискурстардың қалыптасу ерекшеліктерін зерттеген болса, ал сыни және 
заманауи сипатта тұжырымдардың сиректігін және сенімділігін қарастырады 
(Dean, 1994:33). Фуконың екі бағытының сабақтастығы контексінде археоло-
гия генеалогияның қалыптасуына қажетті міндеттерді орындайды. Атап айт-
қанда, археология тарихи дискурстардың эмпирикалық талдауларын қамти-
ды, ал генеалогия осы тарихи дискурстарға сатылы және сыни сипатта талдау 
жасайды және олардың қазіргі заманда белгілі бір мәселелердің пайда болуы-
на қатыстылығын зерттейді.
Осылайша, генеалогия «қазіргі заманның тарихы» болуы керек. Алайда 
оны «тарихшының тәжірибесі немесе тарихи аспектілерге қатысты көзқарасы 
контексінде қалыптасқан интерпретациялаудың еріксіз проекциясымен», яғни
«презентизммен» шатастырмау керек (Dean, 1994:28). Фуко, өз кезегінде, 
«әлеуметтік тәжірибені қалыптастыру механизмі негізінде тарихи ресурстар-
ды, яғни өткен уақытта болған тосын жағдайларды және олардың болу ық-
тималдығын зерттеу арқылы осы шақты түсінуге талпыныс жасайды» (Dean, 
1994:21). Мұнда детерминизм жоқ; қазіргі заманғы шарттар мен жағдайлар


693
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
1984 жылы 57 жасында СПИД дертінен қайтыс 
болған (Lemert, 2005a). «Мишель Фуко дүниедегі 
ең танымал ойшыл еді» (J. Miller 1993:13). Ол бұл 
танымалдыққа әртүрлі саладағы ойшылдар дың, 
соның ішінде әлеуметтану саласындағы ға лымдар-
дың пікірлері мен ойларына әсер еткен қызықты 
да құнды еңбектерінің нәтижесінде жетті. Фуконың 
өмірі де өте қызықты, тіпті оны кейбір ғылыми ең-
бектерінің тақырыптарынан-ақ байқауға болады. 
Негізінен, Фуко ізденістер арқылы өз өмірі мен оны 
басқаруға мүмкіндік беретін күштерді түсінуге тал-
пыныс жасаған.
Фуконың кейінгі еңбектерінің арасында жыныс-
тық жақындастыққа арналған трилогиясы бар. 
Олар: The History of Sexuality («Сексуалдық тарихы») 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет