Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет469/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   596
Постструктурализм
Структурализмнің постструктурализмге осылайша өтуін нақты дәлелдеу мүм-
кін болмаса да, Шарль Лемерт (1990) постструктурализмнің пайда болуын 
1966 жылы Жак Дерриданың осы бағыттың жетекшілеріне алғыс айту сөзімен 
байланыстырады (Lipscomb, 2007; J. Phillips, 2005) және ол осы кезеңді пост-
структурализм дәуірі деп айқындады. Структуралистерге қарағанда, Деррида 
тілді өз иеленушілеріне еркіндік беретін тек «жазу» құралы ретінде қарастыр-
ған, ал әлеуметтік институттарды тек «жазба» ретінде айқындады, сондықтан 
олар адамдарға шектеу қоя алмайды деп есептеген (Trifonas, 1996). Осы бағыт 
тілге басты назар аударғанмен, «жазба үлгі адамдарға белгілі бір шектеу қоя-
тын құрылым бола алмайды» деген пікірді қалыптастырды. Структуралистер 
тілдік жүйедегі тәртіп пен тұрақтылықты айқындағанымен, Деррида тілді рет-
телмеген және тұрақсыз жүйе ретінде қарастырған. Оның пайымдауынша, әр-
түрлі контекстер алуан түрлі сөздерден тұрады, әртүрлі мағынаны білдіреді. 
Осылайша, тіл адамдарға шектеу қоя алатын құрылым ретінде айқындалған 
жоқ. Сондықтан тілдің өзге заңдылықтарын іздеу тіпті де қажет емес. Осы-
лайша, Деррида, сайып келгенде, деконструктивті бастаманы ұсынды. Декон-
структивті процестер пост структурализм негізінде постмодернизмнің дамуы-
мен өрши түсті.
Деррида үшін қарсылықтың нысаны – батыстық әлеуметтік ойға үстемдік 
ететін логоцентризм болды (шындықты, дұрыс, әдемі және т.б. ретінде ай қын-
дайтын әмбебап ойлау жүйесін іздеу). Ол бұл бағытты «Платон кезеңі нен бас-
тау алатын тарихи репрессия мен жазбаны жою» деп сипаттаған (1978:196). 
Логоцентризм тек философияның ғана емес, сондай-ақ ғылыми философия-
ның да құлдырауына әкелді. Дерриданың ойынша, осы процесті тоқтатудың 
көзі – деконструкция, яғни жазбаны шектейтін шекаралардан босату. Деррида-


690
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
ның басты мақсаты – «логоцентризмнің жойылуы» (1978:230). Жалпы алғанда, 
деконструкция жасырын айырмашылықтарды анықтау үшін бірлестіктердің 
ыдырауын қамтиды (D.N. Smith, 1996:208).
Дерриданың көзқарасын оның «қатыгездік театры» деп атайтын тұжыры-
мы негізінде жақсы сипаттауға болады. Ол осы тұжырымды дәстүрлі театрмен 
салыстырады және ойлау жүйесінде дәстүрлі театр басымдығын репрезентив-
ті логика деп атайды (осындай логика әлеуметтік теорияларда басым болды). 
Осылайша, сахнадағы қойылым «шынайы өмірдегі» болып жатқан оқиғаларды 
бейнелейді, сондай-ақ жазушылардың, режиссерлердің айтайын деген ойлары-
на немесе көздеген мақсаттарына және т.б. сәйкес келеді. Бұл – дәстүрлі театр-
ды теологиялық тұрғыдан көрсетеді. Теологиялық театр – басқарылатын театр.
«Сахна – теологиялық, өйткені оның құрылымы дәстүрге толық сәйкес 
мынадай элементтерді қамтиды: көрінбейтін және алыстан бақылайтын 
автор – «жаратушының» болуы, оның қолында мәтіні болады, уақыт пен 
кө ріністің мағынасын реттейді және қадағалайды... Ол өзін көріністің 
өкілдері, орындаушылары мен аудармашылары арқылы репрезентация-
лауларына мүмкіндік береді. «Жаратушы» туралы ойларды азды-көпті 
көрсетеді. Орындаушы актерлар автордың дизайнын интерпретациялай-
ды... Осы теологиялық процестің енжар мүшелері – рақаттанып отырған 
көрермендер».
(Derrida, 1978:235; italics added)
Деррида балама кезең ұсынады, осы кезеңде «сөз (сөйлеу) сахнаның басты 
құралы болудан қалады» (1978:239). Яғни автор немесе мәтін бұрынғы рөлін 
жоғалтады. Актерлар жаттанды сөздерді айтпайды, жазушылар сахнадағы сөз-
дердің авторы болмайды. Бұл «сахна анархиялық болады» дегенді білдірмейді. 
Дегенмен Деррида ұсынған балама кезең тұжырымы айқын емес. Тұ жы рым-
ның жалпы ойын Дерриданың «нақты айқындалмаған кезеңнің қа лыптасуы» 
(1978:240) немесе «қатыгездік театры – тарихы, ресурсы, қайтарымы, эконо-
микасы жоқ өнер» (Derrida, 1978:247) секілді талқылауларынан көре аламыз.
Деррида дәстүрлі театрды түбегейлі деконструкциялауға шақырады. Жал-
пы алғанда, ол логоцентризм бағытының қақпанындағы қоғамды сынға алады. 
Театрды драматургтің диктатурасынан босатқысы келгендей, қоғамда үстемдік 
ететін дискурсты қалыптастырған барлық интеллектуалдық авторитеттердің 
идеяларын жоққа шығаруды қалайды. Басқаша айтқанда, Деррида адамдардың 
жазушы секілді еркіндігін аңсаған. 
Мұнда сонымен қатар постструктуралистер мен постмодернистерге тән ор-
тақ мәселе – орталықсыздандыру қарастырылады. Деррида театрдың жазушы-
ларға (билікке) және олардың үміттері мен қалауларына негізделген «орталы-
ғынан» шығуын және әртістердің еркін ойнауын қалаған. Бұл ұғым, тұтастай 
алғанда, қоғамға ортақ ұғым болуы мүмкін. Деррида орталықты жауаппен, са-
йып келгенде, өліммен байланыстырады. Орталық Деррида үшін маңызды фак-
торлар «ойын және айырмашылықтың»

болмауымен байланысты (1978:297). 
Театр немесе қоғам «ойынсыз және айырмашылықсыз», яғни статикалық театр-
ды немесе қоғамды өлі деп санауға болады. Керісінше, орталықтандырылмаған 
театр немесе әлем шектеусіз ашық, тұрақты және өзін-өзі рефлексиялайтын бо-
лады. Деррида келешекті «күтуге де, қайтаруға да болмайды» деген қорытынды 
жасайды (1978:300). Оның айтуы бойынша, біз болашақты өткен өмірімізден 


691
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
іздей алмаймыз және өзіміздің тағдырымызға енжар қарамауымыз керек. Кері-
сінше, болашақ біздің жасап жатқан іс-әрекетіміз арқылы жазылады.
Батыстық логоцентризмді және интеллектуалдық билікті қиратқаннан 
кейін, ақырында, Деррида бізді жауапсыз қалдырады; шын мәнінде бірде-бір 
жауап жоқ (Cadieux, 1995). Жауап іздеу, логотиптер іздеу жойқын және бағын-
дырушы сипатта болды. Бізге қалдырған барлық мирасы – жазу, актерлік ойын, 
ойнау мен олардың айырмашылықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет