Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


Жалаң (нөлдік) дыбысты тіркестер



Pdf көрінісі
бет145/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   221
Жалаң (нөлдік) дыбысты тіркестер
Жоғарыда жалаң (нөлдік) тіркес деген атаудың шартты екенін 
ескерттік. Егер дыбыс тіркесін тілдік бірлік ретінде қабылдайтын 
болсақ және ол мәтіннің ең кішкене бөлшегі болатын болса, міндетті 
түрде жалаң тіркесті де ескеруіміз керек. Оны ескермейтін болсақ, онда 
мәтін талдау толық болмайды. Өйткені мәтінді тіркестерге жіктеген 
кезде сөз басындағы дауысты дыбыс қалып қояды. Оны болдырмау 
үшін зерттеу аппаратына жаңа ұғым және соған лайық атау енгізуге 
тура келді.
Жалаң (нөлдік) тіркес құрамында тек қана бір дауысты 
болады. Қазақ тіліндегі дауыстылардың бәрі жалаң тіркес құрай 
алады. Сондықтан олардың бәріне тоқталып жатпаймыз. Егер бір 
дауыстының жалаң тіркесін талдап шықсақ, онда алынған нәтиже өзге 
дауыстылардың бәріне ортақ болып шығады.
Ашық, езулік, тіл арты дауысты дыбыстың атауы ретінде а дыбысы 
жалаң тіркес құрайды. Дауысты: тілдің ауыз қуысында төмен жатуы 
арқылы жасалады; еріннің ашық қалпы арқылы жасалады; тіл ауыз 
қуысында кейін шегініп жатады. Ендеше, дауысты тілдің тік қалпына 
қарай ашық, ерін қатысына қарай езулік, тілдің көлденең қалпына 


220
қарай тіл арты болып табылады. Дауысты жалаң тұрғандықтан, оның 
жасалымына әсер ететін көрші дыбыс жоқ. Сондықтан оның негізгі 
белгілері толық сақталады, ал үстеме жасалым қосатын фонетикалық 
жағдаят жоқ болғандықтан, оның артикуляциялық құрамында үстеме 
белгі болмайды.
Дауыстының негізгі белгілерінің сол күйінде сақталуы мен үстеме 
белгілердің болмауы дауыстыдан кейін өзге дыбыстың жоқ екенін 
көрсетеді. Сол бос орынды «нөлдік» деп атап, дауысты мен нөлдіктің 
тіркесін «жалаң» деп атап отырмыз. 
Жалаң тіркестің артикуляциялық сипатын акустикалық көрнекі-
лікпен толықтырамыз. Ол үшін дауысты қатысты акустикалық айты-
лым белгілерді түгел талдап шығуға тура келеді. Өйткені акустикалық 
жан-жақты талдаудың нәтижесінде ғана жалаң тіркестің толық 
сипаттамасын алуға болады. 
Сонымен дауыстының созылымдылық, қарқын, спектр және әуен 
қалпы оның артикуляциялық сипаттамасын көрнекі толықтырып тұр. 
Ендеше, жалаң тіркестің өзге тіркестерден бөлектеп тұратын өзіне тән 
артикуляциялық және акустикалық көрнекі белгілері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет