Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет27/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   221
Е дыбысы (4.6-сурет)
Е дауысты дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары кө-
терілуі арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты 
дыбыс болып табылады. 
Е дыбысын айтқанда ерін бейтарап қалады. 
Еріннің қатысына қарай езу дауысты дыбыс болып табылады. 
Е ды-
бысын айтқанда тіл ауыз қуысының орта тұсына орналасады. Тілдің 
көлденең қалпына қарай тіл ортасы дауысты дыбыс болып табылады. 
Дауысты (екінші сыңарының) тілдің тік қалпына қарай – қысаң, ерін 
қатысына қарай – езу, жасалу орнына қарай – тіл ортасы дыбыс. 
Жасалым белгілері: қысаң, езу, тіл ортасы дауысты дыбыс.
5.5-сурет. О және Ө дауысты дыбыстарының жасалым моделі
4.5-сурет. О және Ө дауысты дыбыстарының жасалым моделі
5.6-сурет. Е дауысты дыбысының жасалым моделі
4.6-сурет. Е дауысты дыбысының жасалым моделі


40
Сонымен, қазақ тілінің дауысты дыбыстары құрамына қарай –
жалаң/құранды, тілдің тік қалпына қарай – ашық/қысаң, тілдің көлденең 
қалпына қарай – тіл ортасы/тіл арты, ерін қатысына қарай езулік/
еріндік болып жіктеледі (4.1-кесте). Қазақ тілі дауысты дыбыстарының 
құрамында тіл алды дауысты дыбыс жоқ.
Қазақ тілі дауысты дыбыстарының жіктелім белгілерінің жүйесін 
кестелеп көрнекілеуге болады (4.2-кесте). Егер жасалым белгі 
дауыстыға тән болса, онда «бар (+)» деп таңбаланады, егер тән болмаса, 
онда «жоқ (-)» деп таңбаланады. Сонда дауыстылардың арасындағы 
ортақ/айырым белгілері көрініп тұрады. Егер бір жасалым белгі бір 
не бірнеше дауыстыға тән болса, онда ол ортақ белгі болады. Бір 
дауыстыда бар, ал екінші дауыстыда жоқ белгі айырым белгі болады.
4.1- кесте. Дауысты дыбыстардың жасалым жіктелімі
ҚҰРАМЫ
ЖАСАЛУ ОРНЫ
тіл ортасы
тіл арты
ЕРІН ҚАТЫСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет