241
240
Иттің забтығын айтып, аузын жия бергенше, үйіне қонақ
келіп, күйеудегі қызының ауру екенін, бақсы əкесінің үйін-
дегі итін алып кел дегенін баяндайды. Сөйтіп, итті жетектеп
алып келеді.
Барды да босағаға байлап қойды,
Еркіме жіберместен олай-бұлай.
Бір бүркіт сол уақытта келді аспаннан,
Екпіні дарияны етіп ылай.
Сол қыздың кеудесіне мініп алып,
Өкпесін суырмаққа дегізді: «Ойбай!»
Мен барып алқымынан ала кеттім,
«Тəуекел, көрейін», – деп, берсе абырой.
Жалынды сонда маған сол қарақұс,
Бұл істі істеппін деп абайламай.
(Бұл қарақұс бейнесінде келген ауру болатын). Ақбай
қарақұсты аяп босатады. Сөйтіп, қыз ауруынан жазылған
соң, Ақбай баяғы қалыңдығының жайын білмекке тағы ба-
рады. Қалыңдығы қайтадан торғайға айналдырады.
Торғай-Ақбайды балалар ұстап алып, əбден азаптайды.
Бір күні бір қайыршы кемпір балалардан торғайды сұрап
алып, үйіне əкеліп бағып, қанатының астына қолын тығып
көріп:
Бұл етің ұшуыңа енді жарар,
Сен – қара ит, мен қарақұс болған кезім.
Өмірден емес еді ұмытылар,
Сондағы қара құсың – осы кемпір,
Ойыңнан бұл уақытта шыққан шығар, – дейді.
Кемпірдің ақылымен, Ақбай қалыңдығының үйіне үшін-
ші рет келеді. Кіре салысымен, қалыңдығының бұрымының
астынан жүзікті тауып алып: «Шошқа бол, шошқа бол!»
– дегенде, бірі – қабан, бірі – мегежін болып үйден шыға
жөнеледі. Туындыгер бұл жерде қазақ жерінде кездесетін
аңдарды алады. Қазақ оқырманы үшін, маймылға не бұзауға
айналғаннан гөрі ит, торғай, қабан шындыққа жанасымды
болатынын сəтті ойластырған. Оқиғасын өте қызықты етіп,
жұмбақтай қиыстырып, əсерлі жазған.
«Адамның əйелдің кесірінен итке айналу» желісі Мей-
рам Жан айдарұлының (1895 ж.) «Дала уəлаяты» газетінде
жарияланған «Мың бір түннің хикаясы» атты дастанында
да берілген (Қисса... 1986-318).
Бұзылған бұл замана ақыр екен,
Бишара қатынға ерген пақыр екен.
Бір күні аңдаусызда кіріп келсем,
Бассалып бір қара құл жатыр екен.
Достарыңызбен бөлісу: