Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет99/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   446
М. Т. Есматова
М.Қозыбаев атындағы Солт‰стік Қазақстан мемлекеттік университеті 
ОРАЛХАН БөКЕЙ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ
ҚОЛДАНЫСЫ 
 
 
Фразеологизмдер (кең мағынада фразеоло-
гиялық тіркестер мен мақал-мәтелдер) көркем 
сөз өнерінің ең құнарлы саласына тән ойлау 
нәтижесі мен халық даналығының туындысы 
болып саналады. Тіліміздің бұл байлығы ға-
сырлар бойы қорланып, қалыптасқан, толас-
сыз дамып, толығып отыратын, әрқашанда 
қолданысқа дайын тұратын көркем сөз құралы 
болып саналады. Яғни, көркем сөз шебер-
лерінің өз шығармаларында т‰рлендіріп, сан 
құбылтып, пайдалануына болатын әсем де 
әсерлі, көркем де бейнелі сөз өрнегі болып 
есептеледі. Әдетте, фразеологизмге тән ерек-
шеліктердің бірі ретінде олардың тұлғалық, 
құрамдық және ішкі орын тәртібінің тұрақ-
тылығы көрсетіледі. Әрине, бұл тұрақты тір-
кестерге тән жалпы заңдылық, бірақ қатып 
қалған, ешбір өзгеріске т‰спейтін құбылыс
емес, белгілі шарттылыққа бағынатын заңды-
лық.
Бұл белгілі ғалым, профессор Рабиға Сыз-
дықованың сөзімен айтқанда, сөз құдіретінің 
арқасында іске асатын құбылыс [1]. Ол – 
ғалымның бейнелі т‰рде атаған «сөз әрлеу» 
тәсілі. Сөз әрлеу деп отырғанымыз да, ай-
налып келгенде сөз таңдау, сөз қолданысы 
дегеніміз сияқты, көркем шығарма тіліндегі 
жеке сөздердің (және тіркестердің) «қылығы», 
қызметі, стильдік ж‰гі, (орысша айтқанда, 
«поведение слово в художственном тексте») 
деген тұтас құбылысқа кіреді. Әсіресе, «сөз 
әрлеу» дегенде, сөздің көріктеу құралы ретін-
де келген, сөз бейне болып, келген сәттері 
талданады. 
Фразеология деген терминнің мағынасы 
кең, оны әр т‰рлі ұғынып, әр алуан салада


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 81 
зерттеу объектісі етіп алуға болады. Жалпыха-
лықтық тілдің фразеологиясы мен жеке 
жазушы шығармасындағы фразеология немесе 
жеке бір шығарманың фразеологиясы, яғни 
авторлық өзгеріске ұшыраған тұрақты тіркес-
тер бір-бірінен зерттеу тәсілі жағынан да, 
мазмұны жағынан да өзгешелігі бар. Жалпы-
халықтық тілдің фразеологиясы оның барлық 
табиғатын қамтыса, авторлық өзгеріске ұшы-
раға фразеологиясынан стильдік өзіндік ерек-
шелігі айқындалады. Авторлық қолданыстағы 
фразеологизмдердің тууы және тілде қалып-
тасуы халықтың ұлттық мәдениетімен, дәс-
т‰рімен, этнолингвистикасымен байланысты 
болып келеді.
Авторлық қолданыстағы тұрақты тіркес-
тер, қанатты сөздер бірте-бірте тілдің біркелкі 
сөздер қорына еніп жатыр. Авторлық қолда-
ныстағы фразеологизмдердің тууын және 
уақыт келе афоризмдерге айналуын проза 
тілінен айқын байқауға болады. Стилисти-
калық тұрғыдан қарағанда, авторлық қолда-
ныстағы фразеологизмдердің қандай мақсатта 
қолданылып тұрғанын да айқындап алу қажет. 
Себебі, тұрақты тіркестер тек көріктеу құралы 
ғана емес, жазушының көзқарасын, идеясын, 
суреттеп отырған кейіпкерінің ішкі жан д‰-
ниесін, болмысын таныту мақсатында да қол-
данылады. Сол себепті де Рабиға Сыздықова: 
«Көркем туындының тілін лингвистикалық 
стилистика тұрғысынан талдау дегеніміз тіл-
дің жеке бөліктерін (единицаларын) т‰гендеу 
емес, сол бөліктердің, айталық, сөздердің, тір-
кестердің, сөйлемдердің қолданысын, қолда-
ныстағы көрінісін зерттеу болмақ» (Сызды-
қова Р. Сөз құдыреті. 2003. 5-бет). 
Фразеологизмдердің табиғатына тән осы 
бір қасиетін біз жалпы сөз қолданыс ж‰йесі-
нен, әсіресе, проза тілінен айқын көреміз. 
Проза тілінің шығарма бойындағы ‰йлесім-
ділік, кейіпкердің әсем де әсерлі іс-әрекеті 
фразеологизмдердің «қамырша иленіп», сан 
алуан өзгерістерге т‰суіне әсерін тигізеді. 
Фразеологизмдердің проза тілінде мұндай 
өзгерістерге т‰суі және ол өзгерістердің шегі 
мен т‰рі, сайып келгенде, жазушының шебер-
лігіне және сөз саптау мәнеріне тікелей бай-
ланысты болып келеді. Мұндай шебер сурет-
керлер қатарынан қазақ прозасына өз қол-
таңбасын қалдырған көрнекті жазушы Орал-
хан Бөкейді ерекше атауға болады.
Қазақтың әдеби тіліндегі әсірелеу, көркем-
деу тәсілдерінің ішінде тұрақты сөз тіркес-
тердің алатын орны ерекше. 
Тұрақты тіркестер көркем шығарма тілін 
жандандырып, астарлап, бейнелей суреттеудің 
тілдегі дайын құралы болып табылады. 
Халық тілінің осы бір байлығын жазушы-
лар өз шығармаларында қажетіне жаратып, 
өзіне керегін таңдап алады.
«Фразеологизмдерді әр жазушының өз қа-
жетіне байланысты жаңғыртып қолдануы
оның ой-пікіріне, эстетикалық талғамына, қо-
ғамдық өміріне, философиялық көзқарасына 
сәйкес келеді» [2,54].
Профессор А.И.Ефимов «Жазушылардың 
өзіндік стилі деп көркем шығармаларындағы 
жалпы халықтық тілдің тәсілдерін өңдеп 
жұмсаудағы сөз құрау ж‰йесі»,- дейді.
Кез келген жазушы халық тілінің бар бай-
лығын сөз айшықтарын өз шығармаларында 
дәл, айқын, аса бір ұтқырлықпен жұмсай оты-
рып, өзіне ғана тән стиль жасайды.
Қазақ тілінде фразеологизмдерді берудің 
екі жолы қарастырылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет