Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 79
тік мағынасы арқылы анықталады. Мұндай
кезде бағыныңқы сыңардағы сөзтұлға екі
т‰рлі синтаксистік мағынада: 1) басыңқы сы-
ңардағы заттың не қимылдың
белгісін біл-
діріп, басқа дәл сондай зат не қимылдан ажы-
рататындай сипатта жұмсалады:
Асау жылқы
ышқына шыңғырып көкке атылды (Д. Дос-
жанов).
Азанғы аяз шағып барады (Н. Сер-
әлиев). Кеңес біраз
‰нсіз жатты... (Қ. Сәр-
секеев); 2) субъектінің әрекеті тура немесе
жанама
бағытталған объектіні білдіруі м‰м-
кін:
Мал т‰гіл адамға да қолайсыз (І. Есен-
берлин). Орташасы көбінесе
әнге лайық
(Т. Әлімқұлов).
Кешікпей-ақ дабыр әңгімелері
‰зілмеген қалпы сырт көзге мойын бұрғыз-
ғандай жарастықты топ
ауылдан ұзай берді
(А. Сейдімбеков).
Сөз тіркестерінің басты белгісі сыңарлары-
ның арасындағы грамматикалық қатынастар-
дың болуы.
Басқа тілдердегідей, қазақ тіл
білімінде де сабақтаса байланысқан сөз тір-
кестері:
1) анықтауыштық, 2) толықтауыш-
тық және
3) пысықтауыштық қатынаста
келеді.
1)
анықтауыштық қатынастағы сөз тір-
кестері сыңарларының қандай сөз таптарынан
жасалуы мен қандай тұлғада келуіне қарай
мынадай мағыналық-тұлғалық құрылымда
келеді. Оны таратып көрсетсек:
а) басыңқы сыңар зат, нәрсені атайды, ба-
сыңқы сыңар оның сапалық (сандық) белгісін
көрсетеді:
әдемі қыз, биік тау, ұзын бойлы
жігіт, бес кітап, он екінші ‰й, т.б.;
ә) басыңқы сыңар зат, нәрсені атайды, ба-
ғыныңқы сыңар сол заттың кімге, неге тиесілі
екенін көрсетеді:
апамның орамалы, ағамның
дәптері, т.б.;
б)
басыңқы сыңар заттың бөлшегін, бағы-
ныңқы сыңар затты тұтасымен атап көрсетеді:
терезенің жақтауы, ағаштың жапырағы,
адамның көзі, т.б.
в) басыңқы сыңар кісіні, бағыныңқы сыңар
оның қай топ немесе ұжымға қатысын көр-
сетеді:
топ басшысы, бөлім меңгерушісі, мек-
теп оқушысы, т.б
.
г) басыңқы сыңар белгіленген іс-әрекетті,
бағыныңқы сыңар сол әрекет иесін көрсетеді:
ректордың бұйрығы, нәрестенің к‰луі, т.б.
ғ) басыңқы сыңар белгіні, бағыныңқы сы-
ңар белгінің иесін көрсетеді:
әйелдің кіші-
пейілдігі, жігіттің ептілігі, баланың зерек-
тігі, т.б. Мұндай сөз тіркестері
әйелдің кіші-
пейілдігі – кішіпейіл әйел – әйел кішіпейіл,
жігіттің ептілігі – епті жігіт – жігіт епті,
баланың зеректігі – зерек бала – бала зерек
т.б. болып трансформацияға тусу м‰мкіндігі
бар. Осындағы
әйелдің кішіпейілдігі – кіші-
пейіл әйел, жігіттің ептілігі – епті жігіт,
баланың зеректігі – зерек бала сөз тіркестерін
синтаксистік синонимдерге жатқызуға бола-
тын болса,
әйел кішіпейіл, жігіт епті, бала
зерек сияқты предикаттық қатынастағы
тір-
кестердің лексикалық құрамы ортақ болғаны-
мен, грамматикалық мағыналарындағы өзге-
шелігіне орай синтаксистік синоним бола
алмайды. Себебі
әйелдің кішіпейілдігі – кіші-
пейіл әйел, жігіттің ептілігі – епті жігіт,
баланың зеректігі – зерек бала – сөз тіркесі
болса,
әйел кішіпейіл, жігіт епті, бала зерек –
сөйлем болып танылады.
2)
толықтауыштық қатынастағы сөз
тіркестері мынадай мағыналық-тұлғалық құ-
рылымда келеді:
а) қимыл-әрекет (етістік) және оны нақ-
тылайтын (қимыл-әрекет тура немесе жанама
бағытталған) объекті:
ауылды сағыну, ағасына
еркелеу, т.б.
ә) белгі (сын есім) және оны нақтылаушы
объект (белгінің қайсысына (кімге немесе
неге) қатыстылығына қарай):
балаларға қы-
зық, оттан ыстық, иесімен дәмді, т.б.
б) қимыл құралы:
қайшымен қырқу, әзіл-
мен жеңу, т.б.
в) ақпарат көзі:
кітаптан оқу, радиодан
есту, теледидардан көру т.б.
г) жетістікке, мақсатқа жету немесе ай-
рылу:
жеңіске жету, абыройдан айрылу, т.б.
3)
пысықтауыштық қатынастағы сөз
тіркестері төмендегідей мағыналық-тұлғалық
құрылымда келеді:
а) мекенге байланысты белгі:
қалада оқу,
Астанада суық, т.б.
ә) бағытқа байланысты белгі:
‰йге дейін
бару, ауылға жақын, т.б.
б) уақытқа байланысты белгі:
таңертең
тұру, кешке келу, ұзақ ойлану, б‰гін ыстық, т.б.
в) қимылдың басталу сәті:
тумысынан
керең, бала кезден дос, т.б.
г) қимылдың аяқталу сәті:
т‰ске дейін
ұйықтау, к‰зге дейін демалу, т.б.
ғ) себепке байланысты белгі:
ауырғандық-
тан келмеу, т.б.
д) амалға қатысты белгі:
қалықтап ұшу,
жылдам қимылдау, асықпай ж‰ру, т.б.
е) мақсатқа қатысты белгі:
оқу ‰шін жай-
лы, кездесу ‰шін ыңғайлы, т.б.