Қазіргі кезде әліпби құрамына енетін дыбыстар мен олардың таңбасы туралы мәселелер біраз талқыланғанын білеміз. Енді әліпбиге тағы да өзгеріс енгізбестен бұрын жазу емлесінде қандай ұстанымдар бар екенін байқау керек. Себебі емле жасаушылар әліпбидегі кейбір дыбыстарды әлі де қысқартуды ұсынуы да мүмкін ғой. Мысалы, тіліміздегі одағай сөздерде және араб тілінен енген сөздерде ғана кездесетін «h» дыбысын әліпбиден шығарып тастап, оны «қ» немесе «х» дыбысымен жазуды ұсынатындар да бар. Ал кейбір ғалымдарымыз тілімізде аз қолданылса да, бар дыбысты жоғалтпау керектігін айтады. Бұрынғы әліпбиімізде қазақ тілінің қазіргі артикуляциялық базасында жоқ дыбыстардың көп болуы тіліміздің өзіндік фонологиялық заңдылықтарын бұзып келгені баршаға аян. Мысалы, жаңа әліпбиіміздегі бір таңбаға матап қойылған Hh – [х] мен [h] дыбыстары өзіміздің төл «қ» дыбысымызбен қапталдаса жарысып, қазақ жазуында «қ» арқылы айтылатын кейбір сөздер орыстың «х» және арабтың «Һ» дыбыстарымен жазылып келді. Мысалы, қабар–хабар, қош келдің