Араб әліпбиі негізіндегі қазақ жазуы



бет2/6
Дата02.04.2023
өлшемі358,55 Kb.
#78485
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Араб ліпбиі негізіндегі аза жазуы

3. Латын әліпбиі.
Түркі тілдес елдердің латынға ауысуы 20 ғаырдың басында талқылана басталған. 1926 жыл Әзербейжан астанасы Бакуде түркі тілдес елдердің латынға ауысуы туралы Одақтық жиналыс өтті. Қазақстанда арнаулы комиссия құрылып, жоба жасалынды. 1929 жылы 7 тамызда КСРО Орталық атқару комитеті мен КСРО Халық комиссарлары кеңесі латындандырылған жаңа әліпби – «Біртұтас Түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылды.

Бір ғасырда 3 түрлі әліпби ауыстырудың тарихына қысқаша шолу жасадық. Қысқа уақыт аралығында болған бұл Әліппе өзгерісітері қазақ халқының рухани өміріне зор өзгерістер алып келді.


1. ғасырлар бойы үзілмей жеткен рухани мәдениетімізді табиғи сұрыптаудан өткізіп, кейінгі ұрпаққа жеткізбеу;
2 . ХХ ғасыр басындағы ұлттық қозғалыс және ұлттық үкімет саналатын «Алашорданың» кезеңінде қалыптасқан ғылми еңбектердің ұлттық сипатына айырылуына және коммунистік жүйеге түбегейлі көшуіне кепілдік берді.
Мәскеу КСРО құрылған алғашқы кезеңінде мақсатты түрде жүзеге асырылған Әліпби өзгерісі арқылы тегі мен тілін ұмытқан мәңгүрт ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бар күш салды.
"Рухани жаңғыру" бойынша өткен ғасырға бір сәт көз жіберіп қойсақ. Ертеңгі ұл-қыздарымыз бізді де солай еске алатынын ұмытпайық. Адам ұрпағымен мың жасайды деген...
2. Алғашқы емле сөздігінде қазір сақталмаған орфограммалар қандай?
Әліпби айтысы ХХ ғасырдың басында жазудың қызметі
кеңейе бастағаннан бастап ең өзекті мәселе ретінде күн
тәртібінен түскен емес. 1924 жылдан бастап Н.Төреқұловтың 28
әріптен, Х.Досмұхамедұлының 26 әріптен, М.Мырзаұлының 22
әріптен, Ә.Байділдаұлының 27 әріптен, Т.Шонанұлының 24
әріптен тұратын әліпби жобалары халық талқысына ұсынылады.
1926 жылғы 26 ақпаннан 6-наурызға дейін Баку қаласында
Бүкілодақтық Бірінші Түркологиялық съезд өткізіліп, онда күн
тәртібінде түркі халықтарының жазу мәселесі, орфографияның
негізгі принциптері және олардың әлеуметтік мәні,
терминология мәселесі, түркі халықтарының тарихы,
этнографиясы, ана тілін оқыту әдістемесі т.б. көптеген
көкейтесті мәселелер қойылды. Солардың ішінде ең үлкені түркі
халықтарының барлығының тегіс латын графикасына көшу
мәселесі болды. Бұл съезге Қазақстаннан Ахмет Байтұрсынұлы,
Елдес Омаров, Әзиз Байсейітов, Біләл Сүлеев, Нәзір
Төреқұловтар делегат болып қатысты. Сонымен қатар түрік
нәсілді Бартольд, Олденбург, Крымский сияқты ғалымдармен
қоса, неміс профессоры Менсель, Көкерлі-Зада, Құсайын-Зада
сынды атақты зерттеушілер де қатысты. Құрылтайда баяндама
жасаған Ә. Шәріпұлының «Емле түзеу жүзінде қазақ жұртының
латынға көшуінің қажеті жоқ» деген пікірін А. Байтұрсынұлы да
жақтап, «Латын қарпіне көшуге жұмсаған қаржыны балаларды
оқытатын мектеп салдырайық» деген пікір қосады. Ал бұл
пікірлерге қарсы баяндама жасаған Ә. Байдилдин латын
графикасын жақтап, «Қазақ төңкерісінен кейін дамыған еңбек
адамдарының талап-тілегін араб әліпбиі толық қанағаттандыра
алмайды, латын қарпіне көшу заман талабынан туындап отыр»,-
дейді. С.Сәдуақасов «Латын графикасын алудың саяси
қорқынышы бар. Молдалар қарсы болады. Араб таңбалары
ислам дінінің таянышы, әріптен қол үзсек, діннен де қол үземіз»
деп өз көзқарасын білдіреді. Сондай-ақ Ж. Аймауытов, Қ Кемеңгеров, М.Дулатовтар «Латын таңбасына көшсек, жаппай
сауатсыздыққа ұрынамыз» - деп араб графикасын қолдайды.
Білімпаздар тобының А. Байтұрсынұлының араб жазуын
жақтауындағы мақсаты - өңделген араб графикасы қазақтың
мұқтаждығын толығымен өтеп отырғандығы, оқыту ісіне
қолайлылығы. А. Байтұрсынұлы бұл съезде айтқан пікірін кейін
1927 жылы Қызылордадағы жазу мәселесіне арналған
конференцияда да қайталап дәлелдейді. Ол түрік жұртының 90
пайызы араб таңбаларын пайдаланып келетіндігін айтып,
әрқайсысының қалыптасып қалған, пайдаланып жүрген хат
мәдениеті бар екендігін айта келе, бір әріпті тастап екінші әріпті
алудың қиындықтарын ғылыми негізде дәлелдеп баяндама
жасайды. Латын графикасын жақтап Н. Төреқұлов сөз сөйлейді.
Ол «Біз латын әрпін қазаққа күшпен алдырғалы отырған
жоқпыз. Латын әрпін үйрену, жазуға тым пайдалы жеңіл. Түрік
әрпінің біреуі төрт түрлі, латындікі бір ғана түрлі» деп
дәлелдейді. Қызу тартыс туралы Е. Алдоңғаров «Әліпби түзеу»
мақаласында «Ахметті жақтап талай шешендер түрлі дәлелдер
келтіріп, мысалыға қаріп белгілерін, сан белгілерін, қаріпті жию,
теру жеңілділігін айтты. Латын әрпін қолдауға әлі ерте, орыс
халқы алмағанда біз неге аламыз? Қаріпке қызығып біз
мәдениетімізден айырыламыз»,- деп жазды. Бұл мәселені ашық
түрде талқылау үшін баспасөз беттерінде мақалалар жазып,
сондай-ақ Астрахан, қарақалпақ қазақтарын қосып, толық съезд
шақыру жөнінде қаулы шығарылады. Көпшіліктің пікірін білу
қажет деп санап, оны қадағалауды Қазақстан Халық
комисариятына тапсырады.
Қазақ тілінің тағы бір жанашыры Е. Алдоңғаров «Өнер басы
- әліпбиің» деген мақаласында «Заман талабы, өркениетке
жетудің жолы - латын таңбасына көшу болып отыр» деп пікір
білдіреді. Осы газеттің 45 санында (1926ж.) М. Үмбетұлы деген
оқырман «Латын, араб қарпі деген әңгіме басталып жүр. Араб
қаріпінен неге қаштық. Орыстың миссионерлері Ильминский
шығарған қаріптен, А. Байтұрсынұлы шығарған араб қарпі қазақ
еліне әлдеқайда қолайлы»,- деген пікірін білдірген. баспасөз беттерінде жарияланып жүрді. Араб жазуына қарсы
дегендер ол графикадағы әр әріптің төрт түрлі болып күрделі
жазылатынын айта келіп, оның техника, теру жұмыстарына
қиын болатындығын тілге тиек етеді. Ал араб графикасын
қолдаушылар басқа әріпті алып, оны енгізіп жүргеннен араб
әрпін алып, соның кемшілігін жояйық деген пікір айтады.
Орфографиялық ережелер дұрыс қабылданып, баянды
нормаға айналуы үшін олар тілдің фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. 1929 жылы
латын графикасы негізінде қабылданған алфавит тұсында емле
ережелерінің принципі фонетикалық болды. 1938 жылы ресми
органдардың қаулысы бойынша «Қазақ тілінің емле ережелері»
жарияланды. Онда орфографиядағы бұрынғы қате-
кемшіліктерді жөндеу мақсаты көзделіп және олар жаңа
ережелермен толықтырылды
2. «1929 жылы қабылданған әліпбидің фонема – дыбыс –
графема – әріп арақатынасы» - «әр әріп белгілі бір дыбысты
белгілеуі тиіс», яғни «дыбысты белгілемейтін бір де бір әріп
болмауы керек» принципіне немесе «әр әріп екі немесе бірнеше
дыбыстардың қосындысын емес, тек бір ғана дыбысты белгілеуі
керек» деген грамматологиялық формулаға негізделді. Қазіргі
әліпбидегі көп мәнді әріптердің қатарында танылып жүрген и
(<ы> + <й>, <і> + <й>), у (<ұ> + у, <ү> + <у>), щ (<ш> + <ш>),
ю (<й> + <ү> + <у>, <ұ> + <у>), я (<ы> + <й> + <а>, <і> + <й>
+ <ә>) тәрізді әріптердің 1929 жылы екі әріп тіркесімен өзінің
негізгі фонемдік мағынасында қолданылған, [х] дыбысы қ
фонемасының әріптік мәнімен таңбаланды.
1929 жылы 25 шілдеде Қазақстан Орталық атқару комитетінің қаулысымен 12 төл және 18 кірме сөздерді жазу
үшін ереже баптары енгізілді. Қазақ жазуының онтогенездік
даму сипатын арнайы зерттеген ғалым Қ.Күдеринова: «Қазақ
тілінің дыбыстық негізінен шығарылған алғашқы емле ережесі
1929 ж. латын графикасымен бірге қабылданды. Онда
орфографияның негізгі ұстанымы анықталып, шеттілдік сөздер
қазақ тілінің төл сөздерінің жазылу принципіне сай таңбаланды.
Қазіргі емлеміздегі негізгі орфограммалар сол 1929 ж. емле
ережелерінде айқындалды.
3. Қазақ қоғамында 10 жылдай қызмет еткен аталған
ережелер қазақ орфографиясы принциптерінің дұрыс
таңдалынып алынғандығын және осы принциптерге сәйкес
жасалған емле қағидалары негізінен дұрыс екендігін көрсетеді.
Бірақ аталған ережелердің жұмыс істеуіне, оның бұқара халыққа
таралуына уақыт аз болды. Дұрыс жазуға бағыт-бағдар, жөн
сілтейтін орфографиялық сөздіктер де бұл кезде жасалмаған
болатын. Сондықтан болу керек жазу тәжірибесінде бірнеше
қиындықтар болды. Орфографияға қатысты кейінгі мәселелерді
қозғау барысында Б.Нұрдәулетованың «Қазақ орфографиясыны
мәселелерi» атты еңбегін негізге аламыз.


3.Әліпби мен емлеге қатысты қандай ұсыныстар болды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет