Ақшалай қаражаттар есебі


Банкте есептік шот ашу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек



бет4/7
Дата14.12.2022
өлшемі281,5 Kb.
#57275
1   2   3   4   5   6   7
Банкте есептік шот ашу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:
Ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады:
Төлем-талап-тапсырмасы
Төлем тапсырмасы
Аккредетивтер
Чектер
Жиынтық талаптар арқылы есеп айырысу
Векселдермен есеп айырысу

 
Шаруашылық операциялар мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1.Кассадан ақшалардың ағымдағы банк шотына түсуі

1030

1010

2.Сатып алушылардың дебиторлық қарыздарын жою есебінен түсуі:
- қысқа мерзімді
- ұзақ мерзімді

 
1030
1030

 
1210
2010

3. Қысқа мерзімді несиелер алынды

1030

3010, 3020

4.Жолдағы ақшалар ұйымның есеп айырысу шотына алынды

1030

1030

5.Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан келіп түскен ақшалар есеп айырысу шотына кіріске алынды

1030

5110

6.Алынған банк несиесі есеп айырысу шотына кірістелді

1030

3010,4010

7.Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарызы қайтарылды

3310, 4110

1030

8.Бюджетке ҚҚС аударылды

3130

1030

9.Бюджетке корпоративтік табыс салығы аударылды

3110

1030

10.Басқа да кредиторлық қарыздар жойылды

3390, 4170

1030

Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар
шоты бойынша шаруашылық
операцияларының шоттар корреспонденциясы
Шетел валютасымен байланысты операциялар № 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС реттеледі.
Кәсіпорындарда шетел валютасындағы ақша қаражатының есебі 1032 «Банктегі ағымдық шоттағы валютамен ақша қаражаты» шотарында жүргізілуі мүмкін. Бұл шоттар активті. Бұл шоттардың дебетінде есепті мерзімнің басындағы және соңындағы шетел валютасымен ақша қаражатының қалдығы, шетел валютасымен түскен ақша қаражаты, ал кредитінде шыққан шетел валютасы көрсетіледі. Бұл шоттардың аналитикалық және синтетикалық есебі 1010 және 1030 шоттарындағы есеп тәріздес жүргізіледі.
№ 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС –на сәйкес, шетел валютасындағы операция шетел валютасында көрінетін және реттелетін мәміле болып табылады. Оған келесі мәмілелер жатады:
- бағасы шетел валютасында көрсетілген тауарлар мен қызметтерді сатып алғанда немесе сатқанда;
-алашақ немесе берешек сома шетел валютасында көрсетілгенде;
  • валютаны айырбастау келісімін орындалмаған тарап болып табылса.

  • Бағамдық айырма – бұл бағам өзгерген жағдайда шетел валютасының дәл сол мөлшерін бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінде есептілік валютасында көрсету нәтижесінде пайда болған айырмашылық.

Шетел валютасындағы ақша қаражаттарының есебі
Ақшалай қаржыларды түгендеу олардың сақтығын қамтамасыз ету, ақшалай операциялар бойынша операциялардың жүргізілуінің дұрыстығын тексеру мақсатында кәсіпорынның басшысымен бекітілген комиссиямен жүзеге асырылады. Түгендеу кезінде кассадағы ақшалардың және басқа да құндылықтардың нақты бары қаралады. Түгендеуде барлық ақшалай қаражаттар бойынша жүргізілген операциялардың толықтығы, дұрыстығы, нақты іс жүзінде бары және толтырылған құжаттардың дұрыстығы қаралады. Бағалықтардың нақты бары анықталып, құжаттардағы мәліметтермен салыстырылады. Түгендеу тізіміне барлық тексерілген құндылықтар жазылады. Түгендеу нәтижелерін шығарғанда ауытқулар, яғни артықшылықтар немесе жетіспеушіліктер анықталуы мүмкін . Мұндай артықшылықтар кіріске алынуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет