Ашекеева Қ



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата14.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#114376
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
╠ ─┼═╚┼╥╥└═╙ └ ╩ ╨ ╤╧┼ └°σΩσσΓα ─.╚

Ислам 

 
әлемдегі
 
ең жас дүниежүзілік дін. Соңғы деректер бойынша әлемде 1,3 
млрд адам ислам дінін ұстанады. 35 мемлекетте мұсылмандар тұрғындардың басым 
кӛпшілігін құрайды. 28 елде ислам мемлекеттік дін деп жарияланған. 
Ислам б.з. ҮІІ ғасырында Арабия түбегінде пайда болған. Ислам діні ӛзіне дейінгі 
діндердің жетістіктері мен кемшіліктерін терең сараптау, талдау, ой тұжырымдау 
негізінде пайда болды. Исламның негізін бір құдайылыққа (монотеизм) табыну 
құрайды. Арабияда монотеизмді уағыздауда кӛріпкелдер (кахиндер) мен ханифтер 
ӛте зор атқарды. 


46 
Саяси-әлеуметтік тұрғыдан алғанда ислам діні араб тайпаларының 
орталықтанған мемлекетке бірігуінің қажеттілігінен туындайды және осы 
қажетіліктің нәтижесі болып табылады. Арабия түбегінің Азия мен Африка және 
Жер орта теңізінің тоғысқан жерінде орналасуы Византия мен Иран мемлекеттері 
тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Ӛйткені, сауда жолдарына бақылау 
жасаудың экономикалық маңызы зор еді. Аталған мемлекеттердің бұл саясатына 
бірде-бір жеке тайпа қарсы тұралмасы белгілі. Ал тайпалардың басын біріктіру үшін 
ортақ бір дін қажет-тін. Сол дәуірде араб тайпаларының ішінде күрейіш тайпасының 
беделі мен ықпалы басым еді және барлық араб тайпалары үшін қасиетті саналатын 
Каабада күрейіштер қолындағы Мекке қаласында болатын. Исламның негізін 
қалаған Мұхаммед пайғамбарда осы тайпадан болатын. 
Мұхаммед пайғамбар б.з. 570 ж. Мекке қаласында дүниеге келген. 
Жастайынан ата-анасынан айырылған Мұхаммед ағасы Әбу Тәліптің қолында 
тәрбиеленеді. Дін уағыздау жолында Мұхаммедтің басына қауіп тӛнгенде оны Әбу 
Тәліп қорғап, қолдайды. 25 жасында Мұхаммед Хадиша атты әйелдің сауда керуенін 
басқарады. Кейін Хадишаға үйленеді. Хадиша Мұхаммедтің әйелі ғана емес, ең 
жақын досына, ақылшысына, ӛмірдегі арқа сүйер тірегі де бола білді. Алладан 
алғаш аян алғанда Хадиша Мұхаммедтің сӛзіне сеніп, Аллаға деген сенімін 
нығайтады, ӛзі де алғашқылардың бірі болып исламды қабылдайды. Хадишадан 
басқа исламды алғаш қабылдағандар Мұхаммедтің еркіндік берген құлы Зейд ибн 
әл-Хариса мен інісі Әли еді. "Ислам деген сӛздің мағынасы: Алланың және оның 
пайғамбарларының бұйырықтарына сеніп, мойындау. Аллаға берілу. Осылайша 
Аллаға, пайғамбарына шын сеніп мойын ұсынғанды "мұсылман" дейді (Қар. 
Ғибадатул Ислам. Халифа Алтай Ғақып ұлы. А., "Берен Лиик" 1994 ж. 4 б.). 
"Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі" деген сӛзді айтқан адам 
мұсылман болып саналады. Алайда мұсылмандық жолын ұстау адамнан үлкен 
қажыр-қайратты, табандылықты, рухани ізденіс пен ұстамдылықты талап етеді. 
Исламның киелі кітабы – Құран. Ол 114 сүреден, 6236 аяттан тұрады. Әртүрлі пікір-
таластар тудырмау мақсатында Осман халиф (644-656 жж.) тұсында Зайд ибн Сәбит 
бастаған пайғамбар сахабалары Құранның жинақталған мәтінін жазады. 
Сүннә да мұсылмандар үшін киелі кітап саналады. Сүннә Мұхаммед 
пайғамбардың айтқан нақыл сӛздері мен істеген істері жайлы хадистерден тұрады. 
Исламның ӛзегін бес негізгі парыз құрайды. Олар: Алладан басқа жаратушының жоқ 
екенін және Мұхаммедтің Алланың елшісі екенін мойындау. Мұны иман келтіру 
(таухид) деп атайды. Екіншісі, бес уақыт намаз оқу, үшіншісі, зекет беру. 
Тӛртіншісі, жылына бір рет ораза ұстау. Бесіншісі, егер мүмкіндігі болса Меккеге 
қажылыққа бару. 
Сонымен қатар исламда джихад (газават) ұғымы бар. Джихадты кәпірлерге қарсы 
қасиетті соғыс деп біржақты түсінуге болмайды. Б.з. ІХ ғ. ислам ілімінде джихадтың 
бес түрі туралы түсінік қалыптасады. 
1.
Джихадтың ең жоғарғы формасы-рухани джихад – Алла жолында ӛзін-ӛзі 
жетілдіру. 
2.
Семсер джихады – дінді қорғау жолындағы қарулы күрес. 
3.
Жүрек джихады – адамның ӛз бойындағы кесірлері және кемшіліктерімен күресі. 
4.
Тіл джихады – жақсы істі қолдап, жамандықты айыптау. 


47 
5.
Қол джихады – исламның әдеп және шариғат нормаларын бұзғандарға жаза 
қолдану. 
Исламда бес парызбен қатар тӛмендегідей ақиқат қағидаларды мойындау шарт. 
 
1.
Алланың құдіретіне сену. 
2.
Оның періштелеріне сену. 
3.
Құранға сену. 
4.
Алланың пайғамбарларына сену (олардың алғашқысы – Нұқ, соңғысы – 
Мұхаммед). 
5.
Ақыретке сену (заманның соңына және әркімнің ӛз істері үшін жауап беретініне 
сену). 
6.
Жазмышқа сену. 
Исламда негізгі екі бағыт бар. Олар: суннизм және шиизм (Бұл туралы сіздер 
М.Үсенова және С.Үсеновтың Дінтану. А., 1994 кітабынан толығырақ таныса 
аласыздар). 
Исламда ораза айт және құрбан айт дейтін екі үлкен мейрам аталып ӛтіледі. Ораза 
айт ораза ауыз бекітуі аяқталған соң, ал құрбан айт мұсылман жыл санауының соңғы 
айы Зү-ль-хиджаның оныншы күні, қажылық аяқталған соң аталып ӛтіледі. Бұл 
күндері әрбір мұсылман басқаға деген ренішін ұмытып, кешірім етеді. Алыстап 
кеткен туыстар табысады. Ислам адамдарды бауырластыққа, татулыққа шақырады. 
Ислам осындай қарапайым қағидаларды орындауды адами парыз деп қарастырады. 
Кӛріп отырғанымыздай барлық діндердің рухани ұстанымдары мен әдеп нормалары 
бір-бірімен үндес, барлық адамдар үшін ортақ болып табылады. Сондықтан 
діндердің әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған осы 
мүмкіндіктерін тиімді іске асыру қазіргі ӛркениет үшін ӛзекті мәселе болып отыр. 
Елордасы 

Астана да болып ӛткен "Әлемдік және дәстүрлі діндердің" съезі осы 
бағыттағы алғашқы қадам болып табылады. Бұл бағытта әлі де талай қажырлы іс-
әреттерді жүзеге асыру қажет. Тек осы бағыттағы табанды еңбек қана адамзаттың 
келесі мыңжылдықтағы жарқын болашағын қамтамасыз ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет