Ашекеева Қ


 Олжас Сҥлейменовтің шығармасына жатпайтын…



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата14.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#114376
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27
Байланысты:
╠ ─┼═╚┼╥╥└═╙ └ ╩ ╨ ╤╧┼ └°σΩσσΓα ─.╚

10. Олжас Сҥлейменовтің шығармасына жатпайтын… 
А) “Қан мен тер”
В) “Аз и Я” 
С) “Жер адамға табын” 
D) “Оттың айналымы” 
 
Жауаптары: 









10 
А 
В 
А 
А 
С 

А 
Е 
В 
А 


41 
Реферат тақырыптары. 
1. Кӛне мәдениет ӛнері. 
2. Ежелгі грек мәдениетіндегі ӛнер стильдері. 
3. Ортағасырлар ӛнері. 
4. Живопись ӛнерінің қалыптасып, дамуы. 
5. ХҮІІ-ХІХ ғғ. Еуропа мәдениетіндегі жаңа ӛнер бағытттары. 
6. Қазіргі заманғы Қазақстан ӛнері. 
 
 
5 тақырып. МӘДЕНИЕТ ЖҤЙЕСІНДЕГІ ДІН 
Дін – рухани мәдениеттің құрамдас басты бір саласы. Дін ӛзінің даму 
барысында пұтқа табынушлықтан, яғни политеизмнен монотеизмге дейінгі 
эволюциялық сатылардан ӛтті. Діннің пайда болуын түсіндіруде ғалымдардың 
арасында ортақ кӛзқарастар жоқ. Бұл мәселені шешу ғалымның зерттеушілік 
позициясына дүниетанымдық ұстанымынан құндылықты бағдарлануына тікелей 
байланысты. 
Діннің 
классикалық 
тұжырымдарында 
дін 
сенім 
ретінде 
қарастырылады. Ал бұл сенімнің басты объектісі – Құдай. Жаратушы, құдіретті 
күш. Бұл тұжырымға сәйкес дін адам танымының шектілігіне, яғни табиғат пен ӛз 
психикасының құбылыстарын тұсіне алмауынан туындайды. Теологиялық 
тұжырымдар дінді адамның құдаймен, құдіретті күшпен байланысы деп түсіндіреді. 
Діни түсініктер мен діни толғаныстар адамға априори берілген. Бұл тұжырымға сай 
адам әрқашан "құдаймен тұтасып кетуге, немесе құдайылық аяға" қайтып оралуға 
талпынады. 
Діннің әлеуметтанулық тұжырымдары діннің әлеуметтік табиғатын ашуға 
талпынады. М.Вебер дінді әлеуметтік іс-әрекетке мән-мағына беру тәсілі деп 
сипаттайды. Мәдениет феномені ретінде дін әр түрлі құбылыстарға мәндік 
мазмұнды таба отырып, дүниені жүйелейді. Яғни дін адамның қоршаған әлеуметтік 
ортаға және табиғи ортаға деген тұтас кӛзқарасын қалыптастырады және оның осы 
ортада бағдарлануын (ең алдымен адамгершілік бағдарлануын) қамтамасыз етеді. 
Э.Дюркгейм дінді қоғамның тұтастығын қаматамасыз ететін бастау деп 
қарастырады. Діннің қайнар кӛзі ұжымдық психология, адамдардың сырласу, бір-
бірімен қоғамдық-психологиялық қарым-қаынас процесі деп санайды. Биологиялық 
тұжырымдар діннің негізін адам бойындағы биологиялық немесе биопсихикалық 
процестерден іздейді. Діннің негізі діни инстинкт, діни сезім бұлар адамның 
тіршілік үшін күресінің бейімделуінің құралдары болып табылады. Психологиялық 
тұжырымдар дінді жеке адамның немесе топтың психикалық құбылыстары негізінде 
түсіндіруге талпынады. Бұл бағыттың ӛкілдері дінді адамның эмоциялары мен: 
үрей, махаббат, ар-ұят, адамгершілік сезімімен байланыстырады. Неміс философы 
И.Кант дінді моральдық және статутарлық деп ажыратады. Таза парасат сеніміне, 
моральдық сезімге негізделген дінді Кант "таза моральдық дін" деп атайды. Онда 
әркім ӛзінің ақыл-парасаты арқылы ӛз бойындағы құдайылық ерікті таниды. 
Моральдық сенім-еркін сенім "дін дегеніміз ӛзіміздің парызымызды құдайылық 
ӛсиеттер ретінде тануымыз" –дейді, Кант. Статутарлық дін адамға сырттан 
танылады және статутарлық сенімге негізделеді. Кант адам дінге күштеу арқылы 


42 
емес, рухани ояну, сана-сезім, ақыл-парасаттың кемелденуі негізінде келуі керек 
дейді. ХХ ғасырда Канттың дін туралы кӛзқарастары Э.Фроммның гуманистік 
ұстанымдарында ӛз жалғасын тапты. Ол діндерді авторитарлық және гуманистік деп 
жіктейді. 
Авторитарлық дін – адамды сыртқы күшке бас июге шақырады. Оның басты 
ізгілігі – бағыныштылық. Ал канондалған догмаларға мойынсұнбауды бұл дін типі 
күнәһарлық деп санайды. Э.Фроммның пікіріне сай құдіретті күшке бағыну арқылы 
адам ӛз болмысының шектілігін жеңуге және жалғыздық сезімінен құтылуға 
талпынады. Құдіретті күшке бағынған, мойынсұнған адам ӛзін қауіпсіз сезінеді, 
ӛйткені құдіретті күш пәле-жаладан сақтайды деп ойлайды. Сӛйтіп авторитарлық 
дінде адам ӛзінің тұтастығы мен тәуелсіздігінен бас тартқанымен сыртқы күш 
тарапынан қолдау мен қорғауға ие болады. 
Гуманистік дін адам тұлғасының тұтастығына, оның қабілеті мен ӛз күшіне сенген 
сеніміне, шығармашылық мүмкіндігін жүзеге асыра білуіне бағытталған. Гуманистік 
дін тұлғаның кемелділігін, ӛзіндік құндылығын жан-жақты негіздеп, адамды басқа 
адамға құрметтілік, ынтымақтастық, ғарыш пен адамның бірлігі, тіршілік 
бітімдеріне жан ашырлық, аялау тұрғысынан тәрбиелейді. Бұл діннің басты мақсаты 

адамның дәрменсіздігін емес, қайта оның қуатын, ізгі табиғатын, ізгілікке 
қабілетттілігін паш ету. 
Гуманистік діннің тағы бір сипаты толерантылық (тӛзімділік) ұғымымен 
байланысты. Гуманистік дін үшін адамның қай дінді ұстанатындығы соншалықты 
маңызды емес. Жалпы адамзаттық қасиеттер барлық діндерге ортақ. Бұл дін типі 
адамның діни тиістілігіне қарамастан оның бойындағы тұлғалық құндылықтар мен 
бастауларды ашып, оларды тұлғалық және тұлғааралық деңгейде бекітіп, 
қалыптастыруға бағытталған. Тамырын тереңге жайған діни ала ауыздықты, әртүрлі 
діни нанымдағы адамдар қауымдастығы арасындағы сенімсіздік пен күдікті жоюды 
да гуманистік діннің болашқтағы үлесі деп санаймыз. 
Жиырма бірінші ғасыр мен үшінші мыңжылдықтың мәдени келбетін, жалпы 
планетарлық ӛркениет сипатын анықтау мақсатында кӛптеген болжамдар 
айтылғаны баршаға белгілі. Оларды оптиимстік және пессимистік деп жіктеуге 
болады. Соңғыларына назар аударсақ (Мысалы, С.Хантингтонның "Ӛркениеттер 
қақтығысы" тұжырымы) адамзаттың болашақтағы тарихы да қақтығыстаға толы 
болмақ және ӛркениеттер қақтығысының түпкі себебі олардың бір-біріне мүлдем 
ұқсамайтындығында жатыр. Ал ӛркениеттерді ажыратып тұрған негізгі белгі дін 
(діни нанымдар) болып табылады. Мұнан кӛретініміз дін келесі ғасырларда да 
мәдениет пен саясатқа, экономика мен әлеуметтік қатынастарға ықпал етуге 
қабілетті күш ретінде ӛз мәнін сақтап қалады. Осы тұрғыда діннің болашақтағы 
тұрақтылыққа қауіп тӛндіретінін есепке алмауға болмайды. Сондықтан діни 
қақтығыстарға жол бермеу – әрбір қоғамның, адамзат қауымдастығының алдында 
тұрған келелі мәселе. Бұл мақсатты іске асырудағы басты міндет – әр түрлі діни 
нанымдағы адамдарды діни тӛзімділік, ӛзара түсіністік аясында тәрбиелеу болып 
табылады. Осы жайтқа соңғы жылдары ЮНЕСКО, БҰҰ сияқты халықаралық 
ұйымдар ерекше назар аударып отыр. Осы орайда ЮНЕСКО жұмыс орталығы 1994 
жылы Каталонияда ұйымдастырған кездесуде қабылданған діннің бейбітшілік 
мәдениетін дамытудағы рӛлі туралы декларацияны айта кеткен жӛн. Декларация 


43 
кӛрнекті діни қайраткерлер арасындағы сұхбаттың ЮНЕСКО-ның этикалық 
миссиясына ӛз үлесін қосатынын атап кӛрсетті (Қар. Бейбіт мәдениеті жолында. А., 
2000 ж. 155 б.). Бұл тұрғыда діни тӛзімділік қағидасының маңызы зор. Ӛйткені 
барлық конфессиялар ӛз қауымын бейбітшілік пен келісімділікке, басқа адамдардың 
құқы мен діни сенімдерін аяққа баспауға, келісімді ӛмір сүруге шақырса және 
толеранттылық идеяларын нақты іске асыруға ӛз үлестерін қосса кӛптеген мәсәле 
шешілер еді. Тӛзімділікке байланысты осындай құлықтылықты императивтер 
әлемнің барлық діндеріне тән және олардың негізгі құжаттарында ӛз кӛрінісін 
тапқан. 
Дін тарихына терең үңілу барлық діндердің адамгершілік 

моральдық 
негіздерінің ӛте ұқсас екендігін аңғартады. Ал олардың арасындағы рәсім-рәміздік 
айырмашылықтар соншалықты маңызды емес. Сондықтан діндердің позитивті 
мүмкіндіктерін қазіргі ӛркениет прогресіне қызмет еткізе білген абзал. Жоғарыда 
аталған міндеттердің жүзеге асыуы ӛз кезегінде діндердің тарихы мен негізгі 
қағидаларын жетік білуді талап етеді. Сол себепті келесі сұрақтарымызда әлемдік 
діндердің пайда болып, дамуына, діни ілімдердің ерекшеліктеріне талдау жасайық 
Әлемдік діндердің ішіндегі ең кӛнесі – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет