44
тармақты жолы арқылы жүзеге асады. Бұл жол "дұрыс әрекеттен" және "шынайы
білімнен" тұрады.
"Дұрыс әрекет" дегеніміз адам ӛлтірмеу, тірі жанға зиян тигізбеу (ахимса), ұрлық
істемеу, ӛтірік айтпау, ақылдан адастыратын
ішімдіктерді ішпеу сияқты
принциптерден тұрады.
"Шынайы білім" – ӛзіне-ӛзі үңілуді, ішкі пайымдау-медитацияны білдіреді. Осы
екеуінің тұтастығы адамға ӛмір мен ӛлімнің мәңгілік шеңберінен шығып, нирванаға
жетуге мүмкіндік береді.
Будда ілімінің дамуы барысында оның негізгі екі тармағы хинаяна мен
махаяна қалыптасты. Хинаяна монахтық ӛмір
салтын ұстанып, Будда ілімін терең
игеруге басты назар аударады. Махаянада кез-келген
адам нирванаға жете алады
делінеді. Алайда, махаянада қауымға тәжірибелі-бодхисатвалар жетекшілік етуі
керек. Хинаянаға қарағанда махаянада діни әдет-ғұрыптар күрделірек болып келеді.
Б.з.д. ІІІ-І ғғ. Буддизм оңтүстік, оңтүстік-шығыс Азияға хинаяна түрінде таралса, б.з.
І ғ. бастап ол солтүстік, солтүстік-батысқа махаяна түрінде тарала бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: