11
көрмеген белгілі ғалымдарымыз, ақын жазушыларымыз бар.
Солардың бірі-Орал өлкесінде дүниеге келіп,бүтін қазаққа тұлға
болып танылған, академик, әдебиеттанушы ғалым, фольклорист,
жазушы Қ.Жұмалиев. Ғалым қазақ әдебиетінің фольклорлық
жанрындағы ғылыми зерттеулерді қалыптастырып қана қоймай,
әдебиет тарихы (ХV-XIX) саласында өлшеусіз қызмет етті.
Ғалымның негізгі көзқарасы бойынша, қай халықтың әдебиеті
болмасын, көш басында халық ауыз әдебиеті тұрады. Жазба
әдебиеттің негізін салушы-Абай, ал оған дейінгі халық ақындары
ауыз әдебиетінің ықпалында болды. Ол Қобыланды батыр, Алпамыс
батыр, Ер Тарғын, Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз Жібек, Айман-
Шолпан сынды эпостық және лиро-эпостық дастандар мен тарихи
поэмаларды
зерттеумен
айналысты.
Қажым
Жұмалиев
өз
зерттеулерінде қазақ әдебиетінің тарихы XVII-XVIII ғасырлардан
бастау алғанын алға тартады, соның ішінде аңыз легінде емес, өмірде
болған тарихи тұлға-Бұқар жырау деп түсінеді, сол себепті тарихи
әдебиетіміздің басы саналады. Ал оған дейінгі Сыпыра, Асан қайғы,
Қазтуған, Жиембет, Доспамбет сындыжыраулардың тарихи тұрғыдан
аты аталғанымен, аңыз түрінде сақталған деп түйеді. Тарихта аты
мәлім, хат таныған халық ақындары XVIII ғасырдың екінші жартысы
мен -XIX ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген. Соның бірі
де бірегейі Махамбет деп түйеді. Ғалым өзінің еңбегінде: «ХІХ
ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Махамбет Өтемісовтің
1839 жылғы жазылған хаты қолжазба күйінде бүгінге шейін сақтаулы,
сондықтан оларды жазбады, барлық өлеңдерін тек қана ауызша
шығарды деуге болады бермейді»,-деп түйеді[1, 263]. Яғни, реалистік
және романтикалық дүниетанымның аражігін айқындап көрсетіп тұр
десек болады. Осы тұста өзім Қажым Жұмалиев есімін ең алғаш
студент күнімде ұстазым академик Зейнолла Қабдоловтан Махамбет
тақырыбын таңдаған кезде естіген едім. Ағайымның айтқаны-
Махамбеттанудың неігізін салған академик Қажым Жұмалиев.
Қазақ жағдайында Махамбеттің де үлкен реалистің бірі
болғандығын алға тартады, Шындықты айту Махамбетке де арзан
түспейді. Шындықты айтқандығы үшін ол сергелдеңге ұшырап
қуылды да, айдалды да, ауыр азапты да көрді, алайда қазақ
әдебиетінде Махамбет образы шынайылықтын тайған емес.
Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінде де реалистік суреттеулермен
қатар, романтизм элементтерінің кездесетіндігін алға тартады. Оның
романтизмінің негізі-шаруалар көтерілісіне келіп тіреледі. Оның
«Ұлы арман» атты өлеңін романтикалық әдістің дәл өзіне жатады:
Желп-желп
еткен ала ту,
12
Жиырып алар күн қайла?
Орама мылтық тас ұрып,
Жауға аттанар күн қайда?
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Арғымақтан туған асылды
Баптап мінер күн қайда?-дейді. Міне, бұл ғалымның Махамбет
өлеңдеріне берген бағасы. 1937 жылдары жалаң социологияның белең
алып, дәуірлеп тұрған шағында, басқаны былай қойғанда, Махамбет,
Ыбырай, Абай мұраларын қазақ әдебиетінің алтын қорына қосу мұң
болды емес пе? Міне, осы тұста Қ.Жұмалиев Махамбет мұрасын әр
қырынан зерттеп, оның ардақты есімін, асыл мұрасын азаматқа тән
батылдықпен батырдай қорғап шықты. Ғалым 1937 жылы «Исатай-
Махамбет көтерілісі және Махамбет поэзиясы» деген атпен оннан
астам мақала жариялады[2, 11].
Махамбеттану мәселелерімен қатар, жазба әдебиеттің негізін
салушы Абай Құнанбаевтың мұрасын зерттеген. 1946 жылы «Абайға
дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деген
тақырыпта
докторлық
диссертация
қорғаған
ғалым.
Докторлық
диссертациясында тілдік элементтердің қолданысын ашып көрсеткен.
Абай поэзиясындағы теориялық ұғымдарды берумен қатар, қаақ
әдеби тілін дамытудағы рөлін ерекше атап көрсетеді.
Сондай-ақ, ХІХ ғасырдың көрнекті өкілдері Шернияз
Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы, Нұржан Наушабаев, Әбубәкір
Кердері,Шортанбай Қанайұлы еңбектеріне ғылыми негіздемелер
жазды.Ғалым халық ақындарының еңбектерінде қозғалған негізгі
тақырып сол кезеңдегі саяси жағдайларға байланысты деп түйеді. Бұл
қандай саяси жағдайлар? Қазақстанның толықтай Ресейге қосылуы,
хандық биліктің жойылуы,, үстем тап өкілдерінің қарапайым халықты
басынуы тағы да басқа. Осы аталған мәселлерді көре отырып, олар өз
шығармаларына арқау етті. Әбубәкір шығармаларына қатысты:
«Зекет беріп, хажы бар,
Ораза ұстап намаз қыл
Айналмаңыз құр малға,
Дүнияға айналып.
Тәңір берген дәулеттен,
Махшар күні құр қалма».Яғни ғалым Әбубәкір өлеңдеріндегі діни
пәлсапа көбірек екендігін айтады.
Қажым Жұмалиевтің ауыз әдебиеті туралы соңғы зерттеулерінің
бірі-қырғыз халқының атақты эпосы «Манас» жайлы. Шоқан
Уалиханов пен М.Әуезовтен кейінгі қазақ әдебиетінде құнды пікір
13
айтқан ғалымдарымыдың бірі-Қ.Жұмалиев болды. Бүкіл жер жүзінде
«Манастан» үлкен зор көлемді эпопея болмағандығыын дүниежүзілік
эпостармен салыстыра отырып, дәлелдеп береді. Сонымен профессор
Қажым Жұмалиевтің қазақ эпосы, лиро-эпосы, тарихи жырлары
туралы зерттеулерін оқи отырып, мынадай ерекшеліктерді пайдалуға
болады:
1) Ғалым үнемі салыстыру әдісімен зерттейді; Соның ішінде
қазақ эпостарын басқа халықтардың эпосымен салыстыру
арқылы және әр түрлі варианттарын салыстыру арқылы
үшіншісі-тарихи
жағдаймен байланыстыру арқылы;
2) Тың пікірлерді айту арқылы зерттейді;
3) Белгілі шығарма мен басқа шығарма арасындағы өзгешілікті
тап басып, теориялық тың пікірлер айтады.
Міне, бұл ғалымның зерттеушілік қыры десек болады.
Қажым Жұмалиевпен бірнеше жыл бір кафедрада жұмыс жасап,
үлгі, өнеге алған профессор Хасен Әдібаев Қажым Жұмалиевтің
ғалымдығы туралы: «Шын ғалым ешқандай канонға сыймайды,
канонды өзі жасайды. Қажым Жұмалиев-шын ғалым. Қара ормандай
қаулап өскен қазақ әдебиеттану ғылымында терең сұлба салып кеткен
ғалым. Оның қасиеті-зейінділік, тенденция, білімдарлық. Бұл
Қ.Жұмалиевтің ғалымдығы туралы ойланып айтылған орынды пікір
екені даусыз. Қорытындылай келе, сөзімізді Қажым ағаның ойымен
өрнектесек:
Шіркін-ай жан қиярлық болса досың
Іргелес қып
достықтың тіксен қосын,
Жаһанда бар ма қызық одан артық,
Келмей ме кемеліне көңіл-қошың?
Үстіне бақытсыздық төнсе қалың,
Морт кетсе, қысылғанда қармар талың;
Сонда дос көрсетеді шын достықты,
Аямай бір сен үшін қолда барын.
Жолына ондай
достың керегінде,
Берсең де аз малға қоса, шыбын
жанын
Достарыңызбен бөлісу: