Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



Pdf көрінісі
бет8/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86
Байланысты:
Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Жұмалиев  Қ.  Қазақ  эпосы  мен  әдебиет  тарихының  мәселелері.-
Орал: «Ағартушы»,2010.-436 б. 
2.  Жұмалиев  Қ. Егеулі найза.-Алматы: «Арыс», 2003.-280 б. 
3.  Атымов М. Қажым Жұмалиев.-Алматы: «Ғылым», 1987.-160 б. 
 
 
 


14 
 
ӘОЖ 82-3 (574) 
 
ҚАЖЫМ ЖҰМАЛИЕВ ПРОЗАСЫНЫҢ  
ТАҚЫРЫПТЫҚ-ИДЕЯЛЫҚ ТҰТАСТЫҒЫ 
 
Мүтиев З.Ж. 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
 
Мұханбетова Ж.Ө. 
педагогика ғылымдарының магистрі,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ  
 
Тарих беттеріне үңіліп, өз заманының келбетін сипаттауда, қоғам 
көріністерін  суреттеуде  шабыттана  қалам  тербеген,  саналы  ғұмырын 
ғылым  мен  білімді,  әдебиетті  дамыту  жолында  сарп  еткен  талантты 
тұлғаҚажым  Жұмалиев  жазушылық  қырынан  да  танылып,  проза 
әлеміне  «Қанды  асу»  өлеңмен  жазылған  романын,  «Айқас»,  «Қайсар 
қара,  қайырымды  адам»  повестерін,  «Қос  білек»,  «Жаңа  орда», 
«Жолаушы  жыры»,  «Жорыққа  аттанғанда»  сынды  әңгімелерді  алып 
келді. 
Қажым  Жұмалиевтің  1934  жылы  латын  қарпімен  Қазақстан 
баспасында  жарық  көрген  «Қанды  асу»  романы  –  бай  мен  кедей 
арасындағы тартыс, қара арғымақ, қара күймеге мініп, сары жез киім 
киініп, жүндей түтіп кедейді зар жылатқан Мұқан сынды байлар мен 
шашы  ағарып,  қартайып  өлгенге  дейін  байлардың  құлына  айналып, 
мал бағып күн көрген кедейлердің халін жырлаған көлемді туынды.   
Жазушы  романның  кіріспе  бөлімінде  табиғат  пен  адам 
арасындағы  үнсіз  байланысты,  жазық  дала  мен  мал  баққан  малшы 
арасындағы үнсіз тілдесуді суреттейді.  
  Жасыл кілем жайнаған жазық дала, 
  Жүрегі өрт, денесі у, жаны жара. 
  Ойға шомған қапалы қоңыр белдің
  Әлдилейтін қайғысын сағым ғана. 
  Барылдауық бетеге қалың бозды, 
  Жалын ұрттап, қан құсқан сай мен сала [1, 3 б.].  
Осынау  кең  даланы  шарлай,  таң  атпастан  малмен  бірге  өріске 
шыққан,  шыбын  жаны  иненің  жасуындай  бір  рахат  көрмеген 
малшының бейнесі  көрініс табады. Қайқы кірпік, қайқы ерін, балуан 
балтыр,  төртбақтау,  орта  бойлы,  көз  жанары  өткір,  терең  ойлы  бұл 
жас бала он жасынан мойнына құлдық қамытын киген Жұман Сәлім 


15 
 
еді.  Әке-шешесі  де  Мұқанның  құлдығында  қаза  тапқан  панасыз 
жетімнің бүгінгі тірлігі – байдың қой-қозысын бағу, малын күзету.  
Сәлімнің  кескін-келбетін,  сыртқы  бейнесін  сипаттауда  жазушы 
ерекше  сөз  шоғырларын,  айшықты  тіркестерді,  келісті  теңеулерді 
қолдануға тырысады. 
  Қайыз-қайыз сыйдиған қара сирақ, 
  Жырым-жырым басында жаман тымақ. 
  Далба-дұлба үстінде шекпен күпі, 
  Жұмыр сақпан белінде, қолда ақ таяқ. 
  Ақ шаңдаққа үйкелеп сауырын төсеп, 
  Қой шетінде анау кім жатқан сұлап [1, 5 б.]. 
Күн  көрерлік  адал  малы  да,  тұрар  баспанасы  да,  жанашыр  ата-
анасы  да  жоқ  бала  жастайынан  қой  соңына  салып  қойған  өміріне 
налиды,  ішіне  жиналған  шерін,  мұң-зарын,  жүрегін  өртеген  қайғы-
қасіретін тау-тасқа, өзен-көлге ғана жайып салады. Дала мен табиғат 
та қойшы күйін сезгендей күңіренеді.  
Патшадай сән-салтанат құрған Мұқан болыстың ісі қате болса да 
дұрысқа саналуы, жан тыныштығын ғана ойлап кедейлерді жылатуы, 
есігінде жүрген жалшыларының еңбегіне он екі айда бір тоқтылы қой 
беруі –әділетсіздіктің, теңсіздіктің жарқын көріністері.   
Қайғылы  удың  толқынына  батып,  жылай-жылай  көз  жасы 
таусылған  баланың  кенеттен  көзі  ілініп  кеткен  сәттегі  көкжалдың 
қойға  шауып,  төрт  саулық  пен  бір  тоқтыны  қырып  кеткені  оқиғаны 
шиеленістіре  түседі.  Қойдың  дүрліккенін  көріп  атына  мінген 
Мұқанның інісі Әлмағамбет қаһарын төгіп, Сәлімнің жанын алмаққа 
аттанады.  
  Сұп сұр болып жауыздың қаны қашып
  Ен байлыққа елігіп жүрген тасып. 
  Бұзау тісті солқылдақ қолындағы, 
  Тұғызбай-ақ Сәлімді қалды басып. 
  Кісі жейтін төбеттей тісі ырсиды, 
  Тынатындай өлтіріп мауқын басып [1, 8 б.]  
– дей келе автор одан әрі сорлы Сәлімнің шыбын жанын сақтап қалу 
үшін  жан  ұшыра  айтқан  жалынышты  сөздерін  баяндайды. 
Қайырымсыз  жауыз  Әлмағамбеттің  құлағы  керең,  көзі  соқырланып 
қалғандай  қолындағы  алты  өрімді  жуан  қамшымен  жас  баланы 
соққының астына алуы жан түршіктіреді. Есін білместен тәлтіректей 
құлаған  баланың  мойнына  шылбыр  салып,  ат  құйрығына  байлай  қу 
тікенге  әрі-бері  сүйреуі  жауыздың  опасыз  әрекетін  танытады.  Ен 
далаға жосадай боп төгілген жетім Сәлімнің қаны мен жанының құны 
бес  саулықпен  тең  болғандығы  қынжылтады.  Бай  қорлығына  іші-


16 
 
бауыры  өртеніп,  есі  кіресілі-шығасылы  шала-жансар  күйде  жатқан 
Сәлім үйде қалған бауырларын ойлап аласұрады.  
  Байлардың күлін көкке ұшырар күнді аңсаған Сәлімнің: 
   
  Жап-жас денем болдың ба иттің асы
   
  Бес саулық па? Ер құны, ердің басы? 
   
  Ері өлсе жасырып көмер ме екен. 
  Жазық қабақ арқаның сар даласы. 
  Не болмаса көмусіз қаламын ба? 
  Моншақ-моншақ егіліп көздің жасы [1, 14 б.]  
–  деп  егіле  айтқан  зары  жан  тебірентеді.  Ен  далада  өліммен 
арпалысып  үш  күн  жатып,  бір  жұтым  суға  зар  болған  кейіпкеріне 
жазушы  табиғатты  көмекке  жібереді.  Аз  уақыт  ішінде  аспанды 
тұтастай  торлаған    қара  бұлт,  үйлердің  шаңырағын  ұшырып,  қора-
қопсының  астан-кестенін  шығарған  долы  жел,  шелектеп  құйған 
жаңбыр  әл  үстінде  жатқан  Сәлімнің  тамағын  жібітіп,  бойына  күш 
береді.  
Жылдар өте келе тән жарасы жазылған Сәлімнің бай-болыстарға 
деген  ыза-кегі  өрши  түседі.  Оған  қоса  патша  өкіметінің  19-31  жас 
аралығындағы  қазақ  жігіттерін  майданның  қара  жұмысына  шақыру 
туралы жарлығы ел ішінде наразылық тудырып, Сәлім сияқты батыл 
ерлердің  көтеріліске  шығуына  себепші  болады.  Ерлікпен  шайқасқа 
аттанған  қолды  бастаған  Сәлімнің  жауынгерлері  қару-жарақтың 
жоқтығынан,  қарсы  топтың  басымдығынан  жеңіліс  тауып,  отыз 
солдат қараңғы үйге абақтыға қамалады. Ауыл ішінде де жалғызынан, 
жарынан  тірілей  айырылып  зар  жылаған  ананың,  қара  жұмысқа 
шақырылып  амалсыздан  аттанған  жігіттердің  мұңын  түсінер,  қорған 
болар  ержүрек  ұлдардың  қамауда  отырғандығы  ауыр  тиеді.  Еш 
уайымсыз  бай  мен  билердің  қара  халық  сарсаңға  түскен  шақта 
ойларына  келгенін  жасап,  ауыл  арасында  ойран  салып,  өз 
орындарына  малайларын  жіберіп,  ішкен-жегендеріне  мәз  болып 
жүрген қалыптарын автор әсерлі суреттейді.  
  Болыс Мұқан арандай аузын ашқан, 
  Кедейлердің қасықтап қанын шашқан. 
  Қолға  түскен жасақтың талай ерін
  Жерге көміп тірілей, ағашқа асқан. 
  Ел уысында Мұқанның табанында, 
  Қан шығарар қаһарланса қара тастан [1, 22 б.]. 
Автор  елдің  нанын,  кедейдің  жанын  жеген  Мұқанды  «жегі 
құртқа»  теңейді.  Кедей  халықтың  жеріне  дейін  тартып  алып  малын 
жайлатқан  болыстың  ессіз  әрекеттері  күн  санап  өсе  береді.  Бұл 
жауыздың  жанын  алуға  бекінген,  талай  тұтқынды  темір  қапастан 


17 
 
құтқарған,  өзі  итше  күнелтіп  еліне  аман  жеткен  Сәлімнің  ендігі 
мақсаты ата-анасының, дос-жолдасының, халықтың кегін алу еді.  
«Жоқ, я өлем! Кегімді не аламын, 
Жандырамын Мұқанды не жанамын. 
Жолдасымның қаны бар әкем құны, 
Не малғызам қанға қол не маламын. 
Жұлдыз куә ант етем түн жамылып, 
Күресемін шыққанша шыбын жаным» [1, 36 б.]  
– деп бекінеді байдың қорлығына енді  шыдамасын білген батыл 
ер.  Өзі  секілді  ержүрек  жолдастарын  ертіп  Мұқан,  Әлмағамбеттерге 
қарсы  ашық  шыққан  Сәлім  қайтпас  қайсарлықтың,  бұлтартпас 
батылдықтың нәтижесінде халқына теңдік алып береді. Бай-болыстың 
халықтан күштеп алған жерлерін қайтарып, егін егіп, мал өсіріп еңбек 
етуге  жол  бастайды.  Ондаған  жыл  тер  төгудің  арқасында  совхоздың 
басшысы  болған  Сәлім  қарапайым  халықты  мал,  егін  өсіруге 
жұмылдырып,  ауылды  техникамен  қамтамасыз  етіп,  сүт  фермасын 
ашып нағыз еңбекші елге айналдырады.  
Жалпы  алғанда,  жазушының  «Қанды  асу»  романының  негізгі 
тақырыбы  –  бай-болыстар  билік  құрған  заманда  халық  қамын 
ойлаған, ел қорғаны болған ержүрек ерлердің ерлігін дәріптеу болса, 
басты  идеясы  –  жазықсыздың  аяусыз  қанын  шашып,  жанын  қиған 
жауыздардың 
сұраусыз 
қалмайтынын, 
кедейлерді 
құлына 
айналдырып,  қорлық  көрсеткендерден  ел    кегін  қайтарар  батыл 
азаматтардың  бар  екендігін  кейінгі  ұрпаққа  насихаттау  екендігі 
айқын.  
Жалынды күрескер, ел жанашырлары Махамбет пен Исатай, Үбі 
сынды  қазақтың  өр  тұлғалы  біртуар  батырларының  көркем  образы 
бейнеленген «Айқас» повесі Қажым прозасының биік шыңы десек те 
болады.  «Ұлы  айқасудың  алдында»,  «Таңба»,  «Тарлан  атты 
жолаушы», «Айқас» деп аталатын төрт бөлімнен тұратын бұл повесте 
«қара  қазан,  сары  бала  қамы  үшін»  жауға  қарсы  аттанып,  халықтың 
мұңын  мұңдап,  жоғын  жоқтап,  ұлтына,  атамекеніне  деген 
сүйіспеншілігін  ісімен  дәлелдей  білген  батырлардың  ерлік 
қимылдары  көрініс  табады.  Жазушының  бұл  туындысына  «Айқас» 
атауының  берілуі  бай  мен  кедей,  билеуші  топ  пен  еңбекші  халық 
арасындағы  тартыстарды  сипаттауынан,  елі  үшін,  туған  өлкесі  үшін 
кескілескен  ерлерінің  батыл  әрекеттерін  насихаттау  тақырыбына 
қалам тербеуінен екендігі анық.  
 «Ұлы  айқасудың  алдында»  атты  алғашқы  тарауда  хан  салығы 
дегенді  сылтау  қылып  қарапайым  ауыл  халқының  екі  еселеп  малын 
әкеткен,  қарсы  шыққандарды  аяусыз  соққыға  жыққан  Балқы  байдың 


18 
 
ессіз  қылықтары,  «дұшпанға  кеткен  ары  мен  талауға  түскен  малын» 
қайтаруға асыққан жау жүрек Үбі батырдың ерлігі сипатталады.  
Повестегі  басты  қаһарман  Үбі  батыр  –  жүрек  жұтқан  азамат,  ел 
тыныштығын  сақтауды  мақсат  еткен,  халқы  үшін  жанын  пида  етуге 
даяр  нағыз ер, Исатай мен Махамбет үшін басын беруге әзір адал дос. 
Үбі  әрбір  істі  бастар  алдында  Махамбет  ақынның  өлеңдерін  ой 
иірімінен  өткізеді,  оның  жыр  жолдарын  жанына  сусын,  өміріне 
басшылық деп біледі. Тіптен өзінің айтқысы келген ойын, көзқарасы 
мен тұжырымын одан бұрын Махамбет өлеңімен жеткізгендей әсерге 
бөленеді.  Ақын  өлеңдерін    бүкіл  жан  дүниесімен  сезіне  білетін  Үбі 
соңғы  шешімді  де  Махамбет  сөзінің  тереңіне  бойлай  отырып 
қабылдайды.  
 «Ауыл  тым  көңілсіз.  Адамдарының  түстері  қоңырқай.    Тереңде 
жатқан  ызалы  кек  бетке  шапшып,  әйел,  еркегі  тегіс  сұрланып  тұр. 
Жабылыңқы қабақтардың астындағы қара көздерден жалт  еткен ашу 
отының ұшқыны көрінеді. Ауыл адамдары бір-біріне «пәлен» деп тіл 
қатпаса  да,  «әттең»  деген  ұлы  арманның  белгісі  қай-қайсысының  да 
бетінен танылғандай» [2, 210 б.]. Ауыл жұртының көңілсіз қалпының 
басты себебі сол – Үбі батырдың жоқтығын пайдаланып, ойға келген 
істерін  қылған,  ауыл  ішіне  ойран  салып,  малдарын  тартып  алған 
Балқы  би  мен  оның  есерсоқ  адамдарының  адамдықтан  жұрдай 
ақылсыз  әрекетке  баруы  еді.  Малдан  бұрын  ар-намысын  алдыңғы 
орынға қоятын Айса, Үбі сынды халық жанашырларын опасыздардың 
тал  түсте  ауыл  ішіне  ойран  сала  ат  ойнатып,  қамшы  үйіргендері 
қынжылтады.  
Үбінің қарасы көрінген сәттен бастап-ақ көңілдеріне жылу ұялай 
бастаған  халықтың  жабулы  қабақтары  ашылып,  жадырай  түсуі 
батырдың сөзі мен ісіне деген сенімділіктерін танытады. Айсаның да 
болған  жағдайдың  ащы  тұсын  жасырып,  бүкпелеп  жеткізуі  Үбі 
батырдың ашумен әрекет жасауының алдын алғандығы еді. Балқының 
айтқаны  келіп,  атқаны  тиіп  тұрған  заман  екендігін,  үзеңгіміз  тең 
келетін  күн  туғасын  ғана  әрекет  жасауға  боларын  айтқан  Айсаның 
даналығы  тағы  бір  мәрте  байқалады.  Алайда  ауылды  шаптырып 
қойып,  Исатай  мен  Махамбеттің  бетіне  қарағанша,  өлгеніміздің  не 
өлтіргеніміздің  артықтығын  айтқан  Үбінің  соңғы  сөзіне  ешкім 
қарсылық танытпайды.  
Исатай, Махамбетімен бірге келсе де Үбіге малды бере алмастай 
нық сеніммен көңілді келе жатқан Балқы бастаған он-он бес салықшы 
өз істеріне разы еді. Айдауға түскен малдардың аңырап, боздаған ащы 
дауыстары  ауылда  қалған  иелерінің,  жетім  бала,  жесір  әйелдің,  кәрі 
шалдың ауыр халдерінен де хабар бергендей болады. Жас ботасынан 


19 
 
ажырап  қалған  сары  інген  ашына  күңіренген  кезде,  Балқы  секілді 
жауыздардың  қылығына лағынет  айтып,  зар мен  қайғының,  мұң мен 
әлсіздіктің торына шырмалғандай күйде болады.  
Зілді  үнімен  «таста  малды»  деп  ақырған  Үбі  батырдың  көкті 
жарып  жіберердей  зор  дауысы  Балқыны  әп  сәтте  бездіріп  жібереді. 
Қарсы  алдынан  шыққан  салықшыларды  кезектесе  жер  құштырған 
батыр, айдаудан босаған малдарын алдына салып, ауылына қарай жол 
тартады.  
Осы  шығармасы  арқылы  Қажым  қазақ  ұлтының  қай  кезеңде  де 
жаудан  қорғап,  бейбітшілігін  сақтауға  адал  қызмет  еткен 
батырларының болғандығын айғақтайды. Балқы сияқты бас пайдасын 
ғана  ойлайтын  арамтамақтардың  билігі  көпке  бармайтынын, 
қарапайым халықты қанағандар жазаға ұшырайтынын анық жеткізеді.  
«Таңба» атты екінші бөлімде тәніне таңба басылса да, арына дақ 
түсірмес  бас  кейіпкер  Үбі  батырдың  Нарын  өзенінің  бойында 
орналасқан түрменің тұтқынына айналып,  қараңғы  қапастағы азапты 
күндерді  бастан  кешу  жайы  баяндалады.  Дар  ағашының  қақ 
ортасында  тұрып,  қыл  арқан  мойнына  түссе  де,  шыбықпен  жон 
терісін тірілей сылып жатса  да, қақ  маңдайына мың ине шаншылған 
штамппен  таңба  салып,  жараның  орнына  улы  дәрі  сепсе  де  «ыңқ» 
еткен  дыбыс  шығармастан  көкжал  бөрідей  көзін  алға  тігіп, 
дұшпанына  ызалы  кейіппен  тістене  түскен  батырдың  төзімділігі 
таңдай қақтырады.  
Генс,  Нұралыханов,  Бұж  қара  сынды  жауыздардың  аяусыз 
көрсеткен қорлықтарына төзе білген Үбі батыр Махамбет пен Исатай 
турасында қойылған сұрақтардың ешбіріне жауап қатпайды.  
Үбінің: «Хан баласы, қадама тіліңді. Мен өлімнен қорықпаймын. 
Менің  жаным  сендердің  жаныңдай  тәтті  емес.  Мен  өлгенмен  ел 
өлмес,  бір  әйел  мендей  ұл  табар.  Қан  құмар  ақ  сүйек,  іш  қанымды. 
Керек  болса,  ...  пісіріп  же»  [2,  231  б.]  –  деп  өктем  үнмен  тіл  қатуы, 
батырдың өн бойында қорқыныш сезімінің мүлдем жоқтығына, туған 
елі  үшін,  қазақ  жұрты  үшін,  шынайы  достық  үшін  жанын  өлімге 
қиюға  даяр  екендігіне  айқын  дәлел  бола  алады.  Шығармада 
суреттелген  аянышты  көріністер,  Үбіні  азапқа  салған  аяусыз 
әрекеттер,  оқырманның  жан-дүниесін  түршіктіріп,  тұла  бойын 
шіміркендірері сөзсіз.  
«Тарлан  атты  жолаушы»  бөлімінде  Бекетай  құмынан  шығып, 
Мың төбе жаққа қарай бағыт алған жолаушы Махамбет батырдың өр 
тұлғасы,  кескін-келбеті,  жауынгерлік  іс-қимылы  сипатталады. 
Жолаушының Тарлан атына деген махаббаты ішкі жан толғанысынан-
ақ  көрінеді.  Махамбет  ақынның  портретін  сомдауда  жазушы  ерекше 


20 
 
шабыттанып, 
келісті 
теңеулер 
мен 
шұрайлы 
тіркестерін 
қолданғандығы  байқалады.  «Жолаушы  кеудесі  шалқақтау  келген, 
жауырынды,  қайың  қаптал.  Жеке  тұрғанда  өрескел  онша  ірі 
көрінбейді.  Бұл  оның  бойына  сай  денесінің  де  барлығын 
аңғартқандай.  Ат  жақты,  ашаң  жүзіне  сәл  дөңестеу  келген  қырлы 
мұрынды  әдейі  қондырғандай.  Мойылдай  қара  мұрт  пен  шоқша 
сақалы  да  өткір  жүзінің  бір  айбары  тәрізді.  Қоңырлау  жүзіндегі 
жаққан шырақтай, оты шығып тұрған қара көзі асқан қайрат, жігерді 
аңғартса, көздің үстіндегі қалыңдау келген жар қабақ, маңдайдағы қос 
қыртыс  – ерлік, қайтпайтындықтан хабар бергендей» [2, 238 б.]. Бұл 
суреттеуден-ақ  аруақты  ердің  сойына  тән,  нағыз  ер-азаматтың 
болмысын аңғаруға болады. Батырлықты, тапқырлықты, шешендікті, 
өжеттікті,  ерлікті,  батылдықты,  қайсарлықты,  шыншылдықты  бір 
басына  жия  білген  Махамбет  батырдың  бар  болмыс-бітімі  осы 
тараудан анық көрінеді. Жолаушы кезіккен сан түрлі оқиғалар, оның 
балалармен  сәбише  әңгімелесіп,  ерлікке,  мергендікке  баулуы  оның 
үлкен  жүрегінің  нәрестедей  таза,  сүттей  ақ,  асылдай  кіршіксіз, 
жалындай ыстықтығын байқатады.  
«Айқас» атты соңғы бөлімде халықты күштеп бағындырып, елге 
сес көрсетіп, батырларын қолға түсіруді ойлаған Қарауыл хан мен бес 
жүз  адамына  қарсы  оқша  атылған  Исатай,  Махамбет,  Тәни,  Төлеген 
батырлардың  жойқын  күресі,  халықты  сабырлыққа,  ел  қорғауға 
шақырған  рухты  сөздері,  соғыс  даласындағы  жанкешті  айқасы 
суреттеледі.  Жасақ  санының  дұшпандардан  кем  екенін  білсе  де, 
жүрегіне  сенген  Махамбеттің  күрес  барысындағы  түрлі  амал-
айлалары,  әдіс-тәсілдері,  Исатай  бастаған  топтың  жан  берісе  күресуі 
оларды  жеңіс  туын  көкке  көтеруге  алып  келеді.  Жортқан 
жолбарыстай  қос  батыр  қатар  ұмтылғанда,  жүрегінде  түгі  бар 
дұшпанның  өзі  қарсы  шығуға  бата  алмасы  анық.  Махамбеттің 
мергендігі мен найзагерлігіне тәнті жау әскерлері онымен найзаласып 
кескілеспек  түгілі,  он  кісіні  жалғыз  жаныштап  кететіндей 
мықтылығын  жыр  ғып  айтады.  Қарауыл  ханның  өзі  қалың  жасағына 
Исатай  мен  Махамбетті  тамыры  тереңге  жайылған  алып  терекке 
теңеп,  түбімен  қопарсаңдар  ғана  ханның  алғысына  бөленетіндерін 
ескертеді.  Алайда  ақ  білектің  күшімен,  ақ  найзаның  ұшымен 
«ағатайлап»  ұрандатқан  Исатай  мен  Махамбет  тобы  жеңіс  тұғырына 
тағы бір мәрте көтеріледі.  
Жазушы  қазақ  ұлтының  намысын  көкке  көтеріп,  ел-жұртын 
қорғап, бейбітшілік пен бірлікті ту қып ұстаған Махамбет пен Исатай 
секілді батырлардың ерлік істерін кейінгі ұрпаққа дәріптеуді идея ғып 


21 
 
көтерсе,  Қажымның  «Айқас»  атты  туындысы  сол  мақсатты  толық 
орындап шыққандай.  
Қажымның  әдебиетшілігімен,  ғалымдығымен  қоса  ақындық  әрі 
жазушылық  қыры  да  сөз  етілген  Х.  Ишановтың  «Қырдағы  күрес»    
(Қ. Жұмалиевтің осы жинағы туралы) [3], М. Қаратаевтың «Ученый и 
поэт  (О  Джумалиеве  К.)»  [4],  С.  Қирабаевтың  «Қажым  туралы  сөз.  
(Қ.  Жұмалиевтің  творчествосы  жайлы)»[5]  мақалаларында  оның 
шығармашылық мұраларына, бірқатар әңгімелеріне талдау жасалады.  
Қазақ  халқының  айбынын  асқақтатып,  ұлттық  болмысымыз  бен 
рухани құндылықтарымызды дәріптеген, білім мен ғылым жолын тең 
ұстап,  даналығыментанылған  Қажым  Жұмалиев  мұралары  қай 
кезеңде де дараланып тұрары сөзсіз.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет