3
АЛҒЫ СӨЗ
Серғалиев Н.Х.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінің ректоры, биология
ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор
Қайырлы күн, конференцияға қатысушылар, құрметті
қонақтар, оқытушылар және студенттер!
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында
өткізіліп отырған «Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану
ғылымының өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-
тәжірибелік конференцияға қош келдіңіздер!
Ақжайық өңірі қашан да даналар мен таланттарға кенде
емес. Тек осы өлкеге ғана емес, барша қазақ жұртының
мақтанышына
айналып,
құрметіне
бөленген
тарихи
тұлғаларымыздың бірі, киелі Қаратөбе топырағында дүниеге
келген
ақын,
прозаик,
драматург,
қазақ
әдебиеттану
ғылымындағы тұңғыш доктор, профессор, академик – Қажым
Жұмалиев.
Қажым Жұмалиев 1932 жылы Қазақ педагогикалық
институтын тәмамдаған бойда, қазақтың Халық ағарту
министрлігі
Орал
қаласында
жаңадан
ашылған
Орал
педагогикалық институтының Қазақ тілі мен әдебиеті
кафедрасына оқытушы етіп жібереді, ол – кафедраның алғашқы
меңгерушісі. 1932-1937 жылдар аралығында қазақ әдебиетінің
тарихы мен әдебиет теориясынан, ауыз әдебиетінен дәріс оқып,
ұстаздық еткен Қажым Жұмалиев – көп қырлы тұлға.
Күні кеше Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты
мақаласы жарияланған болатын. «Тарихи сананы жаңғыртуда»
«Ұлы даланың ұлы есімдеріне» арнайы тоқталуының өзі ұлы
тұлғалар есімдерін ұлықтау мен жас ұрпаққа насихаттау
мақсатын көздеп отырғаны сөзсіз.
Ұлттық әдебиеттану ғылымында өзіндік орны бар айтулы
ғалым Қажым Жұмалиевтің ғылыми мұрасын зерттеу мен
зерделеу,
тұлғалар
мұрасын
ұлықтау
мақсатында