Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет5/86
Дата31.12.2021
өлшемі1,65 Mb.
#23655
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
Қажым Жұмалиев және қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

елдерде  сөз  өнері  негізгі  құрал  екендігі.  Ондай  елдің  ауыз  әдебиеті- 
сан алуан сипаттарды  өз бойына сыйғызады.  
Халық  өмірге    көзқарасын  да,  жастарға  тәлім-тәрбие  беру 
мәселесін де, ел басынан өткен тарихи жайттарды да, діни намым-
сенімдерін  де  сөз  арқылы  көпшілікке  жеткізеді.  Сондықтан,  сөз 
өнерін  дамыту,  оның  мазмұнымен  қатар  түр  көркемдігіне  ерекше 
көңіл  бөлу  жай  машақтанудан  туған  нәрсе  емес,  өмір  тілегінен 
туған нәрсе» ˗ дейді [1]. 
Қажым Жұмалиев батырлар жырының ішінен «Қобыланды», «Ер 
Тарғын»,  «Қамбар»,  «Алпамыс»  жырларын  алып,  оларға  идеялық 
және  көркемді  жағынан  талдаулар  жасайды.  Қазақ  батырлар 
жырының көбіне  оқиға «басты қаһарманның  айналасында болады да, 
басқалар  сол  негізгі  қаһармандардың  ерлігін,  патриоттығын  немесе 
басқа  психологиялық  жақтарын  толықтыру  үшін,  кейде  поэтикалық 



 
контраст  ретінде  көрсетіледі»  [2]  ˗  дей  келіп,  осыған  орай зерттеуші 
қазақтың батырлар жырына   тәне екінші  бір ерекшелігін  айтады. Ол 
қай  жырдың  идеясын  алсаңыз  да  негізінде  ел  тілегі,  ел  қорғау 
мәселесінің  жататындығы  Ғалым  сонымен  бірге    қазақ  эпостарында 
кездесетін  бақташылық,  аңшылыық  мотивтерін  де˗  қазақтың 
батырлар жырына тән ерекшелік деп біледі.  
Профессор  Қажым  Жұмалиевтің    қазақ  эпосы,  лиро  эпосы, 
тарихи жырлары туралы зерттеулерінде көбіне көп салыстыру  әдісін 
қолданады.  Ол  әдіс  ғалым  зерттеген  «Ер  Тарғын»,  «Қамбар», 
«Алпамыс»,  «Қобыланды»  батыр  жырларынан  да,  «Қозы-Көрпеш  ˗ 
Баян  сұлу»,  «Айман˗  Шолпан»,  «Қыз  Жібек»  сияқты  лиро-эпостық 
жырларынан  да,  Ы.Шөрековтің  «Исатай˗Махамбет»  поэмасын 
талдауларынан да, айқын көруге болады. Ол бұл әдісті пайдаланғанда, 
мәселен,  эпостарды  өзге  ел  эпостарымен  салыстыру,  бір  вариантын  
екінші  вариантымен  салыстыра  қарау,  сол  дәуірдегі  тарихи 
уақиғалармен  байланыстыра  зерттеп  тапқырлық  көрсетеді.  Сонымен 
бірге  білімдар    ғалым  өзінен  бұрын  айтылып  кеткен  пікірлерді  көп 
қайталамай үнемі тың пікірлер, соны көзқарастар айтуға ұмтылуы, әр 
эпостық  шығарманың  тек  өзіне  тән  ерекшелігін  тамыршыдай  тап 
басып айтуымен де таң қалдырады. 
Филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Дербісалин: 
 «Қ.Жұмалиевтің  ұзақ  жылдар  жемісті  еңбек  еткен  саласы  ˗ 
қазақ  әдебиетінің  ХVІІІ-ХІХ  ғасырлардағы  тарихы.  Бұрын  жазу 
мәдениеті  онша  өріс  алмаған  жерде  әдебиеттің  өзі  туралы  да, 
әсіресе оның тарихы туралы жаңадан ғылыми жүйелі ой айту қиын 
міндет.  Сол  қиындығына  қарамастан  әдебиетті  зерттеуші 
ғалымдарымыз  әдебиет  тарихының  бір  жарым  ғасырлық  жүйелі 
тарихын  жасады.  Бұл  жүйе  ғылымда  бүгінге  дейін  өзінің  мәні  мен 
маңызын  сақтап  келеді.  Мұнда  Қ.Жұмалиевтің  еңбегі  өзгеше 
салмақты»  [3]  ˗  деп  жазды.  Шындығында  да,  Ғалым  Бұқар  жырау 
Қалқаманұлы    мен  жауынгер  ақын  Махамбет  шығармашылығынан 
бастап  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  өмір  сүрген  Шәңгерей  Бөкеевке 
дейінгі ақындар творчествосына терең талдау жасаған. Әсіресе, оның 
тарихи  әдебиеттегі  бағыттар  туралы  пікірлері  құнды  болды.  Осы 
кезеңдегі  демократиялық    бағыт  пен  феодалдық  салт-сананыы 
қолдаушылық  бағыттың  болғанын  нақты  мысалдар  келтіре  отырып, 
ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді. 
Қ.Жұмалиев  қазақ  әдебиетінде  Махамбеттану  ілімінің  негізін 
қалады.  Шаруалар  көтерілісінің  жалынды  жаршысы  Махамбет 
Өтемісұлының  шығармашылығын  ұзақ  жылдар  бойысарыла  зерттеп, 
артына  өлмес  мұра  қалдырды.  Жауынгер  ақын  жырлары  туралы 



 
отызыншы  жылдардың  аяқ  кезінде  «Қазақ  әдебиеті»,  «Әдебиет 
майданы»,газет-журналдарында  дүркін-дүркін  мақалалар  жариялап, 
кейін үлкен ғылыми еңбекке ұластырды. Ол Махамбет творчествосын 
сол кездегі тарихи жағдайлармен тығыз бірлікте қараған. Махамбет өз 
кезінің  ұлы  реалист  ақыны  еді.  Профессор  Қажым  Жұмалиев    ақын 
шығармашылығандағы  осы  реалистікті  әдейі  бір  проблема  етіп 
қойып, оны ақын шығармаларынан мысалдар келтіре отырып ғылыми 
негіздеді. 
Ол  1946  жылы  «Абайға  дейінгі  қазақ  поэзиясы  және  Абай 
поэзиясының тілі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 
Бұл  қазақ  әдебиеттану  ғылымында  қорғалған  тұңғыш  докторлық 
диссертация  болатын.  Бұл  еңбекті  орыстың  белгілі  ғалымдары 
Н.К.Дмитриев:  «Қ.Жұмалиев  алған  тақырыптың  ғылымдық  мәні  өте 
зор.  Абай  қазақ  әдебиетіндегі  ең  ірі  тұлға,  ол  туралы  жазылған  сын, 
мақалалар  да  көп,  бірақ  Абай  творчествосын  бұл  сықылды  әр 
жағынан  алып,  тап  осы  көлемде  әлі  ешкім  зерттеген  емес»  [3]  ˗  деп 
жазды. Бұл еңбегінде тілдің қазақ өміріндегі алатын орны мен мәніне  
тоқтала  келіп,  Абайға  дейінгі  қазақ  поэзиясының    тіліне  талдау 
жасайды. Абайдың  қазақ әдеби тілін дамытудағы еңбегі де зерттеуші 
назарынан тыс қалмайды. 
Академик  Қ.Жұмалиевтің  қазақ  әдебиетінің  тарихын  жасауда 
араласпаған  саласы  кемде-кем.  «Қазақ  әдебиеті  тарихының»  үш 
томдығының  (алты  кітап)  қайсысында  болмасын  ғұламаның  
қолтаңбасы,  салған  ізі  сайрап  жатыр.  Әр  кітаптағы  шолу  бөлімдерін 
былай  қойғанда,  «Бұқар  жырау  Қалқаманұлы»,  «Махамбет 
Өтемісұлы»,  «Шернияз  Жарылқасұлы»,  «Алмажан  Азаматқызы», 
«Ығылман  Шөреков»,  «Тайыр  Жароков»  тарауларын  да  жазған 
Қ.Жұмалиев. 
Оның  Қазақстанда  әдебиеттану  ғылымының  дамуына  сіңірген 
еңбегі  ұшан-теңіз.  Ол  тұңғыш  рет  «Әдебиет  теориясынан»  оқулық 
жазды.  Бұл  оқулығы  алаш  алыптары  аласталған  заманда,  ұзақ  уақыт 
халқымыздың  рухани  сұранысын  толтырып  тұрды.  Бұл  еңбек  те 
қайта-қайта басылым  көріп, 1960 жылы толықтырылған нұсқасыкүні 
бүгінге  дейін  орта  мектептің  жоғары  кластары  үшін  тұрақты  оқу 
құралы  ретінде  пайдалануда.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымының  теория 
саласында  талқыға  түспей  келе  жатқан  тың  проблемалар  көптеп 
кездеседі.    Соның  бірі  ˗    жазушының  жеке  стилі  жайлы  мәселе.  Бұл 
мәселеге  академик  Қ.Жұмалиев  «Стиль˗  өнер  ерекшелігі»  атты  жаңа 
еңбегін  арнап,  қазақ  әдебиетінің  теориясын  белгілі  бір  белеске 
көтеріп  тастады.  Еңбекте  С.Сейфуллин,  Б.Майлин,  І.Жансүгіров, 
С.Мұқанов,  Т.Жароков,  С.Камалов,  Ә.Сәрсенбаев,  Д.Әбілов  сияқты 



 
ақын-жазушылардың  өздеріне  тән  жазу  ерекшеліктері  кеңінен  сөз 
болды.  Сонымен  қатар  ғалым  болашақ  зерттелуге  тиісті 
проблемаларды  анық  көрсетіп,  кейінгі  кезде  жастардың  бұл 
мәселелерді батыл қолға алып, зерттей бастағандығын да айтады. 
Қ.Жұмалиев  60-жылдарғы  әдебиеттану  ғылымына  оқулықтар 
арқылы  да  үлес  қосқан.    Сондай  еңбектің  бірі  ˗  жоғары  оқу 
орындарына арналған «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» атты 
оқулығы.  Ғалым  бұл  жұмысында  көрсетілген  кезеңде  ғұмыр  кешкен 
ақындар 
шығармашылығын 
танып-білуде 
бұрын 
жіберілген 
қателіктерді  ашып  айтып,  ауыз  әдебиеті  мен  жазба  әдебиеті 
арасындағы байланысты айрықша сөз етеді. 
Қ  Жұмалиев  Қазақ  әдебиетінде  тұтас  мектеп  қалыптастырған 
ғалым.  Оның  алғашқы  шәкірттері  С.Қирабаев,  З.Қабдоловтардың  өзі 
бір-бір  әдеби  мектептің  көш  басында  тұр.    Академик  Қ.Жұмалиев 
әдеби  мектебінің  шәкірттері  қазақ  әдебиетінің    ХVІІІ-ХІХ 
ғасырлардағы  өкілдерінің  шығармашылығынтереңдете  зерттей 
бастады.  Бұқар  жырау  Қалқаманұлы,  Махамбет,  Шернияз,  Дулат, 
Шортанбай,  Мұрат,  Біржан,  Алмажан,  Шәңгерей,  Ақан  сері,  Абай, 
Ыбырай,  Шоқан,  Ақылбай,  Мағауия тәрізді ақын-жырауларымыздың 
жыр-толғаулары халық санасына рух болып құйылды. Ауыз әдебиеті, 
әдебиет тарихы, әдебиет сыны, әдебиет теориясы салалары бойынша 
өзі ұсынған идеяларды  жүзеге асыратын шәкірттері көптеп саналады.  
С.Қирабаев, З.Қабдолов, М.Мырзахметов, Б.Наурызбаев, Ф.Оразбаев, 
М.Атымов, М.Тілеужанов, З.Жұмағалиев, С.Құспанов, З.Серікқалиев, 
А.Сүлейменов  сияқты  ғалым-сыншылар  тікелей  Қажыекеңнің 
мектебінен өткен дарындар.  Олардың ғылыми ізденістерінің  жемісті 
болуы тікелей ықпал еткен ұстаз әсерінен болса керек. Қ.Жұмалиевтің 
басшылығымен  32  адам  ғылым  кандидаты,  8  адам  ғылым  докторы 
дәрежесін алыпты. 
 Академик  С.Қирабаев:  «Сонымен  қатар  ол  ғылым  докторлары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет