10
қайтпас қайсарлығын, биік адамгершілігін сақтап қала алды. Қара
ормандай қаулап өскен қазақ әдебиеттану ғылымында терең сұлба
салып кеткен өшпес ізі сайрап жатыр бұл күнде.
Қазақтың әдебиеттану ғылымының майталманы Қажым
Жұмалиев Өз ұлтының рухани байлығын игеру жолында еткен ерен
еңбегі арқылы, халқының өшпес сүйіспеншілігіне бөленді. Өзі ту
ұстаушысы болған қазақ әдебиеттану ғылымы асудан соң асуларды
алып, шыңға шырқап барады. Оның алғы сапында Қажыақаңның
қордалы ойлары мен ғибратты істері, жаққан ілім-білім нұры әрқашан
жарқырап, сара бағытпен жол көрсетіп тұрары хақ.
Достарыңызбен бөлісу: