«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты


ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ



Pdf көрінісі
бет56/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ 
СИПАТТАМАЛАРЫ 
 
Жарылгасова П.Е, Исембай А., 
Педагогика кафедрасының аға оқытушысы,- Ақтау қ., Қазақстан 
«Педгогика және психология» тобының 3-курс студенті, Ш. Есенов атындағы Каспий 
технологиялар және инжиниринг университеті, -Ақтау қ., Қазақстан 
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы 
білім беру ісі бүгінгі күн талабы. Қазақстанның дамуына білім мен ғылымның әсер етуі 
үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алуға, оқу-
әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда бүгінгі таңда мұғалімге 
білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. 
Жүсіпбек аймауытов: “Сабақ беру үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол-жаңадан 
жаңаны табатын өнер” деген екен. Сондықтан қазіргі педагогика жаңалықтарын пән 
ерекшелігіне қарай қолдана білу-оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы. Осы жолда 
педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. 
Оқытудың жаңа технологиясы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі 
ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту 
технологиясынан ерекшелігі мынада: 
Оқушының интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары 
мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы; 
Оқушы мен мұғалімнің белсенділігінің сайма-сай болуы; 
Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі. 
Оқытудың дамыту функциясы оқушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы 
дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістерде жүзеге 
асырылады. Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды 
жатқызуға болады. Олар: “Дамыта оқыту технологиясы”, “Модульдік оқыту 
технологиясы”, “Биоинформатика және синергетика технологиясы”, “Сын тұрғысынан 
ойлауды дамыту технологиясы ” т.б. 
Жобалап оқыту технологиясы 
Бүгінгі күнде педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми 
қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр. Теориялық тұрғыдан алып 
қарағанда, педагогикалық технология педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады, 
оның мәні, құрылымы айқындалады; педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі 
саласындағы(дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның 
ғылыми негіздері оқып үйреніледі; педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы 
мен теориясы зерттеледі, педагогикалық технология теориясының негіздері ашып 
көрсетіледі (1). 
Оқу әрекетінің тиімділігін арттыру үшін оқушыны білім алу процесіндегі белсенді 
әрекет ететін субьектіге айналдыру керек деген идеялар көтерілгелі көп болды. Осындай 
идеялардан туындаған технологиялардың бірі – жобалап оқыту технологиясы. 


172 
Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей өзінің “Жобалау әдісі” 
атты кітабында (Бельц қаласы, Германия, 1977 ж.) жобалау әдісі туралы былай түсіндіреді: 
Оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар 
бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс. 
Жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі. 
Оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге 
пайдаланады. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді. 
Оқушылар ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, 
ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) 
меңгереді. Оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды. 
Жобаны зерттеуді кластан тыс сабақтарда өткізген тиімді болады. Жобалау әдісі – 
оқушылардың зерттеу жұмыстары әдісі болып табылады. 
Жобаны орындау мынадай кезеңдерден тұрады: 
І –кезең. Жобалық тапсырманы, тақырыбын құрастыру. Жобаның тақырыбын жіктеп 
бөліп, оларды оқушылар арасында бөлу 
ІІ –кезең. Шығармашылық топтар құру, топтағы оқушылар өзара үйлесімді жұмыс 
істеуі үшін олармен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу 
ІІІ –кезең. Зерттеу жұмысына материалдар дайындау. Жауап берілуі тиіс сұрақтарды 
тұжырымдау, командаларға тапсырмалар, қажетті әдебиеттерді таңдау. 
ІҮ –кезең. Оқушылардың жобаны орындауы. Мұғалім оқушылар жұмысын 
үйлестіреді, кеңес береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады. Оқушылар іздеу, тану 
жұмыстарын орындайды. 
Ү –кезең. Нәтижелерді шығару, нәтижелерге нақтылы жағдайға сәйкес ішінара 
түзетулер жасау. 
ҮІ –кезең. Жұмыстар қортындысымен жұртшылықты таныстыру (презентация). 
Мұғалім экспертизалық жұмысты ұйымдастырады. Мысалы эксперт ретінде жоғары сынып 
оқушыларын немесе ата-аналарды шақыруға болады. 
ҮІІ –кезең. Орындалған жұмысты талдау, бағалау (рефлексия). Мұғалім балалардың 
іс-әрекетін педагогикалық тұрғыда бағалайды, балалардың ынтасын ескереді. 
Бұл технологияда жобаға оқушылардың қызығушылығын туғызу басты қиындық 
болып табылады. Сондықтан жобаның маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек 
болады. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы (Ф.Я.Вассерман) 
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен 
жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. 
Стил, Куртис С Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С. Выготский 
теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты — барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, 
екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. 
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның 
неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра 
алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен 
қарау деп түсіндіреді авторлар. 
Сын тұрғысынан ойлау — сынау емес, шыңдалған ойлау тек ересек адамдарға, 
жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың 
да бұл жұмыстың дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы 
шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы 
қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. 
1.Қызығушылықты ояту кезеңі-үйрену процесі бұрынғы білетін жаңа білімді 
ұйымдастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін 
жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған 
мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы 


173 
ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы (ойды қозғау) әсер ету жүзеге 
асырылады. Қызығушылықты ояту кезеңінің мақсаты — үйренушінің белсенділігін 
арттыру. Өйткені үйрену енжарлықтан көрі белсенділіктен талап ететін іс-әрекет екені 
даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында 
талқылайды, яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. 
Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте ойлауға қадам басуға бастайды. Оқушы бұл 
кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат оны байырғы біліммен ұштастырады. 
2. Мағынаны тану кезеңі(түсіне білу) — бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен 
танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен 
жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша 
жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. 
3. Ой толғаныс кезеңі – күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын 
ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру, назардан тыс қалып жатады. Одан 
көрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп алады. 
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, 
маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, 
салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді 
түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына 
көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, 
тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, 
“Венн диаграмасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта” сияқты стратегиялар әр сабақтың 
ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады, олар оқушылардың бір-
бірімен ой алмастыруын түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын 
көрсете алады. 
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің ролі ол үйрену процесінде 
оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын 
көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім (Үйрену) 
ісін ұйымдастырушы деуге болады. 
Оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі кезеңде қолданылып жүрген оқытудың жаңа 
технологияларының теориялық негіздері ашылып, оларды пайдаланудың жолдары 
көрсетілді. Жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерімен, міндеттерімен, 
мақсаттарымен таныстырып, олардың мән-мағынасын ашып, олармен пайдалана білуге 
үйретеді. 
Сондай-ақ оқу құралы жаңаша ойлауына, ізденіске түрткі болып, олардың 
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Жаңа педагогикалық технологиялар 
әлі түбегейлі зерттеуді қажет ететіндіктен, жалғасы болуға тиісті. Демек, қазіргі уақытта 
біліктілікті арттыру үрдісіне пәнішілік тар шеңбердегі әдістемелік көмек деп қарап, онда 
репродуктивті амал әрекетпен шектелу ағаттық болар еді. Білім көтеру – адамның жан 
жүйесін, ішкі құрылымдарын жаңа деңгейге көтеретін психологиялық үрдіс. Ол 
тыңдаушының тұлға ретінде дамуына әсер етіп, болмысының өзгеруіне әкелуі, ақырында 
сол адамның қоғамдық тәжірибеге үлес қосумен аяқталуы тиіс. Бұл орайда біз біліктілікті 
арттыру жүйесінде жоғарыда тоқталып кеткен дамытушы орта жасауды шығармашылаққа 
қол жеткізудің шарттарының бірі деп есептейміз. 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Суртаева Н. Н. Педагогика. педагогические технологии. Учебное пособие для 
СПО. М.: Юрайт, 2019. 250 с. 
2.
Бабаев С.Б. Жалпы педагогика [Мәтін]: оқулық / Бабаев С.Б., Ж.К. Оңалбаев; 
пікір жазғ.: Қ. Ералин, І.Сманов.- Алматы: NURPRESS, 2013.- 228 б. 
3.
Педагогика.С.В.Рослякова,Т.Г.Пташко,Н.А.Соколова.уч.-М.:Юрайт.2022-
219 с. 


174 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет