Қазақ және ағылшын тілдеріндегі этикет формаларын ерекшеліктері, Казгу 2014 57 мазмұны кіріспе



бет27/36
Дата07.01.2022
өлшемі161,08 Kb.
#19460
түріДиплом
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
«Жоғары шық, төрлет, балам, – деп кемпір киіз үйдің есігін көтерді» [Б. Дәулетбаев].

«– Ә, Ғалия, жоғарылат» [А. Шамкенов].



«– Сізді биге шақыруға бола ма?» [С. Шаймерденов] деген құрылым өтініш жасау, рұхсат сұрау мағынасымен қатар тілдің волюнтативтік қызметін де атқарып тұр. Аталған тілдік бірліктерді қолдану арқылы тыңдаушының қимыл-қозғалысына да ықпал етуге болады.

Қазақ және ағылшын сөз этикетінде ойды астарлап, тұспалдап жеткізудің өзіндік амал-тәсілдері өте көп. Бұл әр халықтың ұстаған салт-дәстүрімен, мәдениетімен және сыпайылық сақтаудың өзіндік ерешеліктерімен тығыз байлынысты. Сөйлеу актілері сөйлеуші мақсатының ашық және жасырын түрде берілуіне қарай тура және жанама сөйлеу актілері болып бөлінетіні белгілі. Бұндай сөйлесім түрлері, әдетте, сыпайылықпен байланысты. Сыпайылық категориясын тыңдаушыларға ғана қатысты түсінуге болмайды. Сыпайылық сөйлеушінің, ең бірінші өзіне қатысты. Адамның білімі, мәдениет деңгейі, қызмет дәрежесі, өзіне, өз әрекетіне баға беруге, өзін сыйлай білуге, өзге де әрекет түрлерін сол түсінік ұғымдарға иек арта отырып жүзеге асыруға итереді. Адам, белгілі бір қарым-қатынасқа түсуші адам, сөйлеу жағдайына, өз мақсатына қарай тіл бірліктерін таңдайды. Бірақ бұл процесс оның өз санасында қалыптасқан «өзіне берілетін баға» тұрғысынан іріктеліп, «сүзгіден» өтеді. Қазақ халқында коммуниканттар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасқан өзіндік қағидаларының бірі – тыңдаушыға құрметпен қарау, сыпайы, сыйластық қарым-қатынасты сақтай отырып тіл қату болса, тағы бірі – ойды тікелей емес, жанамалап, сыпайылап жеткізу. Ойды сыпайылап, астарлап жеткізудің тілде қалыптасқан дайын формулалары да, сөз ситуациясына орай қолданылатын түрлері де бар. Мысалы, коммуниканттар арасындағы қарым-қатынастың соңына қарай, қоштасар алдында көп жағдайда қоштасуға дайындық кезеңі болады. Қарым-қатынасты шұғыл үзбес үшін және кету, қоштасу қимыл-қозғалысының жасалуына ықпал ету үшін әдетте Уақыт болып қалыпты-ау, Уақытыңызды алмайын, Амал жоқ, қайтатын уақыт та болып қалды деген сияқты тілдік бірліктер қолданылады. Қазақ тілінде амандық-саулықтан кейін, кей кезде қоштасар алдында қолданылатын Бұйымтайыңыз бар ма? Бұйымтайыңызды айта отырыңыз этикеттері де тілдің конативтік, волюнтативтік қызметтерін атқарады. Бұл этикеттер үйге келген қонақтың я болмаса жолаушының қандай мақсатпен, не шаруамен келгендігін мәдениетті түрде сұрау үшін қолданылады. Яғни, сыпайылық таныту, сыйлау және ойын айтуға ықпал ету қызметтерін қатар атқарады. Не жұмыспен келгеніңді айт немесе Не сұрайын деп отырсың? дегеннен гөрі мәдениетті қарым-қатынас жасаудың бір көрінісі болып табылады.

Өтініш білдіру де сыпайылықтың бір көрінісі. Өтініштің түпкі мақсаты тыңдаушыға белгілі бір іс қимылды орындату болғандықтан, өтініш білдіру мақсатында қолданылатын тілдік бірліктер де тілдің, сөз этикетінің түрлі қызметтерімен қатар волюнтативтік қызметін де атқарады. Сөз этикетінің волюнтативтік қызметі түрлі мазмұндағы этикет бірліктерден көріне отырып, олардың басқа қызметтерімен параллельді түрде жүзеге асырылады.

Қазақ тілінде уайымдай бермеңіз, уайым жемеңіз, сабыр етіңіз, сабыр сақтаңыз, сәл сабыр сақтаңыз, қапа болмаңыз, қайғыра бермеңіз, шыдаңыз, аяғы жақсы болады, бәрі орнына келеді, ойлай бермеңіз, есіңізден шығарыңыз сияқты стандартқа айналған құрылымдар көбінесе тыңдаушыны жұбату, тыныштандыру мақсатында айтылады. Мысалы,



«– Кешіккен екенмін деп қапа болма. Майданнан келгендер үшін жеңілдік бар. – деді» [С. Шаймерденов].

«– Өйтіп еңсеңді түсірме, Нәке. Батыр – елдің серкесі емес пе еді! Сенің салың суға кетсе, мына біздің күніміз не болады? Үміт үзуге әлі ерте. Аспан асты кең, құдайға шүкір...» [Қ. Жұмаділов].

«– Сабыр етіңіз, ақсақал. Ештеңе етпес, – деді торы атты кісі» [Қ. Жұмаділов].

Ал, амал қанша, амал нешік, мұндайда шыдам (сабыр, төзім) керек, болған іске болаттай берік болыңыз сияқты стандарт құрылымдар болған сәтсіздікті мойындау, оған сабыр шақыру, төзу керек деген мақсатта айтылады.

Сәтсіздікті елеусіздеу етіп көрсету үшін тыңдаушыға қарата көбінесе қам жемеңіз, түк те етпейді, оқасы жоқ, мұндай нәрсе (қиындықтар) бола береді, осы да сөз болып па деген сияқты этикеттік стандарт құрылымдар айтылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет