Қазақ тілі Әдістемелік нұсқау



бет149/171
Дата21.04.2023
өлшемі364,14 Kb.
#85252
түріБағдарламасы
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   171

ҰОҚ барысы


    1. Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбер

Жоғары қараймыз, Шаңырақты көреміз. Төмен қараймыз, Жерді көреміз.
Оңға бұрылып, солға бұрылып, Егеменді елді көреміз.
Ғажайып сәт. Қонаққа қуыршақтар – Сәуле мен Арман келеді.
– Сәлеметсіздер ме?!
Өткен «Оқушыға не керек?» тақырыпты қайталау. Қима материалмен жұмыс. Дидактикалық ойын: «Сенде не?» Балалар әр дұрыс жауап үшін фишкадан алады, ойын соңында фишкалар саналып, жеңімпаз анықталады.
    1. Негізгі кезең


Сөздік ойын: «Сұрақ-жауап»

  • Біздін Отанымыз қалай аталады?

  • Біздін Отанымыз - Қазақстан Республикасы

  • Қай қалада (ауылда) тұрасың? (Қаласының, ауылының атын айтады).

  • Отанымыздың бас қаласын ата?

  • Отанымыздың бас қаласы – Нұр-Сұлтан.

Өлкеміздің табиғаты бейнеленген «Жайлау» суретімен жұмыс. Жаңа сөздермен таныстыру.

  • Мынау – жайлау. Мынау не?

  • Мынау – жайлау.

  • Жайлауда таза ауа.

  • Жайлауда ауа қандай?

– Жайлауда таза ауа.
– Мынау – таулар. Жайлауда таулар бар.
– Жайлауда нелер бар?
«Жайлауда таулар бар» сөйлемін жеке, хормен айтып жаттығады.
– Жайлауда таулар биік. Жайлауда таулар қандай?
– Жайлауда таулар биік.
– Жайлауда өзен бар. Мынау – өзен. Жайлауда не бар?
– Жайлауда өзен бар.
– Өзен суы таза. Өзен суы қандай?
Өзен суы таза
– Мынау – киіз үй. Мынау не?
– Мынау – киіз үй.
– Жайлауда киіз үй бар. Жайлауда не бар?
– Жайлауда киіз үй бар.
– Жайлауда үй жануарлары жайылады. Жайлауда үй жануарлары не істейді?
– Жайлауда үй жануарлары жайылады.
– Үй жануарлары шөп жейді. Үй жануарлары не жейді?
– Үй жануарлары шөп жейді.
Балалар жаңа сөздерді және сөйлемдерді қайталайды.
Педагог шағын мәтін құрап айтады: Жайлауда салқын. Таза ауа. Жайлауда шөп көп.
Жайлауда үй жануарлары жайылады. Олар шөп жейді. Жайлауда таулар, өзен, киіз үй бар.

    1. бала мәтінді қайталайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет