Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет44/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Білімді ізгілендіру ұстанымының негізгі мақсаттарының бірі – адам бойындағы, образ-бейнесіндегі әдемілік әлемін сезіне білуге тәрбиелеу. Білімді ізгілендірудің екінші сатысы – оқушыға деген ерекше сүйіспеншілік, құрмет. Оқу барысында балаға сенім артып, оның жеке басының қасиеттерін ескеруге қол жеткізу. Рухани бірлікте болу – мұғалімнің шебер көрсеткіші, әрі нәтижелі жұмысы.
Үшінші сатысы - әділеттік пен адалдық. Абай «Ұстаздық жолдағы басты парыз - әділеттілік пен адалдық» деген болатын. Егер оған ақау түссе, бұл белгілі ортаға ғана кінәрат келтірумен шектелмейді, бүкіл қоғамға көлеңке түсіреді. Кімде-кімнің әділеті жоқ болса - оның ұяты жоқ. Ұят – адамның сезімдік тебіренісі, адамшылық өлшемі.
Оқытудың ғылыми ұстанымы – оқушыларға әдеби-ғылыми білім берудің тиімді жолдарын үйрететін оқытудың дидактикалық заңдылықтары.
Оқытудың ғылыми ұстанымының мақсаты - әдебиетті ғылыми бейімділікте оқытудың жүйелі әдістерін жасау, әдеби білім берудің әр түрлі теориялық, практикалық аспектілеріне дәйекті зерттеулер жүргізу. Мектепте әдебиетті оқытудың ғылыми негіздері: әдебиет теориясы, әдебиет тану ғылымы, әдебиет тарихы.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Қазіргі педагоика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. «Педагогикалық технология дегеніміз – оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлыжағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің бүге-шүгесіне дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі»(В.М.Монахов).
Жаңа технологиялардың маңызды жақтарының бірі – педагогикалық ынтымақтастық, сол арқылы жеке оқушының дамуын, басқа да ерекшеліктерін жақсы білу.
Оқу-тәрбие үрдісінде қолданылып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар мыналар: дамыта отырып оқыту әдістемесі(Л.Занков, Д.Эльконин, В.Давыдов, В.Репин, В.Левин); оза отырып оқыту(С.Лысенкова); іс-әрекетті бағалау(Ш.Амонашвили, И.Волков); тірек және тірек конспектілері арқылы оқыту(В.Шаталов); саралап оқыту; шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы;
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда «ойталқы», «ойға шабуыл» ( «идеялар көзі», «сыншылар» мен «сарапшылардың» қатысуымен шешім жасаудың қалыпты түрлеріне қарама-қарсы, жаңа дара идеяларды табуды көздейтін) сияқты тәсілдерді қолдану арқылы оқушының ойлау және сөйлесім әрекетінің белсенділігін арттыратын проблемалық оқыту әдістері мен сын тұрғысынан ойлауды дамыту тәсілдері де қазақ әдебиетін оқытуда тиімді деп табылады. Сонымен қатар, ақпараттық- компьютерлік технологиялар:бейнероликтерді, интернет материалдарын, мультимедиялық құралдарды, оқыту бағдарламаларын және т.б. қолдану ұсынылады.
Қазақстанда Ж.А.Караевтың, Ә.Жүнісбектің, М.М.Жанпейісованың және т.б. оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет